Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Жә, ойлағанмен түк шықпайды. Бәлкім, солардың жылап-сықтап қалғандарын көргеннен де көрмей аттанғаның Да дұрыс шығар,- деді әпкем оны жұбата сөйлеп.- Мен, міне, көңілім айран-асыр боп аттанғалы отырмын. Мен кеткен соң мыналардың күні не болады. Мына Қанатқа қарап қалғандары ғой.

Осыны айтып көзіне жас алды, апама ұқсаған ақ сұр өңі дір-дір етіп, енді сәл болса еңіреп жылап жіберуге шақ отыр. Әжем мен кішкене балалар жаққа жалтақтап қарап қояды.

− Елге аман-сау қайтып ораламыз ба, жоқ па? Қайтсақ қашан қайтамыз, кім біледі?!

− Сендер азат етілген қалаларға бара жатырсыңдар ғой,- деген Үміт.

− Азат етілгенмен, соғыс болып өткен жердің тірлігі қайбір жетіскен тірлік дейсің,- деді Гүлсара көңіліндегі күдігі ішіне сыймағандай.- Жарылмай қалған миналар, бомбалар көп болады екен, көмусіз қалған өліктерден тазартуымыз керек екен.

− Жоқ пәлені айтпай қойыңдаршы,- Деген Үміт көзі шарасынан шыға үрейленіп.

− Рас, бізге ескертіп айтты…

Осы тұста Нәзира әпкемнің көзі бағанадан өздерінің әңгімелерін сырттай үнсіз тыңдап отырған маған түсіп кетті де:

− Жә, сен де адамның зәресін ұшыратын не болса соны айтпай, жөні түзу әңгіме айтсаңшы,- деп, ымдай сөйлеп, Гүлсараны тыйып тастады.- Әдейі мына Үмітті қорқыту үшін айтып отырсың-ау, ә,- деді сөзінің соңын әзілге сая жуып-шайып. Сәл абдырап қалған Гүлсара әуелі әпкеме, одан маған қарады да, лезде өңіне күлкі үйіріп:

− Иә-да,- деді әзілдей сөйлеп.- Әйтпесе Үміт бізбен бірге кетем деп отыр емес пе.

Осылайша үш қыз бір ауық көздеріне жас алып мұңайып, бір ауық әзілдесе күліп ұзақ таңды көздерімен атырды. Өзіміздің үйдің, көрші-көлемдердің әтештері әуелі таңның атқанын хабарлап, бірін-бірі ұйқыдан оятқандай кезектесе әдеппен шақыра бастады да, біраздан кейін ұйқыларынан әбден оянып, тамақтарын қырына кенеп, нәшіне келтіріп алғандай болған соң,- ал енді қайсымыздың дауысымыз ащырақ шығар екен деп, жарысқандай азан-қазан боп шуылдасып кетті. Осы кезде кешегі уәдесі бойынша МТС-қа ерте жүріп, әпкемдерді сағат тоғыздан қалдырмай жеткізіп салмақ болған почташы Мақым шал да шанасымен есік алдына кеп тоқтаған. Әпкем, Гүлсара екеуі тез киіне бастады. Әжем де оянып, дастарқан жайып,- оң сапар тілеп, бата жасады. Әпкемді маңдайынан сүйе тұрып қоштасты, көзіне жас алғаны болмаса, дауыс шығарып жылаған жоқ.

− Маңдайыңа бір жазғаны бар шығар, жыламайын,- деді.

Әжем жыламаған соң, басқаларымыз да көздеріміз жасаурап тұрып қоштастық.

* * *

Жексенбі күні ертеңгісін бір топ бала: Санат, Петька, Отто, Әбілтай және де, ортамызда бізден сәл ересектеу Фрицы бар, ескі клубтың іргесіне жиналып ап, садақ жасауға кіріскенбіз. Бұл биыл қыстағы біраздан бері қызыға ойнайтын ойынымыз боп жүр. Қайыңнан, ырғайдан, талдан садақ иеміз, оған қамыстан жебе дайындап, ұшына қаңылтырдан жасалған үшкір оқ кигіземіз. Садақты кере тартып атқан кезіңде, ауылдың бір шетінен екінші шетіне дейін жетеді және тиген затын тесіп кетеді. Клубтың қалың тақтай есігін атқан кезіңде, кірш етіп қадала түседі. Міне, осы садағымызбен сауысқан, қарға-құзғын атамыз. Өйткені биыл қыс қарға-құзғын, сауысқан дегендер мүлде көбейіп кетті, жыртылып айырылады. Ауыл төңірегіндегі арам өлген, қасқыр тартқан малдардың өлекселерін жайлаған қарға-құзғындар ертеден кешке дейін дар-дар етісіп есіріктеніп азан-қазан шуылдасады да жатады, ал онсыз да ыңыршақтары шығып титықтап жүрген өгіздер мен жауыр аттардың қыр арқаларына қонақтап ап, жануарлардың жараларының қанын сорғалата шоқып, ес таптырмай шықылықтайтын сауысқандар мүлде басынып алған, шақ-шақ етіп шақылдағандары Байдалы шалдан бір кем емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий