Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әлгіндегі жауар бұлттай болып түнеріп, үдірейісіп келген түрімізден із де қалған жоқ. Әжібектің алдында сол баяғы «көксоққан» қалыптарымызға түсіп, аптығымыз басылып, сүмірейісіп барып, отыра-отыра кеттік. Ол ұсынған газеттен бір-бір жапырақтан жыртып алып шылым орадық. Әжібектің алдындағы әлгіндегі кінәмізді толық мойындағандай жерге қарай отырып, ащы түтінді бұрқылдата сорғанбыз:

− Әй, көк ми, түтінді босқа сорып рәсуа етпей, ішіңе жұтып тарт,- деп зекіп қалды Әжібек өзіне таяу отырған балаға. Мұнысы жалғыз оған емес бәрімізге айтылған кінәрат еді. Түтінді текке сорып рәсуа етпей жұтуға тырысамыз. Удай ащы түтін тұншықтырып жібере жаздайды, кеңсірігіміз ашып, тамағымыз жыбырлап, жарыса кеп қақалып-шашалып, көзімізден жасымыз парлап ит боп отырмыз.

− Мектептің отынын кім түсіріп алғанын мен білем,- деді әлден уақытта шылымын тартып болған Әжібек.- Бірақ оның кім екенін айтпаймын. Басыма пәле іздер жайым жоқ.

Иә, Әжібек айтпаймын десе айтпайды. Егер қадалып сұрай берер болсаң, ол ашуланады да, әлгі мазасын алған баланы желкесінен алып есігінен итеріп шығарады да, май құйрығынан қайқайтып тұрып бір тебеді. Ол балаға енді қайтып Әжібектің үйінің есігін ашу оңайға түспейді. Үйінен не бір таба нан, не бір жілік ет ұрлап әкелуі керек. Сөйтіп келіп қана татуласады.

Терезе қағылды да сырттан Мәридің:

− Бәріңді де апай шақырып тұр! — деп айқайлаған даусы естілді.

Біз топырласа жүгіріп сыртқа шыққанбыз. Расында да, Әнипа апайымыз көшеде Әжібектің үйінің тұсына кеп тұр екен. Қасында Мәри және бір-екі қыз бар. Мәри жартылай ер балаша: басына құлақшын, бұтына шалбар киген, үстіндегі шешесінің кішірейтілген ескі пүліш пальтосы белін қынтитып, бойы ұзарып көрінеді, қысқа қарай өзі аппақ боп ағарып, қасы-көзі қап-қара боп қиылып, әдеміленіп кеткен. Өзін-өзі еркін ұстайтын ақ жарқын өжет мінезі де оны басқа қыздардан ерекшелеп тұратын. Қазір апайдың қасында тұрып, сүмірейіп шыққан біздерге мазақтағандай ақсия күледі. Ал күліп тұратын Әнипа апайымыз қабағын шытып, көзілдірік астынан сүзіле қарайды.

− Сендер мұнда неғып жүрсіңдер? — деді.

Біз үндей қойғамыз жоқ. Естімеген адамдай боп біріміз аспанға қарап, біріміз күресін қарды шарығымыздың тұмсығымен тепкілеп, енді біріміз МТС-тан келетін жолға қараған боп тұрмыз.

− Балалар, мен сендерден сұрап тұрмын ғой, бұл үйге неге келдіңдер? — деді Әнипа апай даусын сәл көтере қайталай сұрап.

Біз бұл жолы да үндей қоймадық.

− Мен сырқаттанып жатыр едім, бұлар менің хәлімді сұрай кепті,- деді үйінен біздің соңымызды ала шыққан Әжібек осы тұста бізге ара түсіп, өзі соның арасынша өтірік жөтелгенсіп, ауру адамша бүкшірейе қапты.

− һө, һө…- деп ыңқылдай жөтеліп алды.- Ойбай, белім-ай, сырқыратып әкетіп барады.

Әнипа апай оның ауырып қалдым дегеніне шынымен сенгелі тұр еді, алайда осының бәріне көзі ұшқын шаша ойнақши қарап тұрған Мәри шыдай алмай сақылдап күліп жіберді.

− Ой, жаның шыққыр-ай, өтірікті соғуын… Апай, мұның ауырған түгі де жоқ, сізді алдап тұр,- деді Мәри саңқылдай сөйлейтін әдетімен бүкіл ауылға жар салғандай.- Жаңа терезеден қарағанымда, бұлардың бәрі де темекі тартып отыр екен.

− Әй, сен қыз не сөйлеп тұрсың? — деді Әжібек аяғын басып кеткендей шаңқ етіп.- Темекі тартқан мен өзім ғана. Мен оқымаймын, сондықтан не істесем де өзім білем. Ал мыналар жай қасымда отырды.

− Жоқ, Бұлар да бір-бір шылымды бұрқылдата сорып отырды ғой.

− Бұлар тартқан жоқ!

− Тартты.

− Сен қыздың мен желкеңді үзем ғой,- деп Әжібек доқ көрсетіп оған тұра ұмтылмақ болған.

− Үзіп көр,- деп, Мәри Әнипа апайды тасалана берді. Одан тілін шығарып мазақтай тұрып: — Бұл қотырдың әлі қыздарға ғана жетеді,- деді.

− Ой, бит бас,- деді Әжібек бұрынғысынан да ыза болып.

− Қотыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий