Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы кезде Әнипа апайымыз келіп сабақ бастады. Бірінші сабақ қазақ тілі еді. Үйге берілген тапсырмаларды әрқайсымыздан сұрап көрген, бірен-саранымыз болмаса көбіміз сартылдап тұрмыз. Неше күнгі боранда жалғыз мен емес, балалардың талайы-ақ сабақты судыратып жаттап апты. Сын есімге мысал ретінде апай Абайдың «Күз» деген өлеңін жазып берген болатын, сол өлеңді бірімізден кейін біріміз мәнерлеп айтып шығып ішіндегі сын есімдерін атап береміз.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан…

Өлеңді оқыған кезде әрқайсымыз-ақ көз алдымызға өзіміздің ауылдың күзін елестеткендей боламыз: күзгі сарғайған ойлы-қырқалы тұнжыраған дала, шөп атаулы қураған, ауа сызды, ызыңдаған салқын желемік бар; бүкіл аспан реңсіз, кір-кір шүберекпен тұтып тастаған сияқты, зілдей-зілдей сұр бұлттар тұтасып-тұтасып кеп Ешкіөлместің төбесіне сіресе қаптап тұр, төменгі тұғыл жақтан сумаңдап жылжыған соқыр тұман сай-саланы қуалап деміне дымқыл бүркіп, даланы жым-жылас қып жұтып алардай боп келеді… Әр бала оқыған сайын осы тәріздес суреттер келеді көз алдымызға.

Біз бір класта жеті қазақ баласы, екі орыс, екі неміс, бір шешен, бір татар — бес ұлттың балалары оқитынбыз, бәрі де соғыс басталғаннан бері жаңадан көшіп келгендердің балалары. Келген кездерінде бір ауыз қазақша білмейтін балалар, бірер жылдан кейін-ақ өзімізді сөзден жаңылдыратындай боп сайрап шыға келетін. Ауылымыз — қазақ ауылы, сондықтан күнделікті тірліктің бәрі қазақша: ойын қазақша, мектептегі оқу қазақша -демек, қазақ тілі — бүкіл ауылға ортақ тіл. Және қазақ тілі үйренуге оңай тіл сияқты. Мысалы, Отто көшіп келген соң үш күннен кейін көшеде өзімізбен бірге «түлкі-тазы» ойнап, қазақша айтқанымыздың бәрін айны-қатесіз түсініп, ойын үстінде біздің сұрақтарымызға «бар, жоқ» деп жауап қайтарып, лезде тобымызға қосылып кетті. Орыс баласы Петке мен шешен баласы Бәкке де солай болды. Ала жаздай өзімізбен қосылып ойнап жүрді де күзде, мектепке қазақ кластарына кеп өзімізбен бірге партаға отырды. Мұқан ағай әуелде: «Әй, бұл балаларға қиын болды-ау»,- деп, біраз абыржыған, артынан әлгі балалардың оқуға деген ынтасын көріп: «Ойпыр-ай, мына балалар зерек екен»,- деп сүйсіне мақтаған. Сөйтіп, әліппені бірге үйреніп, хатты бірге таныған балалар біртіндеп қайсымыздың қай ұлт екенімізді де еске алып, сөз етіп көрген емеспіз. Қазақ тілінде боқтағанда» әсер етпейді, басқа тілдегі боқтық сөздерді бірге жаттаймыз, тіпті төбелессек те қазақша төбелесіп, қазақша боқтасамыз, басқа тілде боқтасаң қазақ тілінде боқтағандай әсер етпейді, басқа тілдегі боқтау шымбайыңа батып, жаныңды ауыртпайды, ал қазақ тілінде боқтаса шырқыраған жаныңды қоярға жер таппайсың… Қысқасы, бүгінде Петке де, Отто да, Бәкке де майданға хат жазғанда өзімізден кем түспейтін, қазақша мақал-мәтеліңе де, қара сөз бен өлең сөзіңе де желдей есіп тұрғандар. Ал кейбір балалар бұлардай емес, тілге әлі де болса шорқақ болатын. Көптеген сөздердің мағынасына түсіне алмай, дұрыс айта алмай қиналатын кездері бар. Сондай балалардың бірі Бели еді. Өзі мінезі аңқылдақ, айтқаныңды тез үйрене қойғысы кеп туратын елгезек-ақ бала. Бірақ ылғи күлкіге қап жүреді.

Бүгін де сол Бели даусы саңқылдап:

Сур булт түсі суык қаптайді аспан,

Куз болып тынкыл туман жерды баскан… –

деп бастай жөнелгенде, бүкіл класс болып күлкіге баттық та қалдық. Байқаймыз, Әнипа апайдың да өңіне күлкі ойнап шыға келген бір езуі сәл қисайды да, бірақ күлмеуге, сыр алдырмауға тырысып, қабағын сәл шытынғансып барлығымызға қойыңдар, күлмеңдер дегендей сыздана қарап, қолмен ишарат етіп Белиді тоқтатты да:

− Сөздерді дұрыстап айтып, қайтадан оқы,- деді.

Біздің күлгенімізге де, апайдың тоқтатқанына да қыңған, қымтырылған Бели жоқ, асқақ үнмен саңқылдап қайтадан оқи бастаған, тағы да: «Тынкыл туман» деген тұста осы сөздің айтылуын күтіп іштей тынып отырған бүкіл класс қайтадан ду күлді, апай Белиді қайталай тоқтатты да біздерге:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий