Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Төкпей араластырайын десем, ожауды солақай қолмен ұстау тіптен икемсіз, қолымның күші жетпейді, ал қазанның түбі күйіп барады. Енді бір сәт піскен болу керек, бидайдың сілекей шұбыртқан тәтті иісі бұрқырап кетті. Қазаннан көз алмай телміре қарап тұрған Жанат пен Жанарға:

− Тез, тегешті әкеліңдер! — деп бұйырдым.

− Тегеш қайда? — деді сасып қалған Жанат.

− Мен қайдан білейін, іздеп тап. Бол, тез, бидай күйіп кетеді, енді.

Күні бұрын бәрін дайындап қоймағандықтан, бір-бірімізбен қақтығыса-соқтығыса, қай ыдыстың қайда екенін білмей, үйдің ішін зыр жүгіре айналып жүріп тегешті тапқанымызша, қазаннан қайнаған судан көтерілетін бу тәрізді бұрқырап ыстық жалын шыға бастады. Жалма-жан асып-сасып әлгі добалдай ожаумен қуырылған бидайды түсіргенімше, біразы шашылып, ал соңғы жағы қап-қара боп күйіп, кішкентай қара қоңыздар құсап кетті.

− Әй, Қанатай, балам, бидайың күйіп кетті ғой,- деді тарс бүркеніп жатқан әжем де шыдай алмай басын көтеріп.

− Ештеңе етпейді, онша көп күйген жоқ,- деп қойдым.

− Қазаның жарылып кетпесін, ақырындап су құйып қой.

− Жарайды.

Шар еткізіп қазанға су құйып қойдым.

Енді байқадым, үйдің іші көк түтінденіп күйік сасып кетіпті. Сәл есікті ашып алуға тура келді.

− Анау күйген бидайлардың бәрін мен жеп қоям,- деді Жанат сілекейін жұтынып.

− Мен жеймін,- деп Жанар таласа түсті.

− Тиыш тұрыңдар, бәріміз бірге жейміз,- деді Болат үлкендігін білдіріп, онан соң саған қарап: — Сөйтеміз ғой, Қанат? — деген.

Қуырылған бидайдың үстіңгі жағындағы қап-қара қоңыз боп кеткен бір тостағандай бидайды қайтерімді білмей тұрғам, кішкене балалардың мына сөздерінен кейін тегеш ішіне тегіс араластырып жібердім.

− Иә, бәріміз бірге жейміз,- дедім.

Осы сәт әжем басын қайта көтеріп:

− Әй, балам, бидайыңды күйдіріп алдың-ау, ә,- деді ыңқылдай сөйлеп.

− Аздап қана күйді.

− Әже, біз ол күйгендерін де жеп қоямыз,- деген Жанат айқайлай сөйлеп.

− Жемеңдер, іштеріңді ауыртады,- деді әжем даусын қатайтып.- Күйген бидайдан тазартып барып тартыңдар диірменге.

− Мақұл, әже.

Енді тегештегі ыстық бидайды үстел үстіне төгіп, төртеуміз төрт жағынан отыра қалдық та, әлгіндегі өзім араластырған қара қоңыз күйіктерді бір-бірлеп бөліп теруге кірістік. Сілекейіміз шұбыра отырып аузымызға бір дән салмастан бар ынтамызбен тазалап отырмыз.

− Жанар, жеме күйген бидайды,- дейді бір кез Болат.

− Мен жегем жоқ.

− Кәне, аузыңды ашшы?

− Міне, көр, а-а…

− Әне, тілің мен тістерің қап-қара көмір боп тұр ғой.

− Мен жегем жоқ. Бір күйік бидайдың өзі аузыма түсіп кетті,- деп ақталды Жанар.

− Жемеңдер, іштерің ауырады. Қазір тазартып болған соң, диірменге тартып, талқан етіп сүтке шылап жейміз,- деймін мен үлкендігімді білдіріп. Ал өзім іштей: «Осы күйік бидайды жегеннен менің ішім ауырмас еді»,- деп тамсанып қоям.

Тазартып тас диірменге тартқаннан кейінгі талқанымыздың түрі құмдауыт жердің күлгін топырағындай болды. Бір кесе ыстық суға жарты кесе сүт қосып шылағаннан кейін, дәмі тіл үйіргендей тәп-тәтті боп шыға келді. Әжемді тұрғызып үстел басына шайға отырғызғанбыз, көзі кіртиіп шылаған талқанымыздың түріне үңіле қарады да:

− Балам-ай, қатты күйдіріп апсың-ау,- деді.

− Күйсе де тәтті,- деп, Жанар талқанды асай түсіп, шаң жуытар емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий