Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Әй, сен екеуің немене-ей, сонша керіліп-созылып, бассаңдаршы аяқтарыңды! — деді жекіре дауыстап.- Бәтен, сен анау қатты қарды ұзынша-ұзынша етіп… міне, ұзындығы мынадай болсын, өлшеп ал, ойып әкелетін бол, төбесін көтереміз, ал сен, Қанат, ананың үстіне шығып біз әперген қарды қалайсың. Мына екі үйшікті биік мұнара етіп қалаймыз да, онан соң араларын былай қосқан кезімізде, міне, мына суреттегідей қақпа болуы керек…- деп, ұстап жүрген қағазын көрсеткен. Қолмен сызылған қос мұнара біздің оқулығымыздағы қала суреттеріне ұқсас жасалыпты.

− Қақпалы қос мұнарадан кейін, мынадай ақ сарай қалаймыз. Өстіп шетінен жалғастырып күнделікті сала береміз. Бір кітаптан оқығаным бар, сонда ертедегі патшалар қыс кезінде қатты қардан сәулетті аққала салғызып, соның ішінде сауық-сайран салып, думан құрады екен. Біз ондай үлкен етіп салмасақ та шамамыздың келгенінше жасап көрелік. Ен тегін жатқан қарды сөйтпегенде не істейміз енді.

Шынында да, мына қағазда сызылғандай етіп жасайтын болсақ, керемет қызық аққала салынады екен.

− Биіктіктері қандай болады? — дедім қызығып.

− Әрине, ауылдың үйлерінен биік болуы тиіс, әйтпесе, оның несі қала.

− Рас та.

− Ал дабай, шық, анау мұнараның үстіне.

Мен іске кіріспес бұрын әлі де анықтай түскім кеп:

− Егер күн жылыса еріп кетпей ме? — деген үлкен бір күдігімізді жасыра алмай.

− Әлі екі айсыз күн жылымайды. Қазір, міне, ақпан ба? Алда қаңтар бар, наурызда да қыс қатты болады. Так што, күн жылып кетеді екен деп қорықпа.

Сөйтіп, болашақ биік мұнараның бірінің үстіне шығып, жердей әперген кірпіш қарларды қалай бастадым. Әжібек мұнараның бірде алдыңғы жағынан, бірде арт жағынан, кейде ішіне кіріп қадағалап, әр кірпішті қалай қалауым керек екенін айтып, нұсқау беріп жүр. Сәлден кейін мұнара Әжібектің үйінен асып биіктеді, жан-жағыма қарап едім, ауыл үйлерінің төбелері көрінетіндей бопты, төмен қарасам кәдімгідей басым айналатын сияқты.

− Осы биіктігі жетпей ме? — дегем мен.

− Өй, сен өзің немене, қорқып тұрсың ба?! — деді Әжібек кіжініп.

− Жоқ.

− Онда қалай бер, мен айтқандай ғып. Әлі де бір метрдей көтеріп көрейік. Ертең салып болған соң, әлі Аққаламызды көруге бүкіл ауыл жиналады ғой. Қыздар да келеді. Мәри бірінші боп жүгіріп келер. Сонда — мұнарамыз осы ауылдағы үйлердің бәрінен биік көрініп тұратын болсын.

Биіктеген сайын мұнараның қар қабырғаларында тұрып қалау қиындай бастады, оның үстіне мен жылжып қозғалған кезде, селкілдейтін сияқты. «Әй, осы қабырға-мабырғамен қоса гүрс етіп құлап түспесем не қылсын»,- деп, іштей қорқақтап қоям, бірақ онымды Әжібекке айтуға және намыстанам. Әжібек болса жерде тұрып:

− Маладес, Қанат, маладес! Сенен амандық болса мықты құрылысшы шығады екен,- деп лепірте мақтап қояды.- Мә, мынаны анау жерге қала. Ештеңе етпейді, селкілдегенінен қорықпа. Қар бір күннен кейін-ақ өзара жымдасып мұз боп қатып қалады. Мә, енді мына…

Ол мұнараның іш жағынан кеп, көтеріп берген қар кірпішті еңкейіп ала берем дегенде, бағанадан селкілдеп тұрған қабырға ішке қарай жапырыла құлап түсті, үстінде тұрған мен де оңқа-шоңқа болдым, бір көрімі, мен үстінен құладым, тек аяғым ғана бастырылды, ал Әжібек әлгі ішке қарай жалп еткен торт қабырғаның астында қалды.

− Ойбай-й!..- деуге шамасы келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий