Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Енді өлмеспіз, осыдан қыстан шығып қалармыз,- деп қояды.

Мен тас қоймаға оралғанымда, масақ терген жұрт у-шу боп жүр екен. Ат көпір сабанды жан-жақтан жұлқылап құшақ-құшақ етіп, астан-кестеңін шығарып лақтырып жатыр. Кейбірі ашамен аударыстырмақ болғандарға:

− Ойбай, тарт анау ашаңды! Қолмен ізде! — деп айқайлайды тұс-тұстан.

− Әлгі Бели жоқ,- деді Бектай атының шылбырын қолына ұстатқанымда.- Балалармен сабанды үңгіп ойнап жүріп, аяқ асты ұшты-күйді жоғалып кетіпті.

Бастықсып, үлкенсіп шіреніп тұратын түрінен із де қалмапты… өңі қашып, дір-дір етеді.

Мен оны мазақтап сақылдай күлуге шақ қалдым. «Молодес, Бели, жұрттың бәрін әбігерге түсіріп, зәрелерін бір алыпсың-ау,- деп қоям іштей сүйсініп.- Бағана Бектай жұмсап жібермегенде, менің өзім де сабанды терең ғып үңгірлеп ап, тығылып, жұртты өстіп бір әбігерге түсірсем деп едім, енді, міне, Бели соны менен бұрын істеді. Молодес!»

− Бәріңіздің астан-кестен боп жатқандарыңыз сол ма?! — дедім мен ерінімді шүйіре тұрып.-Мен оны қазір сирағынан сүйреп алып шығайын, ендеше.

Сөйтіп, қоқиланып сабанның бағанағы өзім үңгіген тұсына барғам, үстіңгі жағындағы бос сабанды балалар аударыстырып тастапты. Өзім жасаған қуысты әзер таптым, бергі жақтағы қобыраған сабанды кейін қарай ысырып, қолымды әрі қарай созғам. Айтқанымдай-ақ қолыма бірден бәтеңкенің табаны ілікті.

− Міне, мында тығылып жатыр! — дедім қуана дауыстап, онан соң қуысқа сұғына еңкейіп.-Әй, Бели, шық енді. Қуысымды босат! — дегем айқайлап. Қолымды қайта созып, бәтеңкесінің басынан ұстап кейін қарай тартып-тартып қойдым.- Шық деймін!

Мені қаумалай кеп жапырлаған жұрт енді естерін Жиғандай.

− Е, бәсе, тығылып қалған екен ғой, қу бала.

− Түу, бар болғыр, зәре-құтымызды алды ғой.

− Әй, бұ жүгермектер өстіп ойнамаса, ойындары осылады ғой,- десіп, біздерді, балаларды, тұс-тұстан жазғыра тұрып, көңілдері орнына түсе бастаған еді.

Ал Бели болса, аяғынан қаншама тартқылап айқайласам да, кейін шығар емес. Енді оның мына қылығына Бектай да шыдай алмай кетті, еңкейіп кеп:

− Әй, Бели, болды енді, шық,- деп жекіре ұрсып аяғынан тартқан.- Сенің кесіріңнен қаншама жұмыс тоқтады.

Бірақ Бели оған да былқ етпеді.

− Әй, соның тар қуысқа кіруін кіріп ап, кейін шығуға шамасы келмей жатқан шығар,- деді біреу.

− О да мүмкін,- деді екінші біреу.

Бектай қамшысын маған ұстата берді де:

− Кәне, былай тұршы,- деп, мені кейін ысырды да, өзі қуыстың төңірегін кеңейтіп, сабанды жұлқылап суырып аша бастады. Бізге қарағанда ересек, қайратты емес пе, қуыстың төңірегін былайғысын былай, олайғысын олай лездің арасында жапырып жіберді де, сұғына еңкейіп барып, Белиді кейін қарай суыра тартып алған. Былқ-сылқ еткен жансыз дене етпетінен жатқан күйі аяғымыздың астына созылып кеп түсті.

− Әй, мынаған не болған?! — деп Бектай оны шалқасынан аударған, Белидің аузынан да, мұрнынан да қан лық-лық ете қалды, бажырая ашылған көзі шыныдай жансыз тесірейіп қарайды. Бектай дереу оның омырауын жұлқи ағытып, көкірегіне еңкейіп құлағын тосты да, өңі бұзылып, сұп-сұр боп танауы қусырылып, атып тұрды.

− Менің құлағым түк естімейді, біреуің тыңдаңдаршы,- деді есі шыға абдырап.

Топ арасынан Нүсіп шал шығып, тізерлей отырып Белидің жіп-жіңішке білегінен тамырын тыңдады да, басын шайқады, онан соң баланың бетін сипап көзін жапты, көкірегінің тұсын ұстап көрді.

− Қайран, бала-ай, кетіп қапты,- деді күрсіне сөйлеп.- Өкпесі қысылған ғой.

Бас-аяғы жарты айдың ішіндегі ауылдағы үшінші өлім еді бұл.

КӨБЕГЕН

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий