Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Қанат, мен құр қалдым ғой,- деген кластағы ең кішкене бала Көпен жүгіріп кеп. Амал жоқ, соңғы бауырсақты соған ұстата бердім. Сөйтіп, бір қалта бауырсақтан өзім ауыз да тие алмадым. Оның есесіне Санат сияқты кластағы балалардың алдында менің де шоқтығым бір өсіп қалды.

* * *

Түстен кейін ертеңгі үйге берілген тапсырманы орындап сабақ оқып отырғам, сырттан кірген әжем:

− Әй, Қанат, шық, әне, Қыдырман шөбіңді әкелді, түсірісіп жібер,- деді.

Тонымды иығыма іле сап атып сыртқа шықсам, Қыдырман шананың үстінде тұрып ортадан аз тиелген шөптен қораның төбесіне қарай лақтыруға кірісіпті. Мені көріп:

− Жоғарыға шық, тез түсіріп алайық,- деді.

Мен қораның арт жағындағы күнделікті өзім шығып жүрген басқышпен төбеге көтеріліп, Қыдырман әперген шөпті іліп ап, кейін тартып жаймалай бастағам.

− Әй, иттің балалары, тоқтаңдар, кәне! — деп ақыра боқтаған Байдалы шалдың даусы селк еткізді.

Кеңседен шыққан беті болу керек, торы жорғасын борбайлата қамшылап құйындата шауып келеді екен. Жетпіс жеті атамыздан бері қарай сыбап келеді.

− Иттің ғана балалары, тапайдың тал түсінде колхоздың шөбін ұрлап… Құртам екеуіңді де… Түрмеде шірітем!..

Ағып келген бойда дойыр қамшысымен жеткенше сілтеп шана үстінде бейқам тұрған Қыдырманды салып-салып жіберген. Қыдырман шөпке шаншып тұрған ашасын суырып ап өзіне қарай ұмтылғанда ғана, атының басын кілт бұрып, кейін тайқыды. Бірақ боқтауын тоқтатар емес, бүкіл ауылға естіртіп азан-қазан боп тұр. Әуелде «иттің балалары» деп екеумізді қоса қабаттап боқтаудан бастаған, енді аша ала ұмтылған соң Қыдырманның жеке өзіне ауысты: «ұры» дейді, «қаскүнем» дейді, «пәшіссің» дейді, «колхоздың жауы» дейді, тақпаған айдары қалып жатқан жоқ, «ертең айдатам», «түрмеде шірітем», «тұқым-тұғияныңмен тұздай құртам» — деп, зәре-құтты алатын сөздерді және қосақтайды. Әлден уақытта Байдалы шалдың соңын ала кеңседен шыққан беттері екеуі екі атқа мінген шолақ қол өкіл мен Зибаш та жетті. Екеуі бар жайды анадайдан-ақ көріп, біліп келеді. Әсіресе басқа білмесе де бұл шөптің жайын Зибаш жақсы білетіні анық. Сондықтан Байдалы шал алғаш ақырып аттандай жеткенде, зәрем ұшып кеткенмен, Зибашты көріп ес жиғандай болдым.

− Бұл біздің өзіміздің меншікті шөбіміз, жазда Нәзира әпкем екеуміз шалғымен шауып жинағанбыз, нанбасыңыз, әне, Зибаштан сұраңыз,- дедім төбеде тұрып айқайлап.

− Мен саған көрсетем өз шөбіңді, иттің күшігі, кәне, осыдан түсші бері! — деп, Байдалы шал атымен қораның төбесіне шығып кетердей емініп қойып қамшысын сілтей ақырды.

− Рас айтады, бұл Қанат пен Нәзираның өздері шапқан шөбі, мына Зибаш та біледі ғой,-деп енді Қыдырман да соны арқалана сөйлеген.

Зибаш шолақ қол өкіл екеуі қатарласа кеп тоқтаған, қазір бірдеңе дейтін шығар, шындықты айтып ара түсетін шығар деп Қыдырман да, мен де енді соған жалтақтай қарағанбыз. Зибаш қабағын шытынып томсырайған күйде шанадағы шөпке, одан сендерді қайда көрдім дегендей, әуелі Қыдырманға, одан қораның төбесінде тұрған маған бажырая бір-бір қарағаны болмаса, не дұрыс деп, не бұрыс деп бір ауыз сөз айтпастан сызданып, үнсіз тұрды да қойды.

− Айтсаңшы! — деген Қыдырман оған шаншыла қарап.

− Зибаш тәте-ау, әнеугүні шөпке бірге барғанымызда, мен өзім бастап апарып, Нәзира әпкем екеуміз жазда жиған бір шошақ шөбімізден жарты шана тиеп әкеліп едік қой. Мынау сол шөп емес пе? — дедім.

Зибаш үндеген жоқ, тіпті жұмған аузын ашқан жоқ. Біздің сөзімізді естімеген адамдай сол безерген күйі атын тебініп қалды да, жүріп кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий