Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Әй, мына жақта дүние қирап жатқанда, ол малды жау шабады дей ме-ей, а?! Бар, шақырып кел, тез! Осыдан бірдеңе көрем демесе, жетсін тез!

Атқарушы шалға ілесіп мен де кете бермекші едім, Байдалы шал қайыра тоқтатты.

− Әй, мә, енді мыналарды оқы,- деп алдындағы қағаздарды шетінен бере бастады. Әр түрлі арыздар еді: әскер семьясы ретінде азық-түлік жәрдем сұраған, отын сұраған, шөп сұраған құлағалы тұрған үйіне тіреу қоюға бөрене сұраған. Байдалы болса әр арыздан кейін: «Жә, оттапты», «былшылдапты», «сандалмасын», «өй, шіркін-ай, бөренені мен қайдан тауып береді дейді-ей, дәл мен бір қарағайдың ортасында жүргендей»,- деп, арыз иесі дәл алдында тұрғандай бірде кекеп-мұқап ауызша жауап қайырып отырды да:

− Жә, енді мына қағаздарды оқышы,- деп алдында жатқан басқа парақтарды ұсынды. Бұлар бүкір шатауат Бектілеу мен Бектай есепші берген мәлімет қағаздар мен актілер екен: ауырып өлген, көтеремнен өлген малдар туралы, қайсының қалай өлгені, қай жерде өлгені жазылған. Байдалы шал бұл актілерді жазған адамдарды да бір-бір сыбап боқтап алады: «Өй, жаның шыққыр, өтірікті көйітуін»,- дейді, екіншісіне: «Е, жарайды, көрерміз»,- дей салады, енді біріне: «Мұны анықтау керек шығар»,- деп қояды.

Ауыз бөлменің есігі сықыр етіп ашылып, біреу тарс-тұрс басып кеп ішкі бөлмеге басын сұққан. Байдалы шал маған тоқтай тұр дегендей қолын сілтеді де, есік жаққа ежірейе қалды. Әлгі адам сол басын сұққан күйде бізге қызықтағандай қарап есік көзінде тұрып алды, екі көзі жылт-жылт ойнақшып, қос танауы таңқиған, жалбыраған қияқ мұртты қайыстай қатқан қара кісі — кәдімгі анау кездегі Байдалы шалдың үйінің отынын бұтайтын Тұржан. Әлден соң бас жоқ, аяқ жоқ: «А-а-а-а…» деп шақылдай күлген, бүкіл аузы ұрадай боп үңірейіп, көмейіне дейін қара қошқылданып түгел көрінді.

− Паһ, паһ, баяғының болысы да бүйтіп отырған жоқ шығар! ГІаһ, паһ, отырысыңнан айналайын, Байағам! — деді ернін сылпылдатып.- Аруақ!.. Аруақ!.. Жарықтық, Шорағұл бабамыздың аруағы қолдаған екен де!..- Енді сәл болса жылап жіберердей күйде тұр.-Құлдық еттім!.. Құлдық еттім!..- деп басын еңкейтіп табалдырыққа тигізді. Тек сонан кейін ғана:

− Кіруге рұқсат па, Байаға? — деген.

− Кір,- деді Байдалы шал.

Осыдан кейін ғана есіктен кірген Тұржан:

− Ассалаумәлейкө-ө-м! — деп, сәлем беріп қаудырлаған сары тонының делдиген етегімен жолындағы орындықтарды қаға-маға қос қолын созып төрге ұмтылды.

− Әликісалам!

Қол алыса тұрып ұрадай аузын ашып тағы да таңқылдай күлді.

− А-а-а-а…- дейді тісі жоқ болғандықтан түкірігін шашырата тұрып.- Уай, колхоз бастыққа баса-көктемей, естіп рұқсат сұрап кіру керек қой! Солай ма, Байаға, а-а-а-а…- деп үп-үлкен басымен кейбір шолжаң балаларша бет-аузын қисаңдатып еркелегендей, ырбаң-ырбаң етіп. езуін жия алар емес, әйтеу өзінен-өзі мәз-мейрам біреу.- «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді ғой Байаға, алдиярым, міне, алдыңа кеп тағы да басымды нем… а-а-а-а…

− Қашан келдің? — деп сұраған Байдалы шал.

− Келген бетім осы. Үйге соқпай, әуелі кеңсеге бұрылып, алатаудай боп төрде отырғаныңызды көргім келді. Ризамын аруаққа!

− Ал отыр,- деді Байдалы шал оған деген риза көңілін жасыра алмай.- Иә, үй ішің аман ба? Келіннің халі жақсы ма? — деп дәл әнеугүнгідей амандық сұрастыра бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий