Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кобозевті сауатсыз деп ешкім айта алмас. Мың да сегіз жүз тоқсан сегізінші жылдан бері коммунистік партияның мүшесі. Ригада политехника институтын бітірген. Марксизмді бір кісідей-ақ білген. Ал көшпенділер тірілер санатынан шығып қалуға тиіс деген үзілді-кесілді тұжырымды ұшыратқан емес. Ал марксизмді түгел игеріп, бастан-аяқ оқып, зейіндеп шыққан кім бар? Бар ғой. Бірақ аз ғой. Кім біледі, бір жерде айтса, айтқан да болар.

Кобозев осылай марксизмнің ұшан-теңіз қиырына көз жеткізе алмай, Кушекинге қарсы қалай дау айтарын білмей отырғанда, Рысқұлов орнынан тағы тұрды. Байқайды, бұл жолы Рысқұловтың өңі өртеніп бара жатқандай екен. Өзін-өзі тек орасан жігермен жүгендеп тұрғаны сезіледі. Әйтпесе тарс кетпекші.

– Құрметті Кушекин, – деп бастады ол әр сөзін салмақтап. Бірақ нығыз даусы бас білмеген асаудай бұлқынып, ықтиярдан ырықсыз айқайлап кете жаздап тұр. – Сіз күні кеше Түркістанды билеп-төстеген колонизатор генерал-губернатор фон Кауфманнан да асып түстіңіз. Генерал-губернатор Кауфман отаршылдық саясаттың адал құлы болатын. Оның қасында генерал Черняев өзін Наполеон санаушы еді. Ал Кауфман тамақ үстінде мойнына ақ салфетка іліп қойып, бір қолына күміс шанышқы, бір қолына күміс пышақ ұстап отырып, тұтқын түземдерді ондап, жүздеп ату туралы бұйрық бере беретін. Қасында адъютанты тұтқындардың аты-жөнін оқып тұратын, ал генерал:

– Атуға! – деп күміс пышақты қолын сермеп қалып отыратын. Бірақ сөйткен Кауфманның өзі көшпенді түземдерді жер бетінен түгел жойып жіберуге әрекеттенбеген. Жүздеп, мыңдап қырған, бірақ халық ретінде тып-типыл ете алмаған. Ал сіз, Кушекин, РСДРП-ның солшыл эсер тармағынан күні кеше большевиктер қатарына өтіп алып, бүгін күллі марксистер атынан тұтас бір халыққа өлім үкімін шығарғыңыз келеді. Егер сіз айтқандай, көшпенді халық бәрібір жойылар болса, егер олар бақытты күнге жете алмай, бәрібір сүйегі қуарар болса, онда... сол қиырдан қиырға дейін шашылған сүйектің орнына орнаған ӨКІМЕТ кі-мге ке-рр-ек!!! – Соңғы сөздерді айтқанда Рысқұлов ақыры тарс кетіп тынды: ышқына айқайлап жіберді.

Кейбіреулер шошып кетіп, орындарынан түрегелді. Әлдекім Кушекиннің алдындағы графиннен су құйып алып, Рысқұловқа ұсына берді. Ол:

– Рақмет! – деп жымиды да қойды. Сонда барып жұрт тынышталды. Бірақ Низамеддиннің шықшыты аунақшып, бұлтылдай жөнелді. Тұрсынходжаев мұртының ұшын саусағына орап-орап жұлып алатындай көрінді. Кушекиннің көзінің алды жыбырлап ала жөнелді. Көзін сүрткен болып, қолымен бетін көлегейледі. Бірақ сол қолдың өзі тынымсыз діріл қақты.

Кобозев әлгіде азаптана іздеген сұрақтың жауабы соншалықты қарапайым, соншалықты дәл, соншалықты қаһарлы екеніне таң қалды да, Рысқұловқа сөз тастады.

– Айтыңызшы, жолдас Рысқұлов, қазір республикада қанша халық ашаршылыққа ұшырап отыр?

– Сыпайылап, ықшамдап айтқанда бір жарым миллион адам. Бұл әбден шыңына жеткендер. Ал бүгін-ертең бұл цифр еселей бермек.

– Не себеп?

– Себеп: екі жыл қатарынан қуаңшылық. Егін шықпады, жем-шөп және жоқ. Мал қырылды. Сондықтан республиканың ең кедей табы, күні кеше патша заманында жоқшылық көргендер, бүгін ең алдымен ажал құрығына ілініп отыр. Бұл – Кеңес өкіметіне ең тілектес қауым. Ал Кеңес өкіметі оған әзір қол ұшын бере алмай тұр. Сондықтан халықтың сенімінен айырылып қалайық деп тұрмыз, жолдас Кобозев. Әсіресе мал бағып күн көрген халық қатты қаусап тұр. Алғы дейтін улы түбірді қазып жеп қаңғып кетті. Жер-жерде Кеңес өкіметі әлі нығайған жоқ. Жат элементтер тонын айналдырып киіп алып, зиянкестік әрекеттер де жасауда. Елдің наразылығы оларға тиімді. Ал Түркістан өкіметі пәрменді күрес жүргізбей отыр.

– Сіз басқарып отырған помгол2 не тындырды?

– Аштарға арнап Ташкенттен және уезд орталықтарынан тамақтандыру пункттерін ашты. Қолөнер артельдерін ашып, аштарды жұмысқа тарту шарасы жүргізілді.

– Қаржыны кім берді?

– Байлардан алым-салық алу жолымен.

– Тығырықтан шығу жолы қайсы?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий