Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біз өзімізді көтеретін, бірақ ат омбылап жүре алмайтын қатқақ қардың үстіне шығып алғанбыз, енді оған қуса да ұстатпайтынымызды білеміз. Сондықтан тайсақтамай оның әр қимылын қалт жіберместен қадағалап қарап тұрмыз.

− Әй, қорықпаңдар дедім ғой. Кәне, қайсысың хатты жақсы оқисың? Мен бір қағаз оқытып алайын деп едім,- деді ақыры өзінің бізге ісі түсіп тұрғанын білдіріп. Біз, балалар, ішіміздегі хатты ең жақсы оқитынымыз деп атын атамасақ та Санатқа қарағанбыз. Ол әлгінде қаша жөнелгенімізде, жерге түсіп қалған бір оғының торы жорғаның тағалы тұяғының астында быт-шыт боп сынғанын көріп, түршігіп тұрған.

− Мен үйге қайтам, мал суғаруым керек,- деді күңкілдеп.

− Әне, біздің үйдегі апаларың бауырсақ пісіріп жатыр, қағаз оқып бергеніңе бір қалта бауырсақ бергізем,- деді Байдалы шал үй жағын нұсқап. Мұржасынан түтіні будақтап тұр екен. Біздің мұрнымызға майға піскен ыстық бауырсақтың иісі жеткендей болды.

− Ата, мен оқиыншы,- деді Әбілтай жұлып алғандай жұлқына тілек білдіріп. Байдалы шал оның сөзін естімегендей Санатқа қарайлаған.

− Жоқ, мен үйге қайтам, мал суғаруым керек,- деді Санат кейін қарай бұрылып.

− Жүр онда, сен оқып бер,- деді Байдалы шал енді амалсыз Әбілтайға қарап.- Бауырсаққа бір тоясың.

Қуаныш кеткен Әбілтай Байдалы шалдың соңынан ілесе түсіп барып, қалған үшеумізге жалт бұрылды да, тастап кете алмай:

− Ата, мына балалар да жүрсінші,- деді өтініп.

− Мейілдері, жүрсе жүрсін.

Байдалы шал торы жорғасымен алға түсіп, біз төрт бала садақтарымызды мойнымызға асынып, оның соңынан ілесіп шалдың үйіне қарай жүрдік.

− Бауырсақ бермек түгілі, өзімізді сабап-сабап жібермесе неғылсын,- деді Отто сыбырлап.

− Сабап жынды ма, біздің еш жазығымыз жоқ қой,- деді Петька.

− Сабамайтын шығар, солай ма, Қанат? — дейді Әбілтай да қорқақтаңқырап.

− Кім білсін,- деймін мен иығымды қиқаң еткізіп. Шынында да, кім білсін, соңғы кезде Байдалы шалдың мінезін адам түсінетіндей болып жүр ме.

Есігінің алдына жетіп Байдалы шал атынан түскен кезде, отын бұтап жүрген біз танымайтын бір бейтаныс адам:

− Ассаламағалейкөм-өм, Байаға! — деп қарсы алған.

− Әликісалам. Әй, Тұржанбысың?!

− Иә.

− Қайдан жүрсің?

− Ауылдан. Сіздерді сағынып кеттім де, амандықтарыңызды біліп қайтайын деп келдім.

− Е, жөн екен оның, қонақ боп кеп, отын бұтап жүргенің қалай енді?!

− Ой, Байаға, сіздің үйдің отынын бұтамағанда кімнің отынын бұтаймын. Өзімсініп жүргенім ғой, а-а-а…- деп мәз бола күлді Тұржан.

Бұл — кішірек көзі жылт-жылт еткен, адамға тура қараған кезде қос танауы таңқиып тұратын, ұртының үстінен жалбырап тұрған сұйық шалғы мұрты бар, ұзын бойлы, қайыстай қатқан қара кісі еді. Алдыңғы тістері жоқ екен, сөйлеген, күлген кездерінде кішкентай бет әлпетінің қақ жарымын алып тұрған дүрдік ерінді жайын аузы ұрадай боп үңірейіп, көмейіне дейін қара қошқылданып түгел көрінеді.

− Иә, үй ішің аман ба? Келіннің халі жақсы ма? — деген Байдалы шал амандық сұрай тұрып.

− Аман ғой, оларды ит жей ме, а-а-а-а…- деп Тұржан ұрадай аузын ашып тағы күлді. Жағыну үшін болу керек, сөзінің соңын: «а-а-а…» деп дарақы күлкімен аяқтайды екен. Әйтеу, қалай болған күнде де бір суқансыз адам екені бірден көрініп тұрды.

− Осы сенің балаңның аты кім еді?

− Сапыбек қой.

− Иә, ол қазір қай класта?

− Соғыс басталар жылы үшіншіні бітірген, онан кейін оқымай қойды, күшік. Жалғыз ұл болған соң тым ерке.

− Хат тануы қалай өзінің?

− Былай таниды ғой енді. Оқи алады.

− Хат тануы дұрыс болса, соны менің қолыма берші, өзім тәрбиелейін. Әйтпесе осында әр боқмұрынға жалынып ит болдым,- деді біздерге қарап қойып.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий