Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Мені де ала кетші, Нәзира. Мен де бірге кетейінші,- дейді әпкемнің мойнына қиыла асылып. Үмітке салсаң Нәзира әпкем кез келгеннің қолы жете бермес керемет бір сапарға аттанып бара жатқан сияқты. Тіпті басқаның қолы жетсе де, өзінің қолы жетпейтініне анық өкініш білдіреді.

− Осы қыз қызық,- дейді Қыдырман танауы делдиіп қызына сөйлеп.- Немене, Нәзира өз еркімен бара жатыр дейсің бе?! Бұл да әскерге шақырудың бір түрі. Қаншама қиындықтар күтіп тұрған шығар бұларды да.

− Мейлі, қандай қиындықтар болса да Нәзирамен бірге кетер ем.

− Түу, сен қыз да қойсаңшы енді, адамның қитығына тие бермей,- деді Қыдырман кенет тісі ауырғандай кіржиіп.- Әділіне келсек бұл, ең әуелі, мына менің жолым еді ғой. Мен сияқты жігіттердің жолы еді. Әттең, амал қанша, ауылда жүріп-ақ аяқтан айрылып, тойтық боп қалған мына мені айтсаңшы. Енді, міне, адамға да, құдайға да керексізбін,-деп, ақ таяғымен аяғын тоқылдатып ұрып қойды. Келте ұлтарылған дәу шарықтары кесілген қос томардай қолапайсыз жұп-жуан еді.

Жаңа жылдың алдында қатты боранда екі күндей малмен бірге ығып, далада қалып аяғын үсіткен. Содан саусақтары қап-қара боп күлдіреп ісіп, аяқтарының басы көпке дейін жазылмай, ешқандай ем-дом қонбай, қағынды болып ұшыға бастайды. Күндіз-түні зар қақтырған ауыр азаптан өлер болған Қыдырман, мұнан әрі аяғының мал болмасына көзі жеткен соң, саусақтарын жаңғырыққа салыпты да, өткір балтамен тегіс қырқып шауып тастапты. Және осының бәрін ешкімнің жәрдемінсіз өзі істеген. Шешесі мен іні-қарындастары қарап тұруға дәттері шыдамай, безіп қашып кеткен екен. Міне, сонан кейін ғана беті бері қарап, аяғы жазыла бастады. Мына дәу шарықты өзі тігіп алған. Қалың орап кимесе, аяғы суыққа шыдамсыз, өте тоңғақ көрінеді. Жүрген кезде аяғына кеспелтек екі томарды байлап алғандай қорбаң-қорбаң етеді. Осы күні балалар оны Қыдырман демейміз, тойтық дейміз. Өзі оған өлердей қорланады. Қуып жете алмайтын болған соң, қолындағы жуан ақ таяғын лақтырып ұрып, зәре-құтымызды ұшырады. Бірақ одан тілімізді тартып жатқан біз жоқпыз, анадайдан алдынан кесе-көлденеңдей беріп: «Әне, Тойтық келе жатыр. Тойтықты қара. Әй, Тойтық!» — деп мазақтап қаша жөнелеміз. Сол -Қыдырман да жылармандай боп қорланып, түтігіп отыр.

− Аяғыңның үсігені жақсы болған екен, әйтпесе сен екеш сен де бізді тастап кеткелі жүр екенсің ғой,- деген Зибаш сыңғырлай күліп.

− Немене, менің кетпегенімді тілейсің бе? — деді Қыдырман оған жалт қарап.

− Әрине.

− Апыр-ай, ә, менің тілеуімді тілейтін адам да бар екен-ау,- деп Қыдырман күлген болды. Бірақ Зибаш күлген жоқ, май шамның жарығында дөңгелек сұлу жүзін оған бұрып, көзін сүзілдіре қарады да:

− Мен шынымды айтып отырсам, бұл күледі ғой,- деді назданып.

− Ойбай, жеңешетай, күлмеймін, міне шыным, риза болып отырмын,- деп, Қыдырман оның топ-толық білегінен қос қолдап ұстап, қысып-қысып қойды,- Мен тек өзімнің мына тойтықтығыма күйініп отырмын да.

− Жә, жә, сендерге не болған?! — деді Нәзира әпкем бұларға кезек қарап жеки сөйлеп.-Немене, мені тойға кетіп барады дейсіңдер ме?! Әлде жетіскенімнен кетіп барады дейсіңдер ме?! — Онан соң кәннің үстінде бір-біріне тығыла түсіп, бүк түсіп жатқан әжем мен кішкене балалар жақты мегзеп қойып: — Мен кеткен соң, мыналардың күйі не болады әлі?! — деді ауыр күрсініп.

Шынында да, солай екен-ау дегендей Үміт те, Қыдырман да ыңғайсызданып қалды. Ұйықтап жатқаны, әлде ояу жатқаны белгісіз әжем: «Е-е, алла…» деп аһ ұра күрсініп, жаратқанға күбірлей сиынып қойды. Әпкем есіне енді әлдене түскендей Зибаштан:

− Айтпақшы, Қоғалыбұлақ жақтағы шөпті әлі тарқатқан жоқсыңдар ма? — деп сұраған.

− Кеше ғана екі шанамен Мамыр мен Махмұд барып қайтты. Қар қалың ғой, әзірге жолы ауырлау көрінеді. Жай сұрадың ба?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий