Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Мен білетінде сенде тауық жоқ еді ғой. Сенде тауық жоғын мына балалардың бәрі біледі.

Әжібек бәрімізге айнала бір қарады да, басын төмен тұқыртты.

− Кеше боранда адасып кеп үйге кірген, сонда ұстап алдым.

− Өтірікті соқсаң да, қисындырып соқсаңшы. Жә, текке бас қатырып қайтеміз,- деді Бектай қамшысын салмақтай отырып зілді үнмен.- Сенің бұл асып жатқаның Нұрсұлудың үйінің тауығы ғой. Біреуі осы, ал екіншісі қайда? Өзің айт. Әйтпесе қазір тінтіп, өзіміз тауып аламыз.

− Ешқандай да Нұрсұлудікі емес, кеше боранда адасып кеткен болу керек, есікті ашқанымда, екі тауық өздері үйге кіріп кетті.

− Екіншісі қайда деймін.

− Ауыз үйде бораның ішінде. Ол тірі.

− Оңбайсың ғой. Отырған жеріңде мына қамшының сабы сынғанша сабаса, обалы жоқ адамсың ғой… Санат пен Қанат, сендер анау кастрөлге мына қазандағы тауықты сорпасымен қоса құйып алыңдар, ал сен. Бәтен, ауыз үйдегі тауықты ұстап алып жүр, қазір Нұрсұлудың шешесіне апарып береміз.

Біз Бектайдың айтқандарын істедік.

Есіктен шығып бара жатып Бектай қайта бұрылып:

− Оңбайсың ғой, Әжібек, Осыдан кейін ел бетіне қалай қарайсың?! — деді. Әжібек сол тұқырған қалпында басын көтерген жоқ.

− Таңертең станцияға астық тартатындар жүреді, солармен бірге кететін бол! Көзге көрінуші болма, жексұрын,- деді кіжіне тісін қайрап.

− Жарайды,- деді Әжібек даусы өлеусірей шығып.

* * *

Сол күннің ертеңіне ауылдың кәрі-жас еркек кіндік атаулысы тегіс жиналып Бүбітайды жерлеп, зират басынан қайтып келе жатқанымызда, екінші қаралы хабар қарсы шықты алдымыздан, кешеден бері әл үстінде жатқан Серік қайтыс бопты. Жұрт сол бойда жұптарын жазбастан, енді «Бауырымдап!» — Нұрсұлудың үйіне қарай дауыс қоя жүгірді. Бүбітайдың өліміне ешкім қабырғасы қайысып онша жылай қоймап еді, тіпті кейбір әйелдер: «Байғұс, қор болып, көзге күйік боп жүргенінше, өлгені дұрыс болды»,- деген, ал Мына жас баланың өліміне барлығының да ет жүректері елжіреп, дауыс қойып, жылап-сықтап келіп жатыр.

Бәкиза кемпір есінен танып қалған екен, бетіне су бүркіп есін жинатқан, көзін ашып, ірге жақта өңі боп-боз боп сұлап жатқан немересін көргенде:

− Серік-ау… Сорлатып кеттің ғой, мені, құлыне-ем… Енді қайттім?! Нұрсұлуға не бетімді айтамын…- деп аһ ұрып барып, тағы да талықсып кетті. Осылайша Бәкиза кемпір есін бір жиып, одан қайта талықсып, үнемі қысылумен болды. Ауылдың кемпір-шалы түні бойы Нұрсұлудың үйінде болып, өлікті күзетіп шықты.

Ертеңіне, кешегі Бүбітайдың қабірін қазған жеті-сегіз адам кетпен-күректерін арқалап, тағы да ауылдың теріскейіндегі зиратқа қарай шұбап бара жатты.

Қыс ортасы болса да астық бастыру тоқталған жоқ еді. Енді бүкіл ауыл болып молотилкадан шыққан сабанның арасынан шала кеткен масақтарды теруге жұмылды. Бұл жұмысты бастан-аяқ Бектай есепші басқарды. Жұрттың масақ теруге шыққан, шықпағанын есепке алып, ертеңді-кеш тас қойманың басында жүреді. Әрбір дән жауға атылған оқ, сондықтан бірде-бір дән далаға кетпеуі керек,- дейді. Әрине, онсыз да бірде-бір дәнді далаға жіберейін деп жүрген ел жоқ. Еркіне салса тас қоймадағы тау-тау боп үйілген сабанды үйді-үйлеріне тартып әкетіп, ескі молотилканың өңешіне шала-шарпы шыққан масақтардың бүтін дәні түгілі жартыкеш дәндеріне дейін қалдырмай қағып алар еді. Бірақ оған рұқсат жоқ. Масақты да бірін қалдырмай өкіметке өткізу керек. Астық боп бастырылып майданға жөнелтілуі тиіс. Мұны оқушы бізді қойып, тіпті әлі оқымайтын кішкентай боқмұрындарға дейін біледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий