Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Менің еш жерім де ауырмайды.

− Сөйлеме әрі! Киін жылы киімдеріңді.

− Станцияға барам ба?

− Көреміз оны. Әлгі Ырысбекке барып сөйлессем бе екен, соқталдай еркек, қайтқанына жарты айдан асты, әлі үйінде жатыр. Бүгін Зибаш та шыққан жоқ, жұмысқа… Сол екеуін жіберсем дұрыс болар еді. Егер Ырысбек бармаса, онда Зибаш екеуіңді жіберем, амал жоқ.

− Ол антұрғандар үйленіп алған дей ме?

− Е, сөйтіпті ғой… Ал кетейік…

− Байқа, абай болшы. Сенің мінезіңнің кейде тік кететіні бар. Ырысбек өзі соғыстан бұзылып, қаны қарайып қайтқан көрінеді, сөзге кеп қап, өзіңді жазым ғып жүрмесін. Мына ұсақ балалармен ойнап, ауыл арасында мылтық асынып жүрген түрінен шошимын. Әй, тегін емес… бір пәлеге ұшырайды сол… ұшырайды…

Апам мен Нәзира әпкем шығып кетісімен көзімді ашып, басымды көтердім.

− Әже, Ырысбектікіне мен де барайын ба? — дедім.

− А! Сен әлі ұйықтамап па ең, қарғам-ау? Бар! Бар жүгір, ойбай,- деді әжем қолды-аяққа тұрғызбай.- Анау шешеңнің мінезін білесің, артық кетіп бара жатса, етегінен сүйресең де аулақ әкет, пәледен.

Жүгіріп тысқа шықсам апамдар Нұрсұлу деген көрші әйелдің терезесін қағып тұр екен.

− О кім-ей? — дейді іштен Нұрсұлу.

− Біз ғой. Шық бері, бір шаруа боп қалды! — деді апам.

Кеудешесін жүре түймеленіп шыққан Нұрсұлу:

− Көзім енді ілініп бара жатыр еді. Не боп қалды ей, қатын? — деді даусы гүжілдеп.

Нұрсұлу — түр-тұлғасы еңгезердей еркек пішінді, даусы гүжілдеген, өзі күшті әйел. Ауылдағы әйелдердің ең күштісі. Қайдағы ауыр, қиын жұмыстарға осы Нұрсұлу барады. Шіреніп тұра қап үлкен ағаш күрекпен астықты құлаштай тастаған кезде Байдалы шал да, Көлбай керең де астар болмай қалады,- дейді апам. Соғыстан бұрын, той-мереке кездерінде балуан деген еркектеріңнің өзімен белдесіп күреске түсіп, талай рет бәйге алыпты.

− Екі күн ұйықтамағаныңды да білем, жә, қайтып кеп ұйықтарсың, қазір анау Ырысбекке кіріп шығайықшы, бар шаруа сол,- деді апам.- Жалғыз баруға дәтім жетпей тұрғаны.

− Оның да жөн екен, бір есептен.

Апам терезесі қап-қараңғы боп тұрған келесі үйді нұсқады.

− Мына Бәтиқа үйінде ме?

− Ол да осы әлгінде келді ғой қырманнан. Жатқаны жаңа шығар.

− Оны да ертіп алайық.

Енді үшеуі барып Бәтиқаның терезесін қақты.

− О кім?

− Біз ғой, жігіттерміз! Есігіңді аш, шық бері! — деді Нұрсұлу гүжілдеп.- Қасыңа қайсымызды аласың? Таңда өзің.

− Өзім таңдасам, сені қайтем гүжілдетіп, жай колхозшысың, онан да бір күн де болса жаным жай табар, біргәдір жігітті қаламаймын ба,- деді есігін ашқан Бәтиқа.

− Қалағаның мына біргәдір болса оңдырар. Жұрттан бұрын сені жұмысқа сап зорықтырып өлтірер.

− Оның да рас. Бұл сөйтеді.

Үшеуі де өзара әзілдеріне сылқ-сылқ күлісіп алды. Онан соң апам мен Нұрсұлу екеуі екі жақтап Бәтиқаға бірдеңе-бірдеңені түсіндіріп айта бастады.

− Бұларың дұрыс екен,- деді Бәтиқа да сылқылдай күліп.- Не боса о босын, бір зәресін алайық өзінің…

Осы сәтте ғана соңдарынан ілесіп жүрген мені байқап қалған апам:

− Қанатпысың?! Сен неғып тұрып кеткенсің? — деді қатқыл үнмен.- Бар, үйге!

− Әжем жіберді,- дедім мен.

− Әжең жіберсе де бар, қайт! Жарықтық-ай, ұйықтап жатқан баланы мазалап.

Мен тайсақтап шегіншектей бердім де, Нұрсұлудың үйінің тасасына тығылдым.

− Жә, жүре берсін де,- деді Нұрсұлу.- Тобымыз көп болсын, онан да Қанатты жүгіртіп, анау Қалипа мен Сәруені де шақыртып алайық. Ол екеуі де жуан жұдырық қатындар ғой.

− Оның да ақыл екен,- деді апам келісіп.- Әй, Қанат, бар онда, Қалипа мен Сәруені тез шақырып кел. Бір тығыз шаруа боп қалды де.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий