Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ ет қызуымен уәде беріп, айтуға оңай болғанымен, үш дорба масақ теру іс жүзінде мүмкін емес екен. Молотилка қанша шала бастырды дегенмен, бір құшақ сабанның ішінен екі-үш масақ әзер шығады. Ал бір дорбаны толтыру үшін кемі жарты арбадай сабанды ақтарыстыруың қажет. Үш дорбаны толтыру үшін дүние сабанды аударыстырасың. Біраздан кейін сояу сабан қолыңды тілгілеп, алақаныңды тызылдатып ашыта бастайды. Бүкіл ауыл жапырлай терген соң жан қойсын ба, біраз күннен кейін масақ та азаяйын деді. Енді сабақтан шыға сап келіп, еш жаққа мойын бұрмай тергеннің өзінде бір дорбаны әзер толтырамыз. Арлы-берлі аударыстыра-аударыстыра сабанды да ат көпір қобыратып тастадық. Бір терген жерімізге айналып кеп қайта тінтінеміз. Бір жақсысы, әйтеуір, Бектай ренжімейді, дорбаны толтыра алмай жүргеніңді айтып қаласың.

− Жарайды, тергеніңше тере берсеңші,- деп қояды. Бірақ сөйте тұра еркіңе және жібермейді.- Майдан үшін аянбасаңшы,- дейді.

Аткөпір сабанға белуардан кіріп, қайта тіртінектеп кетеміз. Қобыраған сабанның арасы жұп-жұмсақ, жып-жылы, кейде бір жерге орнығып отырып алып үңги бергің келеді. Кейде мықшиып отыра бергеннен ішің пысып, алысып-жұлысып ойнағың келеді. Ондайда үлкендердің; «Шаша бермей, бір шетінен жайлап аударыстырыңдар»,- дегендеріне қарамастан, көзді ала бере сабанды кеулеп ін қазған борсықша үңги жөнелеміз. Бала қашан да бала ғой, сабанды қайсымыз терең үңгиміз деп жарысып ойнай отырып та масақ тереміз. Үңгіген жерімізден қойны-конышымыз топанға толып, бет-аузымызды шаң қауып, тұншығардай боп кейін шыққанымызда, пысқырынып-түшкірініп өне бойымызды инеше қадалып жыбырлатқан қыпық топаннан қышынып әбігерге және түсеміз. Бірақ оның есесіне екі-үш масақ тауып шығар болсақ, одан асқан олжа жоқ. Әлгі қуысқа қайтадан сүңгиміз.

Бірер аптадан кейін тас қойманың астық өлшейтін жағынан блокнотын жоғары көтеріп, жүзі жарқын Бектай тағы да күлімсірей шықты, тағы да терілген масақтан станцияға бір шана астық жіберілетінін хабарлады. Үлкендер жағы тағы да кеукілдесіп қалды: «Е, сөйтіп, бір дән болса да, әскерге жәрдем ғой»,- десті, маңдай терлерінің қақысы қайтқандай дән риза болып. Біз, балалар: «Неше күннен бергі тергеніміз сол-ақ па, аз ғой?! Аз…» — дейміз.

− Аз десеңдер, дұрыстап теріңдер,- дейді Бектай.

− Аянып жүргеміз жоқ, жанымызды сап теріп жүрміз ғой,- дейміз біз.

− Жандарыңды салғандарыңды онша көре алмай жүрмін-ау. Ойындарың көп,- дейді ол бар кінәні өзімізге аударып, онан соң есіне бірдеңе түскендей.- Әлгі Қанат көрінбейді ғой? Ол қайда? — деп мені сұрап, көзімен іздестіре бастады.

Мен болсам сабанның дүңкигендеу тұсынан үлкендердің көзінен тасалау кеп үңгілеп отырғам. Тереңірек бойлата қуыс жасап ап, ешкім таба алмайтындай боп тығылып жатпақ едім.

− Қанат, қайда жүрсің, тез бері кел! — деді Бектай бұйырған үнмен. Мен дыбыс бермей қуысына қарай тығыла түскем, «іздеп тауып көрсін» деп қоям іштей күліп, ал балалар болса менің қай тұсқа тығылғанымды біле тұра:

− Көргеміз жоқ, білмейміз,- деседі жасырып.

Ыза болған Бектай енді сабанның әрбір қуыстау тұсына барып, бос жатқан сабанды аяғымен ақырындап теуіп мені іздей бастады. Мен тығылып отырған тұсқа жақындай бергенінде, екі ортада аяғымен бет-аузымнан теуіп қалар деп, өзім ұшып тұрдым.

− Әй, сен бір шақырғанда неге келмейсің? — деді ол жекіп.

− Мына қуыста масақ теріп отырып естімей қалдым,- дедім мен шімірікпестен.

− Отырған жеріңде бет-аузыңнан бір тепкенде, еститін едің. Жүр, маған ер, саған бір тапсырма бар.

Сабанды, одан молотилка тұрған төбесі жабық қырманды айналып өтіп, тас қойманың астық өлшейтін жағына қарай бастай жүрген Бектайдың соңынан ергем. Осы кезде алыс-жұлыс ойыннан өңі алабұрта қызарып тершіген Бели менің қасымнан жүгіре өтіп бара жатып:

− Қанат, сен келгенще, мен үңгіріңде болайын,- деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий