Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кушекин өзінің зымиян ойынан ұялғандай, қайта Рысқұловқа риза болғандай, реңі өзгеріп сала берді. Ол тегі Рысқұловтың «еңсеңізді көтеріңіз» деген қорлықты ескертпесін де кешіргендей. Жоқ, байқайды, Рысқұлов раис креслосына ұмтылып тұрған жоқ.

– Кешіріңіздер, – деді Кушекин шырылдап шығатын жіңішке дауыспен. – Біз де ет жүректі пендеміз. – Әлі қалтасына салып үлгермей, уысына мыжып ұстап отырған орамалмен көзін және сүртті. – Революция қанша қаталдық талап еткенмен, қайғы қатты. Қайғы орасан. Шынын айтсам, есеңгіреп қалғанымыз рас. Коммунист Осипов опасыз деген кімнің ойында бар?

– «Осипов» деген сөздің тұсына «коммунист» деген сөзді тіркемей сөйлегеніміз дұрыс, – деп қалды Рысқұлов.

Кушекиннің Рысқұловқа деген әлгібір сезімі лезде өшті.

– Дегенмен, Осипов коммунистер партиясының мүшесі болып жүргенін жасыруға болмайды ғой, – деп Кушекиннің үні тым шырылдап шықты. – Сол себепті де оған бүкіл Түркістан әскери күштерін сеніп тапсырып қойған жоқпыз ба? Марқұм болған адам туралы пікір айту қиын. Бірақ марқұм Вотинцев Осиповке қатты сенді.

Тұрсынходжаев мұртының ұшын шиыршықтап қойды:

– Оған жалғаз Вотинцев емес, бәріміз кінәліміз. ЧК, оның бастығы марқұм Фоменко, ТүркЦИК төрағасының орынбасары сіз, жолдас Кушекин, Ерекше бөлім бастығы сіз, жолдас Успенскиий, бәріміз.

Жаңа ғанa қанды майдан,соғыстан шыққан адамдардың жай-күйін Рысқұлов түсініп отыр. Бәрінің жүйкесі жүндей түтілген. Өмір мен өлім бетпе-бет келген сәттен аман шыққан комиссарлар әңгімені бірден зәру мәселеге тірей алмай, қажаса бергені жақсылық емес.

– Қазіргі жағдай кикілжіңді көтермейді, – деді орнынан тұрмастан. Дереу әрекет жоспарын жасайық. ТүркЦИК сессиясын шақырайық. Түркістанда Кеңес өкіметі бар екенін, оның жойылмағанын танытайық халыққа. Барлық билікті Реввоен-советтің қолына беріп қою туралы Кушекиннің пікірін мен құптамаймын. ТүркЦИК өлген жоқ. Өлсе, оның төрағасы Вотинцев өлді. Түрксовнарком өлген жоқ. Өлсе, оның төрағасы Фигельский өлді. Ал олар қаза болды деп ТүркЦИК пен Түрксовнаркомды қоса жерлей алмаймыз. ЦИК пен Совнарком біздің үлы революцияның жемісі және символы. Түркістанда Кеңес өкіметі орнаған. Ол құлаған жоқ. Ал Реввоенсовет Кеңес өкіметін жоққа шығармауы керек. Реввоенсовет құрыла берсін, бірақ Кеңес өкіметінің өкілеттігін алмасын. Онда халық мұны қате түсінеді.

Кушекиннің ұрты салбырай бастады. Жалпақ иегімен қосарланған әукесі тершіп жылт-жылт етеді. Өзімен ниеттес деген комиссарларды тұқшиып отырып, көзінің болар-болмас қиығымен бір-бір шолып өтті. Солшыл-эсер Успенский қопаңдап-қопаңдап қойды. Қалың жирен мұрты дүрдиіңкіреп тұр екен. Успенский мұны жалғыз қалдырмас. Оның оң жағын ала отырған, Успенскийдің қасында баладай болып көрінетін Нәзір Төреқұловтың қушық, арық иығы қиқаң еткендей болды. «Бұл қанына тартатын шығар, бірақ Рысқұловқа қарсы қоюдың амалын тапса, бұл оңай жау емес». Айтса айтқандай, Успенский жөткірініп алып:

– Дәл қазір тек қана Реввоенсовет! – деп бір-ақ кесті.

– Бізге түскен ауыртпалық Орталыққа, Мәскеуге түспей тұр ма екен? – Рысқұловтың сөзі сақпан атылғандай, ес жидырмай сарт ете қалды. – Ал Орталықты Реввоенсовет басқарып отырған жоқ қой!

Успенский қайтып қарым айтуға жарамады. Төреқұловтың жұқалаң, сұлуша, бидай өңді шырайы лып ете қалып, лып етіп лезде қалпына келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий