Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Бір жолға осы да жетеді,- деді жарты шанадан аздау шөпті үстінен жаймалай тұрып.-Ендігісін тағы бір келгенімде жеткізіп берем. Әйтпесе әлгі Байдалы қақпас көріп қалса, колхоздың малы ашығып жатқанда, жеке меншіктің шөбін тартып жүрсің деп пәле қылады.

Онысы да рас, басқаны білмесек те Байдалыны білеміз ғой.

− Мақұл.

Мұнан соң әлгінде Зибашты шанасымен қалдырып кеткен маяға қайтып келдік. Қыдырманның біз қайтып оралғанша дем ала тұр дегеніне қарамастан, Зибаш өз шанасына әжептәуір шөп тиеп қойыпты.

− Түу, жаңа айтып ем ғой дем алсаңшы деп,- деген Қыдырман оған ұрса сөйлеп.

− Қойшы, босқадан босқа қалай отырмақпын,- деді Зибаш күліп.

Қыдырман енді маяның үстіне шығып, жердегі шаналарға жоғарыдан жойқын күшпен шөптен қопара аударып тиеуге кірісті. Біз Зибаш екеуміз екі шананың үстінде тұрып, ол аударып тастаған шөпті жаймалап үлгере алар емеспіз.

− Шамаларың жетпесе онша қиналмаңдар. Артынан мен өзім жаймалаймын ғой,- деп қояды Қыдырман. Онан Зибашқа арнайы: — Сен онша. зорланбасаңшы, дем алсаңшы,-дейді.

− Зорланып тұрған жоқпын,- дейді Зибаш ерке үнмен.- Құрғақ шөп жеңіл ғой.

Біраз қимылдап тершігендікі болу керек, Зибаш өрттей боп қызарып тіпті әдемі боп кетті, күлкі ойнаған көзі жалт-жұлт етіп, сөйлеген, езу тартқан кездерде аппақ тістері жарқырай көрінеді.

Бір кезде Зибаш шөп түсіп кеткен болу керек, көзін уқалап тұрып қалған.

− Не болды? — деді маяның үстіндегі Қыдырман тойтық елең етіп.

− Көзіме…

Ойпыр-ай, ертегі-аңыздардағы «Жолбарыстай атылып» деген осындай-ақ болар, сонау маяның үстінде тұрған Қыдырман қас-қағым сәтте бір-ақ орғып, Зибаштың алдына кеп дік ете түсті ғой, тіпті аяғының тойтық екенін ұмытып кеткен.

− Тұра тұр!.. Қолыңды тигізбе…- деп есі кете епелектей тұрып, Зибаштың көзіне түскен шөпті тілімен жалап шығарды.

− Түу, көзің қызарып кетті ғой. Міне, көзіңе түскен мынау қылтанақ,- деді тілінің ұшымен алған шөпті көрсетіп.

− Тікенше қадалып еді, тікен бе өзі, немене?

− Тікен сияқты… Әлі ауырып тұр ма?

− Қойды,- деді Зибаш қызара жасаураған көзін жыпылықтата тұрып. Онан соң Қыдырманға еркелегендей күле қарады: — Осының бәрін қайдан білесің?

− Нені?

− Көзге түскен шөпті тіліңмен жалап шығарғанды.

− Е, білем ғой,- деп Қыдырман да күліп, теріс айналып кетті.

− Құдай-ау, осыны да көп көрер ме екенсің,- деген Зибаш әлі де көзінен сорғалаған жасын тыя алмай тұрып.

Маяға өрмелеп бара жатқан Қыдырман кейін қарай жалт бұрылды.

− Саған осындай сөзді айтпашы деп талай ескерттім ғой,- деді.

− Сенен де айрылып қалам ба деп қорқам.

− Қорықпа,- деді Қыдырман көңілдене сөйлеп.- Ол жағынан қорықпа. Айрылып қалам деп емес, осы тойтықтан құтыла алмаймын-ау деп қорық. Солай ма, Қанат! — деп маған қарап көзін қысып қойды.- Әйел деген осы да. Қит етсе көз жастары дайын тұрады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий