Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Хмелевский тоқпақтай жуан жұдырығын мұртына еріксіз апара берді де:

– Дұрыс, бауырым. Мен де елегізіп, ұйықтай алған жоқпын. Жүргенге жөргем ілеседі, айда, кеттік! – деп Тұрардың жауырынынан жалпақ алақанымен сарт еткізіп салып қалды.

– Әйткенмен, сен бауырым, балуанға ұқсайсың, – деді Хмелевский өзінің әлуетті қолы тұтасқан тасқа тигендей болғанын сезіп. – Жотаң мықты екен.

– О, Степан Кнутович, менікі тек балуандықтың жұрнағы ғана ғой. Нағыз балуан менің әкем еді ғой, – деп Тұрар көзілдіріктің аржағынан қара барқын мұнарда жанары жасаурағандай болып көрінді.

– Да-да, – деп Хмелевский де мұңайғандай кейіп танытты. – Қайран әке. Менің әкем де күшті еді. Жалғыз атымыз әбден арығанда, кейде соқаны өзі сүйрейтін. Жер тістелеп жүріп, жоқшылықпен арпалысып жүріп, о да өтті дүниеден... Жә! Жетер! Өткен-кеткенді кейін еске ала жатармыз. Кеттік станцияға. Грач! Аттарды дайында! – деп гарнизон қарауылына айқай салды.

* * *

Арыстан тартылған темір жол мың да тоғыз жүз он жетінші жылдың жазында Шақпақ асуынан өтіп, Жуалының жонарқасы – Боранды деген жерге келіп тоқтап қалған. Әуелгі ниет бойынша бұл «шойын жол» әлдеқашан Әулие-Атаға жету керек еді. Болашақ станцияның үйлері салынып, жұмысшылар құралып, Әулие-Ата жарықтық «отарбаны» қарсы алуға қамданғалы қашан?! Бірақ дүниежүзілік соғыстың ботқасына малшынып қалған патшалық Ресейдің қазынасы қағылып, қаржы жетпей темір жол өкпек желдің өтінде, Талас Алатауын бауырлап, қасиетті Қаратауды сауырлап, Жуалы жерінде қақалды да қалды. Кейіннен сол бекет – Бурное аталып кетті.

Бірақ Әулие-Атаға темір жол жетпегенмен, телеграф бағандары қағылып, сымы тартылып, Ташкентпен байланыс орнап үлгірген. Телеграф әкімшілігі Әулие-Атадағы уақытша үкіметтің қолында болатын.

Станцияға жету ақырет болды. Дауыл бұрынғыдан да үдей түскендей еді. Көлденең құлап жатқан теректер мен бағандардан өте алмай, ат айдаушы Грач арбаны келесі көшеге бұруға мәжбүр. Арба үстіндегілер бір-бірімен айқайлап сөйлеспесе, бірін бірі естімейді.

– Степан Кнутович, үстімізге ағаш құласа қайтеміз? – деп артына бұрылып айқайлады Грач.

– Қорықпа, Грач, дауылдан тек қаңқылдақ қаздар, маймақ пингвиндер ғана қорқады. Сен Грачсың ғой, – деп күлді Тұрар. – Максим Горький деген жазушыны білесің бе?

– Білмеймін, жолдас Рысқұлов.

– Білмесең, Горький деген революция жазушысы бар. «Дауылпаз» деген жырын тауып оқығын. Рас, ондағы герой – Дауылпаз құс, сенің фамилияң сияқты – ұзақ қарға емес. Бірақ ұзақ қарға жақсы құс. Ол – көктем құсы ғой, солай емес пе, Степан Кнутович?

– Дәл солай. Грач – птица весенняя. Оның да Дауылпазға айланып кетуі әбден ықтимал.

Өзін Дауылпазға теңегенге көңілі өсіп қалған Грач аттарды сауырлап, жүрісті өндіре түсті. Ақыры станцияның жел шайқаған фонарының дірілдек сәулесі де көрінді.

Жатаған үйлері дауылдан жер бауырлай түскен ұзын, бұралаң көше кенет кілт үзіліп, малта тас төсеген жол шорт кесілді де, Грачтың арбасы ойқы-шойқы жолсыз жермен сықырлап барып, оқшау тұрған ақ үйдің алдына тоқтады.

Телеграфист мұрны қолағаштай, сол мұрын жайғасқан беті асқабақтай ірі кісі екен. Совдептің басшыларына қомсына қарап, айылын жияр емес.

– Уақытша үкіметтің бастығы рұқсат етпейінше, телеграф іске қосылмайды. Әуре болмаңыздар. Тіпті телеграф үйіне енуге қақыларыңыз жоқ. Шығып тұруларыңызды сұраймын, мырзалар.

– Біз «мырзалар» емеспіз, «жолдастар» деп атауыңызды өтінеміз, – деді Хмелевский сабыр сақтап. – Сіз қай партияның адамысыз?

– Ешқандай партияны мойындамаймын! – деп гүжілдеді дәу. – Мен үкіметті мойындаймын. Партия дегеніңіз көп. Үкімет біреу. Кімді мойындау керек? Ойлаңызшы өзіңіз, мырза...а жолдас... ғафу етіңіз...

– Жолдас Хмелевский.

– Иә, жолдас Хмелевский.

– Сіз солдаттар, жұмысшылар, шаруалар Кеңесі дегенді естіген шығарсыз... кешіріңіз, аты-жөніңіз?

– Павло Сахно. Павло Кондратьевич.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий