Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мен өзіңіз айтқан номад баласымын. Соноу жердің түбінен Самараға әрең жетіп едім. Оқуға қабылдаңыз, – дедім.

Ректор алтын шынжыр баулы көзілдірігін ақ қолғапты қолымен түзеп киіп, бетіме үңіле қарап тұрып:

– Еліңе қайт, жігітім, сенің халқың егін салмайды, мал бағады. Малыңды бағып жүре бер, – деді.

– Кешіріңіз, қазір біздің елде де егіншілікпен айналысады. Білмеуші ме едіңіз? Столыпин реакциясынан кейін жерге егін салу бізде де жанданды.

– Е, жігітім, ондағы егін салушылар – Ресейден барғандар. Ендеше, солар айналыса берсін. Сен малыңа бар, – деп сыпайы ғана арқамнан қақты да, жүре берді. Жүріп бара жатып, ақ қолғабын екінші қолымен қағып-қағып қойды. Әңгіме сонымен тәмәм болды, Шалва Зубарович.

Элиава күрсінді.

– Сонымен кері қайтып кеттіңіз бе?

– Қайтайын десем, қалтада соқыр тиын жоқ. Орыс тілінен менен емтихан алған мұғалім, әлі атын ұмытқан жоқпын, Виктор Васильевич Болотников деген кісі ректордың қылығына қатты ашуланды. Сөйтсем, орыстың ұлығы орыстардың өзін де тыңдамайды екен, Болотников ректорға сөзін өткізе алмады. Ақыры ақылын айтты:

– Қаржың жоқ болса, пристаньға бар да жүкші бол. Жарты ай, бір айда қаржы жинап, еліңе қайт, – деді.

Ақмар дейтін башқұрт жігіті екеуіміз, о да номад ретінде оқуға қабылданбаған, пристаньға барып, Еділ кемелерінде жүк түсіріп, жүк тиеп, бір ай шамасында жұмыс істеп, содан түскен тиынға билет алып, Ташкентке әрең жеткенмін...– Рысқұлов сөзін айтып бітірмей:

– Ананы қараңыз! – деп дауыстап жіберді.

– О не? – Элиава Рысқұлов нұсқаған далаға жалт қарады.

Әлгіде Ташкент вокзалында жолыққан құндыз бөрікті қазақ қызыл айғырды көсілтіп, пойызбен жарысып келеді екен. Қызылдың жал-құйрығы тұлпардың тұрқымен бірдей шаншылып, үстіндегі адам жал құшып, соңында бұрқ-бұрқ еткен шұбалаңқы шаң қалып, атқан оқтай зымырайды. Шабандоз құндыз бөркін қолына алып, пойыз жаққа қолын бұлғайды. Жұрттың у-шуына купеден Рудзутак та шығып, салт аттыны көріп:

– Мынау бағанағы вокзал басындағы адам ғой, – деді.

– Әй, рақмет, бауырым, ер екен, енді түсіндім, – деп Элиава сүйсінді. Пойызбен жарысқан қазақты машинист те байқаған екен, озаңдатып, паровоздан ұзақ гудок берді.

Құрығанда он километрдей оқша зулаған қызыл айғыр бірте-бірте қалыңқырай берді. Салт атты құндыз бөркін озып бара жатқан пойызға созды.

– Тұрар Рысқұлович, сіз бақыттысыз, – деді Рудзутак. – Мына қазақ сізді осынша жерге дейін шығарып салды ғой.

Рысқұлов масаттанудың орнына біртүрлі мұңайған сыңай танытты:

– Қызыл Жебеден тағы да көз жаздым, Ян Эрнестович.

– Қызыл Жебе сіз өзіңіз ғой. Жаңағы қалып қойған тек сіздің көлеңкеңіз ғана. Түркістаннан шығып, Мәскеуге заулап бара жатқан Қызыл Жебе – міне, сіз... әлі биікке атыласыз.

– Оны сіз бен біздің Ленин алдында кездесетін сәтіміз шешеді. Биікке атылу, яки құлдилап құзға құлау – бәрі де Ленин алдында белгілі болады.

– Оныңыз рас, Тұрар Рысқұлович, Ленин біздің айтысымызды әділ анықтары хақ.

– Жолдастар, шай дайын, купеге кірейік, – деп Шалва Элиава Рысқұлов пен Рудзутакты құшағы жеткенше қапсырып, дастарқан басына қарай икемдеді...

(Үшінші кітаптың соңы)

МАЗМҰНЫ

Жұлдыз көпір ( Үшінші кітап) 2

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий