Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Онан соң әжем қандай-қандай күн бар алда деп, бізден — балалардан тығып жүрген кебеже түбіндегі ала дорбасынан бір тостаған тары салып алды, күзде сары серкешті сойғанда, соның іш майын шыжғырып кішкене табаққа қатырып алған еді, сол тоң майдың біраз бөлегін және опырып бөліп алды, әлгінде ғана сауып алған қоңыр сиырдың сүтінің жартысын құйып алды.да:

− Сен мына қалаққа ошақтан тамызық от салып алып жүр,- деді. Өзі қалталақтай басып алға түсіп, әлгіндегі мен күреп ашқан қылта жолмен Нұрсұлудың үйіне келдік.

Бәкиза кемпір мен кіші немересі Берік екеуі орындарынан тұрып киініп, үй іштерін жинастырған боп жүр екен. Ашыққандары көрініп тұр, екеуі де әлсіреп баяу қимылдайды. Мен қоламтаны ошаққа салып, сырттан бір құшақ сабан кіргізіп от тұтаттым. Әжем шәугімге су құйып шай қойып, өзі әкелген сүтті пісірді. Үйдің іші жылынған кезде, әжем Серіктің жастығын көтеріңкіреп, үстіндегі көрпесін жеңілдетті, онан соң тамырын ұстап тыңдап, сырқаттың бетіне үңіле қарап біраз отырды.

− Апыр-ай, Бәкиза-ай, ауруды асқындырып апсың ғой,- деді.

− Е, жарықтығым-ай, менде қазір не ес қалды дейсіз, Өлмеген соң кеудеңде жаның бар, құр сүлде жүреді екенсің де,- деді иегі кемсеңдеген Бәкиза кемпір жыламсыраған ұнмен,-Кеше сізді шақырып осы баланы көрсетейінші деп, есіктен үш рет шығып үйді айналып адасып, өлдім-талдым жығылып-сүрініп үш рет қайта кірдім. Қарыс жер аттап жүре алмадым. Ақырында, қой, екі ортада адасып боранға ұшып өлсем, мына қос жетімек мүлде сорлап қалар деп қорықтым. Осы үйде тірі жәндік атаулыдан екі тауық қап еді, соның ең болмаса біреуін ұстап мына ауру балаға сорпа жасап беруге де халім келмеді. Уһ.. Осыдан боран басылар күн болса, екеуін де Қанатжанға ұстатып, бауыздатып алармын-ау деп едім, онымызды да құдай көп көрді ме, бұйыртпады ғой.

− Жетімнің аузындағысын жырып жегеннен көгере қоймас, кім де болса,- деді әжем ызалы үнмен.

− Желкесінен шықсын…

Ыстық сүтке бір қасықтай май салып, сапырып-сапырып алды да:

− Балам, мына сүттен ұртташы,- деп, Серіктің аузына тосқан. Көзі жасаурап, жағы сопиып, алқымы ісіп кеткен Серік басын көтергісі кеп ұмтыла емінгенімен, сүттен ұрттап іше алмады. Әжем енді ақырындап оның аузына қасықпен тамыза бастады. Менің таң қалғаным — Серіктің түрінің адам танымастай боп осынша тез өзгеріп кеткені еді. Осыдан біраз күн бұрын әжем: «Кем-кетікке көмектесіп тұру керек, балам, одан қор болмайсың»,-деп жұмсаған соң, мен үйлеріне сабан түсіріп, қораларында жатқан үлкен бір томарды қиқалақтатып жарып бергенімде, осы Серік шамасының келгенінше маған көмектесіп, мені өзіне кәдімгідей жанашыр тірек тұтып, «Қанат аға» деп соңымнан қалмап еді. Өзі тісеп жүр екен, күлген кезінде, екі қасқа тісінің орны кетіліп, түрі сондай сүйкімді, әрі күлкілі боп көрінеді екен.

− Әй, сен өзің тісің түсіп, шал бопсың ғой,- дегем мен әзілдеп. Ол аузын алақанымен көлегейлей тұрып:

− Жоқ, шал емеспін,- деген басын шайқап.

Сол сүйкімді баланың қазіргі түрі — жағы сопиып қатты жүдеп, адам танымастай боп өзгеріп кетіпті.

Мен қорадан тағы бір құшақ сабан, әнеугүнгі өзім бұтаған ағаштың қалғанын, бес-алты тапа тезек кіргізіп бердім де, енді мектепке кететінімді білдіргем.

− Бара, ғой, сабағыңнан қалма,- деді әжем.- Әлгі Нәзираны оятып кет, тұрып анау балаларға қарасын.

Сыртқа шығып өзіміздің үйге таяй бергенімде, жоғарғы жақтан алба-жұлба боп далбақтап жүгіре шыққан Тоштан көрінді. Тоқтай тұр дегендей, маған қолын бұлғайды. Тақап келгенде көрдім, көзі бұлаудай боп қызарып ісіп кетіпті.

− Қанат, әжеңе айта салшы, менің апатайым өліп қалды,- деді түйеден түскендей етіп. Мұндайда өлімді хабарлағанда, әдетте өте сыпайы әдеппен ғана: «Қайтыс болды», «О дүниеге қайтты» деп жұмсартып айтуға тырысатын, ал мына қыз болса дәл бір мал өліп қалғандай дүңк еткізіп тұр.

− Қашан?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий