Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Басқа балаларға қарағанда сен екеуіңнің естерің бар. Сондықтан ішіме сыймай толып бара жатқан бір сырымды ақтарып біраз жеңілейіп алғым кеп отыр,- деп бастады Әжібек сөзін.- Менің әңгімем ғашықтық жайында. Ғашық болу деген керемет екен… Қанат, Санат сен екеуің әлі баласыңдар ғой, ғашықтық дегеннің не екенін білмейсіңдер. Ғашық болу деген керемет екен. Жүрегіңді ауыртатын азап екен. Мысалы, осыдан төрт күн бұрын боран соғардың алдында мен көшеде Мәриді көргем. Қыз деген тез өседі деген рас екен. Былтыр ғана басы биттеп жүретін боқмұрын еді, бір қыстың ішінде бойы тартылып, сұлу қыз боп қапты. Сендерге — өтірік, маған — шын, әлгі қызды көргенде, жүрегім ауырып сала берді, не болғанымды білмей соңынан телміре қарап тұрып қаппын. Содан бері жатсам-тұрсам көз алдымнан Мәри кетпейді. Мені өзіне сиқырлап алған сияқты. Қыз Жібекке Төлеген осылай ғашық болған шығар. Өзімнен өзім өлгім келеді, тек Мәри де менімен бірге өлсе деймін. Сонда біз де «Қозы Көрпеш — Баяндай бір молада өлсек-ау» деп, зар — илегім келеді…

Әуелде Әжібектің айтып отырғандары қызық сияқты көрініп еді, артынан ұғынықсыз бір мылжың сөздер боп кетті. Оның үстіне Мәриді мен өзім де жақсы көретінмін. Сондықтан Әжібектің «Оған елердей ғашық болдым» дегенін іштей ұнатпай да отырдым.

Біраздан кейін үсті-бастары аппақ қар болып Қайрат пен Бәтен келген, екеуінің айтқаны: Мәри әуелі бұлардың мектепте апай шақырып жатыр дегендеріне сеніп, үйінен киініп шығыпты, онан соң бұлар Әжібектің үйіне шақыратындарын айтқан кезде, ашуланып: «Алдағандарың үшін мә, сендерге!»- деп, екеуін екі періп қарға оңқа-шоңқа етіпті де, үйіне кетіп қапты.

− Қыздың пергеніңе құлап жүрген сен екеуіңнен түк шықпайды,- деді Әжібек ыза боп.

− Қаланың қызы емес пе, төбелестің әдісін біледі,- деді Қайрат ақталып.

− Жә, ез немелер! — Әжібек төсегіне барып шалқасынан құлай кетті.- Өзегім өртеніп барады… Уһ… Не істесем екен?.. Ағатайлар-ай, не істе дейсіңдер маған?.. Әлде біреуді пышақтап өлтірсем бе екен, а?..

Мұнан әрі Әжібектің өзінің де, сөзінің де мәні жоғын ұғып Санат екеуміз үйлерімізге қайттық.

− Мынау тура Ырысбектің аузынан түскендей боп қапты ғой,- деді былай шыққан соң Санат жаңағы Әжібектің қылықтары ішіне сыймай.

− Расында да.

Боран сол ышқына ұлыған сарынынан танбастан құтырына соғып тұр. Ертеңгісінге қарағанда есіре түскендей. «У-у…» Бүкіл дүние — жер де, көк те ақ түтек. Тірлік атаулының күні осы ақ түтекке қарап қалған сияқты. Енді еш уақыт толастамайтын сияқты. Біздің ауылды біржола жұтып, көміп тастамай, көңілі көншитін түрі жоқ.

− Атам айтады, өзім ес білген жетпіс жылдың ішінде бұл өңірде биылғыдай қатты қыс болған емес деп,- деді боранға тұншыға сөйлеген Санат бір қырындай жүріп.

− Менің әжем де сөйдейді. Тек мұндай қыстың арты қайырлы болады, жазы жайлы, астық пен шөп мол болады дейді.

− Менің атам да сөйдейді, молшылық болады дейді. Бәрінен де жауды жеңсек екен,- деді Санат боранға қасқая тұрып айқайлап.

− Соны айтсаңшы!..

Үйлеріміздің тұсына келгенде, екеуміз екі айырылдық.

ҚАЛЫҢ ҚАР

Ертеңгісін біреу шашымнан сипап, онан иығымнан қақты, көзімді ашсам, әжем екен.

− Тұра ғой, қарағым, боран басылыпты. Қорадағы мал неше күннен бері қамауда тұрып обал болды әбден, соларды далаға шығарып, шөп шаш. Үнемдеп шашпасаң, шөп те азайып барады. Онан соң мына Нұрсұлудың үйіне қарай жол ашшы. Екі күн болды хабарласа алмағанымызға, хәлдері қалай екен, білейік. Есіктерін қар басып қалған жоқ па екен?!

Сөйдеді де әжем күнделікті ертеңгі тіршілігінің басы — ошақтағы күлге көміп, үстін табамен бастырып қойған қоламтаны ашып, соны үрлей отырып, сабан тұтатып от жағуға кірісті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий