Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әжемнің бұл қайғысы біздің санамызға онша кіре қоймайды. Өйткені далада жүрген, әсіресе станцияға астық тарта кеткен адам біздіңше дін аман жүруі тиіс сияқты, ол үшін қайғыру бекершілік. Біз үшін үйдегі, көз алдымыздағы жағдай ғана көңілге қонады. Мысалы, Нәзира әпкем кетерінде, бізге азық етуге бір аптаға жетерлік етіп бидай қалдырып кеткен, содан күнде ертеңгілік әрқайсымызға екі қос уыс (менің қос уысыммен) мөлшерінде бидай өлшеп аламыз да соны қуырып, қол диірменге тартып бір күнге азық етеміз. Әрине, қарнымыз шала құрсақ қана тояды. Бірақ соған үйреніп алғанбыз, қанағат қыламыз. Бір күнге әлгі. мөлшерден көп қуыруға әсте болмайды, өйткені артық қуырылған бидай болса жеп қоюымыз мүмкін, сөйтіп, бір аптаға бөлінген азығымызды тез бітіріп алсақ, Нәзира әпкем қайтып оралғанша, ашығып қалуымыз мүмкін. Сондықтан Нәзира әпкем кетерінде, маған таптап-таптап тапсырып кеткен:

− Мына кішкентайлар жыласа, әжем шыдай алмай жегізіп қоюы мүмкін. Сенің ақылың бар ғой, Қанатай, бидайды үнемдеп, күнделікті жейтіндей етіп қана қуыратын болыңдар. Азықтарыңды тез тауысып алып, ашығып қап жүрмеңдер,- деген. Әпкемнің сол тапсырмасын мүлтіксіз орындауға тырысам.

Қырсық болғанда екі-үш күннен бері әжем ауырып қалды. Осыдан он шақты күн бұрын станцияға жөнелтілетін астықты тазаласамыз деп ауылдың кемпірлері тас қоймада ертеден кешке дейін бидай ұшыруға көмектескен. Әжем сол кемпірлердің ен ортасында айрықша пысықсынып кетіп еді, сонда суық тисе керек. Кеше ыңқылдай жүрсе де бидайды өзі қуырып беріп еді, бүгін ертеден бері басын көтере алмай жатыр. Денесі лапылдап жанып, ыстығы көтеріліп, қатты ыңқылдайды. Ертеңгісін мен қайнатып берген ақ су — шайды да іше алмады.

− Бәлкім, кішкене оранып жатып терлесем, тұрып кетермін,- деп тарс бүркеніп, үйдегі қалың көрпелерді сыртынан қымтап жапқызған. Терлеп жатыр.

Түс боп қалды, бірақ әзірге әжем тұра алатын емес. Кішкене балалар не істерлерін білмей, біресе пештің алдына үймелей отырып от жағып, масақ теріп, біресе терезенің алдына барып әйнекке тұрған қалың қырауды тырмалап, сыртқа сығалап сең соққандай күйде.

− Әжем өліп қалмай ма? — дейді Жанар көзі жасаурап.

− Қой, жаман сөз айтпа! — деп Болат оған жекіп тастайды.

«Шынында да, әжем өліп қалмай ма» деген ой келгенде, менің де зәре-құтым ұшады. Бірде Нұрсұлудың шешесіне оның: «Жылым — мешін, сонда биыл мүшел жастамын, жетпістің үшеуіндемін, қатер жастамын…» — деп айтқанын естігем. Демек, өзі қауіптенсе, өліп қалуы да мүмкін ғой. Онда біз де тегіс қырылып қаламыз ғой. Бұл ойымды онан әрі өрбітуге дәтім шыдамайды. Дереу басқа бірдеңелерді ойлағым келеді.

Әдетте, күн ашықта мектепте сабақта болып, үзіліс кезінде балалармен алыс-жұлыс ойнап жүріп ештеңені ойлауға да, жабығып мұңаюға да мұршаң болмайды. Ал мынадай боранды күндері ертеден кешке дейін үйде қамалып отырғаннан өткен қасірет жоқ шығар. Мұндай күндері мектепте сабақ болмайды.

Әнипа апай: «Боранды күні мектепке келмеңдер, сабақ болмайды»,- деген алғашқы күн-ақ.

Міне, екі күн болды, қамалып үйде отырғаныма. Тыстан «у-у…» — деп ұлыған боран үні естіледі, сыртқы есікті жұлқылап, сарт-сұрт еткізіп қағып қояды. Осындай күндері ішқұсаланып, не істерімді білмей жабығып, боранға қосыла ұлып жылағым келеді. Көкемді есіме алам, әскерге кетерінде оны шығарып салып тұрып әжем де, апам да, Нәзира әпкем де жылап еді, тек мен ғана жыламап едім. Сөйтсем, жылаудың не екенін білмеген екем ғой. Оның соғыстан қайтпайтынын да түсінбеппін. Енді, міне, сонда жыламағаныма өкінем. Бәлкім, мен де жылағанымда, көз жасымды көріп оққа ұшпас па еді… Апамды есіме алам: ауылда жүріп-ақ, ауырмай-сырқамай, қапыда ұры-қара біреулердің қолынан қаза тапқаны өкінішті-ақ. Әттең, қасында көкем болса ғой, сонда кім қолын көтерер еді оған… Шіркін, апам!.. Осы күні әркімнен көрген жәбір-жапамды айтып, шағынып жылағым келеді.

Aпа… Апа…

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий