Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Бағынбаймын… Жарайды, Көбеген ақсақ болсын, мен тойтық болайын, ал енді анау отырған Бектайды лайық емес деп кім айтар екен. Қолы хат таниды, жазуы да жақсы, шаруа жайын да Байдалыдан артық білмесе, кем білмейді.

− Дұрыс, дұрыс! Сол Бектай болсын да бригадир! — дескен құптаған дауыстар әр тұстан естілген.

Шолақ қол өкіл cay қолымен столды тағы да қойып қалды.

− Тоқтатыңдар тәртіпсіздікті! — Онан соң көзі шатынай тұрып көпшілікке төне қарады да: -Бастықтарыңыз бұл баланы емес, Зибашты атап тұр ғой, кәне, кім соған қарсы, тұрсыншы орындарынан?! — деді.

Қыдырман тойтықтан өзге ешкім тұрған жоқ.

− Әй, тойтық неме! — деді осы шыдай алмай кеткен Байдалы шал.- Әй, осы жұрттың шырқын бұзбасаң отыра алмайсың ба-ей, сен ит, а?! Қойсаңшы енді! Мына жұртқа қырсығың тиеді ғой. Өкіл жолдаспен салғыласып нең бар-ей, а?!

− Өкіл болса қайтейін. Мен одан қорқады дейсің бе?! Мен кейбіреулер сияқты бай-құлақтың құйыршығы боп көрген емеспін, сондықтан құдайыңнан да қорықпаймын.

Әрине, «кейбіреулер» деп тұрғаны Байдалы шалды айтқаны. Үлкендер жағы Байдалы шалға ренжігендерінде, ылғи да өстіп оның бір байдың атшысы болғанын еске алып, бетіне басатын. Қыдырман да сонысын мегзеп тұр.

Мұнан әрі Қыдырман тойтықпен сөз таластырып жеңе алмайтынын білген Байдалы шал:

− Жарайды, қыңыр адам бір жақ, қырық адам бір жақ демекші, сенің сөзің өтпейді. Ал басқа кімнің қарсылығы бар? — деген.

Шолақ қол өкілден ығып қалған жұрт үндеген жоқ.

− Ал, жолдастар, онда көпшілік жиналыстың қолдауымен Зибаш біргәдір боп сайланды,-деді Байдалы шал сөздің тоқ етерін айтып.- Енді келесі мәселеге — зайымға жазылу мәселесіне көшеміз…- дей берген, осы кезде өкіл оған бірдеңе деп күңк ете түсті.- А! Иә, айтпақшы, ұмытып барады екем,- деді сасып қалған Байдалы шал.- Жолдастар, Зибаш мына жерге шығып отыруы керек. Зибаш! Әлгі Зибаш қайда? Кәне, бері кел, мына біздің қатарымызға кеп отыр. Кел, кел! Ұялатын дәнеңе жоқ, еркек көрмей жүрсің бе?!.- деп сөзінің соңын бәдік қалжыңына айналдырып, жұртты бір күлдіріп алған.

Алдыңғы жақта шетте отырған Зибаш ұялшақтай басып сахнаға көтерілді. Ұялшақтығы сонша, жерден басын көтерместен аяғы-аяғына шалынысып, жығылып қала жаздады. Үстіне бар жақсысын киіп әдеміленіп келгені енді белгілі болды, бригадир сайланатынын білген екен ғой. Байдалы шал мен Бектайдың ортасына барып отырған. Екі беті өрттей боп қызарып, көзін көтермейді. Дәл осы сәтте көпшіліктің орта тұсынан бір әйел даусы:

− Әй, жаман қар, ақыр отырған соң тұп-тура анау өкілдің қасына отырмайсың ба?! — деген самбырлай жазғырып.

Жұрт тағы да ду күлді. Әлтаев жолдас қабағы түксиіп әлгі жаққа жалт қарады.

− Әй, жолдастар, қалжақ сөзді қойсаңдаршы,- деді Байдалы шал қипақтап.

− Қап, мына қатынның Қыдырманды жер ғып кеткені-ай! — деген бізден ілгерірек тұрған Татубай сиыршы күңкілдеп.

− Шынында да, тойтыққа обал болды,- деді екінші біреу.

− Е, біраз күн сусындады ғой, жетер,- деді үшінші біреу.

− Қыдырман тойтықтың қызығы осымен бітті.

− Өзі Зибаш болсын да, тойтыққа байланып қалсын.

− Бәсе десеңші!..

− Әй, мына шолақ өкілің де мүттәйім екен, бұғалықты қыл сағақтан салды ғой.

− Е, қолында билігі болса керек еді…

Біздің алдыңғы жағымызда тұрған үлкендер осылайша қақпақылдасып, күңкілдесе бастаған.

− Әй, арт жақта тұрғандар, тынышталыңдар! — деді Байдалы шал.

Мұнан әрі заемға жазылу жүргізілді де, біздер — балалар үшін қызықсыз көрінген соң, сыртқа шығып ойынға кірістік. Барлығымыздың тамсана сөз қылғанымыз Қыдырман тойтық. Әне, ешкімнен қорықпайды деп соны айт. Тіпті әуелі өкіліңнің өзімен тайталасты ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий