Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– А-а, Тұрар Рысқұлов. Әлбетте, білемін. Ол нағыз мүттайым, мұсылман қауымынан шыққан кәпір ғой. Игі қауымның ауқатын тартып алып, кедейлерге, құл-құтанға бергізу керек деп, бүлік салып жүрген сол емес пе? Оны қалай пәтерге тұрғызып жүргенсіңдер?

– Қасиетті әулием! Мен емес, Сәбден, – деп Әбден бүк түсіп, бүкірейді де қалды. – Сол большевик жаңа ғана үйден қаруланып шығып кетіпті. Бір сұмдық болмасын, большевиктер бір пәле ойлап жүрмесін деген күдік мені сізге айдап келді, қасиеттім.

Ғұмар-имам түсі сұрланып, тақыр басын сипалап, сәл ойланып қалды.

– Келгенің дұрыс болған. Әбден әфенді, дұрыс болған... Тез Астахов мырзаға хабарласу керек. Әттең, «Шуро-и-Исламияның» таскері жоқ, өз өкіметі жоқ. Сондықтан орыс та болса, Уақытша үкіметпен қол ұстаспаса болмайды. Екі тажалдың біреуін таңдау лазым. Большевиктен гөрі меньшевик тиімділеу біздің мұсылман қауымына, ұқтың ба, Әбден әфенді? Сондықтан екеуміз тез Астахов мырзаға жетсек керек. Ол да осы Кауфманның бойында. «Шуро-и- Исламия» өз қуатына кіріп алғанша, Уақытша үкіметпен ыңғайласып текені – жезде, ешкіні – апа, дей тұруға мәжбүрміз.

– Қасиетті имам, мен оқуым там-тұм, надан адаммын. Әйтеуір құдайға құлшылық ниетімен сіз ұстап тұрған қасиетті мешітке жұма намаздан қалмай барып тұрамын. Бірақ түсінбейтін нәрселерім көп, – деп Әбден мыртық қанден құсап, дауылды көшеде имамның ана жағынан бір, мына жағынан бір шығып, желдің ығына жығылып, жортаңдап келе жатты. – Айып көрмесеңіз, бір сауалым бар. Жаңа Уақытша үкіметпен уақытша тіл табыса тұрамыз дедіңіз. Сонда кейін өзіміздің қолымыз өз аузымызға жетер күн туа ма, қасиетті имам?

– Иә, Әбден әфенді, Аллаға сыйынып, Мұхаммед туын көтеріп, мұсылман өкіметін орнатамыз. Кәпірлерден киелі топырағымызды тазартамыз. Сендердің, қазақтардың зиялылары адасып жүр. «Алашорда» дегенді құрыпты. Құдайға шүкір, әйтеуір біздің Әулие-Атаға ол тамырын жая қойған жоқ. «Алашорда» дегені тек қазақ миллатының мүддесін көздемек. Өте келте ойлайды олар. Бүкіл ислам тұрғысынан ойласу керек. «Шуро-и-Исламия» мүддесі сол. Мұсылман қауым біріккенде ғана кәпірлерді жеңе аламыз. Білдің бе, Әбден әфенді, қазақ қандастарға осыны айта бер, айта бер.

* * *

Қара дауылдың, соңы ақ боранға айналып, ақ мұнар арасынан Әулие-Ата атырабына жаңа таң атып келе жатты.

Совдеп мүшелері гарнизонға бас-аяғы бірер сағаттың ішінде жиналып та қалды. Чернышев, Федоров-Заводский, Карев, Цыганок сияқты тарлан большевиктер Степан Хмелевский мен Тұрар Рысқұловты сүйініш хабармен құттықтап, құшақтасып, сүйісіп, кейбіреулері көзіне жас алып, балаға ұқсап айқайлап жүр.

– Жолдастар! – деп дауыстады Тұрар мына жан тебіренткен жақсы қауышушыларды ажыратқысы келмегендей сәл тоқтап тұрып. Жұрттың назары бұған ауғанда, сөзін сабақтады. – Қуаныш құтты болсын! Бірақ Әулие-Ата Уақытша үкіметі әлі құлаған жоқ. Қуаныш үстінде осыны естен шығармайық. Қазір жұбымызды жазбай Уақытша үкіметтің кеңсесіне барып, мүмкіндігінше қан төгіспей, билікті заңды түрде қолға алайық. Уақытша үкіметті таратып, яки құлатып, Кеңес өкіметі орнағанын халыққа салтанатпен жариялауымыз керек. Ол үшін уақытты өзімізге сенімді серік етпесек болмас. Гарнизон солдаттары Уақытша үкімет үйін қоршап алғаны жөн деп білемін. Ал Совдеп мүшелері кеңсеге еніп, Астаховты және оның орынбасарларын, үкімет мүшелерін шақыртып алуымыз керек. Сөйтіп, оларға ерікті түрде биліктен бас тартқызу керек. Оған көнбеген жағдайда ғана қарулы күш жұмсалады. Қалай қарайсыздар бұл ұсынысқа, жолдастар?

– Дұрыс! Дұрыс! – деген айқаймен әлгі қуанышқа мас қауым Тұрарды жерден көтеріп алып, бірнеше әлуетті қол оны аспанға атқылап, қақпақылдап қайта тосып алып, қайта атқылап, жерге әрең дегенде түсірді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий