Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза
-
Название:Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:124
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»
Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги
Осыны ойлауы мұң екен, Тұрар бұрынғыдан бетер дегбірсізденіп, тұра қашқысы келді. Приходькодан қорқады, керулі адамның көзқарасынан қорқады. «Неге керіп тастаған?» Әкесі Рысқұлдың Саймасайлар байлап тастап, жабыла сабағанда бір сәтке басы осылайша салбырап қалып еді. Тұрардың суретке тесіле қарап қалғанын көптен байқап тұрған Приходько:
– Иисус Христос. Құдіретті құдай, – деді.
«Құдайдың өзі осындай қорлыққа ұшыраса, өзге жұрт не болмақ? Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан ізде – деген осы да».
– Мырза, мен аттарға бара тұрсам қайтеді?! Асау немелерді біреу-міреу үркітіп жүре ме? – деп сыбырлады Тұрар. Приходько бұрылмастан:
– Бара бер! – деп зілдене күңк етті.
Тұрар адамдардың ара-арасын зыта кеп жөнелді. Қара жамылған бір кемпір ашулы көзімен ата қарап:
– Ух, басурман, нехрист! – деп ысылдап қалды.
Тұрардың бұл кетісіне көрмеде тұрған құдай да, оның әулие апостолдары да, мінбедегі епископ та, собор толы діндарлар да риза емес сияқты көрінді. Тек собордан шыға келгенде табалдырықтан бастап, қақпаға дейін тізіліп тұрған қайыршылар ғана оған телміре қол созып, бастарын иіп, әдеттен айнымай тұр. Табалдырықтан қақпаға дейін желі байлам жер Тұрарға қыл көпірдің үстіндей, тозақ отының арасындай сезілген. Қалтасында ырымға қара бақыры жоқ, өзі жалшы баладан да қайыр-садақа дәмететін жандар болады екен. Құдайдың өз үйінде мұншама қайыршылық болар деп кім ойлаған?!
* * *
Арыстанның еміренуі өзінше. Тіпті туған баласына мейірі түскеннің өзінде түр ашулы сияқты көрінеді. Біреудің еркелеткенін көтеретіні де, көтермейтіні де белгісіз. Жалынан сипасаң күдірейе түседі.
Бронниковке Рысқұлдың іші көпке дейін жылымай қойған. Бірақ осы бір орысты баласы жақсы көріп кеткен соң, бірте-бірте мұздай жүрек жібиін деді.
Әбден сыралғы болып, сенім артқан соң, бір күні Рысқұл Бронниковке:
– Әй, Ескендір, өстіп жата береміз бе? Қашсақ қайтеді? – деді.
Енді Бронников сезіктенетін сияқты. «Түрменің алпауыттарының тұзағы емес пе екен? Мені арандатпақшы-ау, сірә?!»
– Қайтіп? – бұ да сыр тартпақ болып.
– Сен көп білетін бәлесін ғой. Айласын тап.
– Айла-амал жоқ, – Бронников камераның ішін көзімен тінтіп шығып. Бір ауық темір құрсаулы терезеге қадалып қалды. – Мүмкін емес. Болат ара керек. Ол бізде жоқ: ана білектей темірді сындыра алмайсың. Мынау болса тас. – Бронников жалпақ алақанымен суық сұр қабырғаны сипалап қойды.
Темір есіктің көздей тесігінің қақпағы көтеріліп, ар жақтан надзирательдің жалғыз жанары оқтаулы мылтықтай суық қадалды.
Надзирательдің жалғыз көзі сөніп қалғандай тайып кетті де, қақпақ қайта жабылды.
– Иттің иісшілі-ай, – деді Рысқұл. – Дереу сезе қоюын қарашы. Біздің сөзімізді оған жеткізіп тұратын сайтаны бар ма, немене... Осы екеуміз өтірік төбелессек қайтеді, а? Сонда әлгі ит асығып есік ашады. Әй-шайға келтірмей аузын басып, дамбалын басына кигізіп, есіктен-ақ шығып кетпейміз бе?
– Мүмкін емес, – Бронников басын шайқап. – Бұлар ол айланы әлдеқашан есепке алып қойған. Біреу ішке кіргенде, екіншісі сыртта аңдып тұрады.
– Сен білмейсің ғой, мен бір рет бұл түрмеден қашып шыққам, – деді Рысқұл тыртығы көп тақыр басын алақанымен асықпай сипалап. – Мына бас не көрмеген бас. О, сондағы бостандық-ай! Тура бес күн бостандықта болдым. Қашып жүрдім. Үйде бір күн де түнеген жоқпын. Белімді бір шешкен емеспін. Тарғыл тас төсек, қара тас жастық болды. Бірақ соның өзі құс мамықтай еді-ау, қайран!..
– Дәл осы түрмеде ме? Қашан? – деді Бронников таң қалып.
– Дәл осы түрме. Бірақ камера басқа еді. Қыш там болатын. Былтыр жаз өтіп бара жатқан шама ғой.
– Онда неге ұсталып жүрсің?
– Е, Ескендір тамыр, ол көп әңгіме...
– Түрме ішінде екеумізге әңгімеден басқа не ермек бар?