Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Орындық жеткендері отырып, жетпегендері иінтіресіп түрегеп тұр.

– Сіздердің алдарыңызға қазір Түркістанның өнерлі студент жастары шығады, – деді Мұратбаев. – Сонымен қатар, Түркістанда гастрольде жүрген туысқан Қазан татарларының «Сәяр» ансамблінің өнерін тамашалайсыздар. Бұл интернационалдық концерттен түскен қаржы аштыққа ұшыраған халыққа көмекке беріледі...

Бірінші болып өзбектер биледі. Жігіті мен қызы. Жігіті ала тақия, белін күлдәрімен буған биқасап шапан, қызы сары ала атлас көйлек, тілерсегіне жеткенше қызыл ала атлас штан киген. Дағарашы музыканы таңқылдата бергенде-ақ қыз бен жігіт мың бұралып, лыпылдай жөнелген.

Рысқұлов Фрунзеге сыбырлап:

– Қыз болып билеп жүргенге зер салыңыз, – деді.

Фрунзе қадала қарап, отырып-отырып:

– Несі бар, өте әдемі, биязы билейді, – деді.

– Қыз болып билеп жүрген жігіт қой.

– Ә, солай ма? Айтпасаңыз, ойыма да келмес еді. Ой, қу-ай, аумайды ғой қыздан!

– Эстрадаға нағыз өзбек қызы шықса, жақсы-ақ болар еді. Бірақ әзірше қиын. Паранжаға қарсы күрес жүргізіп жатырмыз. Дін, ескі әдет пәрмені әлі күшті.

Келесі топ тәжік биін биледі.

– Сіз түркі тұқымға жатқызбайтын тәжіктер осылар. Әлгі өзбектер биінен не айырмашылығы бар?

Фрунзе үндеген жоқ. Тек би біткенде қолын қатты соқты.

Жүнін көзіне түсіре сеңсең бөрік киген түрікмендер де биге басты. Тек аппақ айыр қалпақты қырғыз жігіті құйқылжытып қомұз тартты.

– Міне, бұл менің нағыз жерлесім, – деп Фрунзе қомданып қойды. Қомұзшы жігіт жұртқа қарап, тағзым етіп, иілгенде Фрунзе қолын бұрынғыдан да қаттырақ соқты.

Қырғыз кеткен соң шымылдық жабылып қалып, сәлден соң қайта шылды. Сахнада молаға ұқсас төмпешік пайда болыпты. Жұрт «мұнысы несі?» – деп түсіне алмай, аң-таң болып тұрғанда, эстраданың арғы бетінен аңыраған ащы да зор дауыс кернейден де қатты естіліп, ақбоз атты біреу сахнаға шауып шықты.

Халық гу етті. Асау ақбоз үрке жаздап, тірсектері дір-дір етіп, ауыздықпен алысып, шыр айнала бергенде, сахна қапталынан екі жігіт жүгіріп шығып, атты тізгінінен, шылбырынан ала берді. Ал аңыраған салт атты ер үстінінен аунай түсіп, сахна ортасындағы тілсіз төмпешікті құшақтап құлап, тұңғиық терең, жүрек жұлқыр құдіретті әнге басты.

О, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,

Баяғы өзің көрген жерден келдім.

Сен неге мен келгенде тебіренбейсің?

Иіскеп бір сүйейін-ау деген едім... ай...

Рысқұлов Фрунзеге түсіндірмек болып, ән мазмұнын орысшалай бастап еді, Фрунзе:

– Білемін, білемін, түсінемін, – деді. Рысқұловқа Фрунзенің даусы дірілдегендей болып естілді.

Не керек алмас қылыш қын болмаса,

Өтірік неге керек шын болмаса.

Сен қалған отыз ұлдан едің Зәуреш,

Басыңды бір көтерші-ай тым болмаса...

Тілерсектен қан кешіп, өлімнің неше түрін көрген ұлы қолбасшы галифе қалтасынан орамал алып, мұртын сипаған болып, білдіртпегенсіп, көзін сүртті.

Рысқұлов ойлады: «Менің жиналыста, айтыста қызылкеңірдек болып, жүз рет сөйлегенімнен, мына жүрек жеген бір-ақ ән әлдеқайда құдіретті-ау».

Шексіз, шетсіз үн Ташкент аспанының астын тітірентіп, демі таусылмастай, әрі елжіреп, әрі еңіреп, әр жүректі тілімдеп тұрып алды.

– Ой, бауыр-ем! – деп әлдекім қалыңның ішінен ышқына айқайлап жіберді. Бүкіл халық ішінен тынып, тығылып-тығылып, үнсіз жылап тұрды.

Әлден уақытта барып, әнші бауырын көтеріп, орнынан тұрып, халыққа қарап тәжім етті. Саңқ-саңқ етіп сөйлеп кетті:

– Мен осы «Зәурешті» аштықтан, обадан, сүзектен қырылғaн бауырлар рухына бағыштадым. Енді бізге аштық, оба, сүзек сияқты тажалдар жоламайды. Өйткені Кеңес өкіметі халықты қорғайтын болады. Ендігі жерде мен сіздерге тек қуаныш әнін, ғашықтар әнін ғана айтатын боламын.

Жап-жас жігіттің тұла бойынан шоқ шашырап тұрғандай еді. Жаңа ғана дүйім жұртты жылатып алып, енді бірте-бірте сол бейбақтың жүзін жадыратты.

Ауылдан мен шықтым, күн де батты

Бозжорға ат, жамандатқыр, ішін тартты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий