Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тас қойманың төңірегі таң атқаннан күн батқанша жапырлаған қатын-қалаш, кемпір-шал, бықынаған бала-шаға. Менің әжем сияқты кемпірлерге дейін белдерін мықтап орап буып алып, «көптің ырысы үшін күреске» білек сыбана кіріскен. Үй-үй болып әр семья күнделікті қанша масақ теріп өткізгендерін айтып мақтанысып, өзара бәсекелесіп те қояды. Бәрінің көңілінде жалғыз тілек, осынау азғантай еңбегіміздің де қанқұйлы жауды жеңуге себі тие берсе екен дейді.

Біз, мектеп оқушылары, сабақтан соң тамағымызды апыл-ғұпыл іше сап, масақ теруге барамыз. Әуелі үлкендермен қатарласа жүріп саудырлаған сабан арасынан масақ атаулыны қалт жібермей тереміз. Көзіміз де көреген, қолымыз да епті. Әрқайсымыз мойнымызға алынып алған екі-үш килограмдық ат дорбаны әне-міне дегенше толтырып тастаймыз. Сөйтіп, Бектай есепшінің өзі белгілеп берген жарты күндік нормамызды орындағаннан кейін, масағы теріліп екінші жаққа үйілген сабанның үстінде алысып-жұлысып ойынға кірісеміз. Жұмсақ сабанның үстінде ойнау қандай рақат! Оңқа-шоңқа домалап жатсаң да еш жерің ауырмайды. Шикі сүттің иісіне ұқсас сабанның күн сіңген иісі тынысыңды қытықтап, онан әрмен еліртіп жіберетін сияқты.

− Әй, неғып алысып-жұлысып кеттіңдер?! — дейді Бектай есепші бастықтығын білдіріп, ақыра дауыстап.

− Нормамызды орындадық қой, енді қайт дейсің?! — дейміз біз шуылдаса дауыстап.

− Немене, тағы бір дорбадан терсеңдер артық боп кетеді дейсіңдер ме?! Майдан үшін ғой…- дейді Бектай қабағын түйіп.

«Майдан үшін ғой» дегені бізді кәдімгідей мойындатып-ақ тастайды. Амал жоқ, ойынымызды доғарып, масақ теруге қайта кірісеміз.

Келесі күні сабақтан кейін масақ теруге келгенімізде, Бектай бізге жаңа норма белгілеп қойыпты: Мектеп жасындағы әрбір оқушы күніне екі дорбадан теру керек деп. Біз бұл жаңа нормаға шуылдасып қарсылық білдіріп ек, ол міз бақпастан үлкен кісіше қабағын шытына тұрып, бәрімізге жағалай бір қарап өтті де:

− Қазіргі жағдай соны талап етеді,- деді қатқыл үнмен.

Біз, әрине, оның түйіле қалған сұп-суық қабағына қарап, мына айтқанына ләм-мим деп қарсылық білдіре алмадық. «Қазіргі жағдай», «талап» деген сөздер жайшылықта айтыла бермейтін, ал алда-жалда айтыла қалса, ешкімді дегенінен бұлтартпайтын зілді сөздер еді. Және оны Бектай да жай айтып тұрған жоқ қой, артында салар салмағы болған соң айтады да, түсіндіріп те әлек болмайды. Айтты-бітті, біз орындауға міндеттіміз. Сөйтіп, жаңа норма бойынша масақ теруге кірістік. «Әй, осы Бектайдың діні қатты-ау»,- дейміз балалар бір-бірімізге сыбырлап.

Үшінші күні Бектай тас қойманың ішінен жүзі жайнаң қағып қуанышты шықты да, масақ теріп жүрген жұрттың алдына кеп сүйінші сұрайтын адамша, есеп жазатын блокнотын жоғары көтере тұрып:

− Жолдастар! — деді даусы саңқ етіп.- Ой, аллай, құдды Нұғыман бастық дерсің. Әлгі ауданнан келетін шолақ қол өкіл де жиналыс өткізерінде өстіп: «Жолдастар!» — деп саңқ етіп, жұртты өзіне қаратып алатын. Қазіргі мына Бектай есепші де дәл солар құсап, тұр.-«Иә, не айтасың» деп, масақ тергендер оның аузына қарағанбыз.

− Бүгінгі станцияға жіберілетін үш шана астықтың біреуі мына сіздер терген масақтан бастырылған астық,- деп хабарлады Бектай.

Үлкендер жағы:

− Ой, бәрекелді, масақтан терген астық та біраз болады екен ғой,- десіп жатыр да, ал біз балалар жағы:

− Неше күннен бергі бәріміздің тергеніміз сол-ақ па?! Азғантай ғой,- деп шуылдастық.

− Азғантай десеңдер, үш ат дорбадан теріңдер онда,- деді Бектай бізді сөзімізден ұстап.

− Несі бар, тереміз. Тереміз! — дестік біздер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий