Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әншейінде тыраңдап көшенің ана басынан бір көрінсе, мына басынан бір көрініп жүгіретін, аяқ асты мүләйімси қапты. Мен ыза боп, қарайламай кете беріп ем.

− Қанат, ағатай… күнім, ағатай, тоқташы…- деп жыларман боп жалынды.

− Енді жүр дедім ғой мен саған.

− Маған қатты жүруге болмайды.

Амал жоқ, күтіп алдым. Қырман мен ауылдың екі ортасында қалың қамыс пен қара қоға өскен кішкентай жыра-сай бар болатын, содан қорқып келеді. Ол жырадан жалғыз өтуге қыздардың бәрі қорқады, сондықтан ылғи өстіп біздерге — балаларға жалынып жүргендері. Жақындап келген Мәри артына, қырман жаққа қарай жалтақтап қарап қойып:

− Мен саған қазір бірдеңе айтам. Т-с-с!..-деді құпиялағандай сыбырлай сөйлеп.- Туу, омырауындағы таналардың әйбетін-ай, маған да неге тақпайды екен өстіп.

Мәри менен бірер жасы кіші және бір класс төмен оқиды, бірақ өзі сонысына қарамастан қол-аяғы сидаңдап бойы менімен бірдей. Өзін жұрт «әртістің қызы» дейді, әкесі әртіс бопты. Әртіс әкесі соғысқа кеткен соң шешесі біздің ауылдағы төркіндерін сағалап қаладан көшіп келген. Қазір шешесі, бірінші класта оқитын інісі үшеуі ғана тұрады. Әртістің қызы болған соң ба, Мәри кейде ауылдың басқа қыздарына қарағанда өзін тәлпіштеу ұстап, белін бұраң-бұраң еткізіп жүретіні бар. Біз — балалар ондайда сыртымыздан: «Ой, өзін ырбаңдатпай қағып жіберсе!» — деп кіжінеміз де, іштей оның сол қылығын өлердей ұнатып тұрамыз. Ұнататынымызды сезетін болу керек, қарсы келгенімізде көзін сүзілдіріп, өп-өтірік күлімсірей қалатыны бар. Жұқалтаң ақ құба өңі, қаламмен сызғандай қиылып тұратын қасы мен көзі сүйкімді-ақ. Өзінің мінезі де жақсы. Әсте мұңаю, қынжылу дегенді білмейді, қашан көрсең сықылықтап күліп жүргені. Мысалы, көктемде шешесі қойда сақманда жүргенде Мәридің шашы биттеп кетіп, Мұқан ағай ұстарамен тып-типыл, айнадай ғып сыпырды да тастады. Сонда ғой басқа қыздар болса өгіздей өкіріп, буынып өлер еді, ал Мәридің ойына да кіріп шыққан жоқ. Өз басын өзі қауын шерткендей шертіп қойып: «Ур-ра!, енді мен еркек баламын!» — деп сықылықтап күлді де жүріп кетті. Сонан бері өзі еркек балаша киінеді, көйлегінің етегін шолақ шалбардың ішіне салып, ылғи ышқырланып алады.

Бүгін де көйлегін ышқырланып алған. Қырмандағы шешесінің жанында боп, содан қайтып келеді. Іші ауырған адамдай аяғын тіпті кібіртіктей қапты.

− Қанат, ақырын жүрейік. Мен саған қазір жыраның ішіне түскен соң бірдеңе айтам,- деп қояды.

Жалғыз аяқ жолмен мен алда, ол артта ауылға қарай төтелеп жүріп келеміз. Екі жағымызда ат бойы қалың құрақ, күз түссе де сарғаймай көкпеңбек боп тұнып тұр.

− Қанат, осы құрақтардың ішінде үлкендігі нақ жолбарыстай жабайы мысық бар көрінеді,-дейді Мәри.

− Бар. Сен немене, қорқасың ба?

− Қорықпай ше. Қыз басыммен қорықпайтындай мен кім едім, сонша.

Жырақтың табанына таянғанымызда. Мәри:

− Қанат, қолыңды әкеші,- деп қолымнан шап беріп қысып ұстап алды.- Осы арадан кеше мен ұзындығы тура қос құлаштай жылан көргем. Ойбай-ай, қорқам. Ақырын жүрші, ағатай.

Жырақтың табанынан өтіп, қарсы қабаққа шыққанымызда Мәри:

− Уһ! Жаным-ай, аман-есен өттік-ау, әйтеуір,- деп жүрегін ұстады. Онан соң кейін қарай бұрылып қарап қойды да, бұл төңіректе кемінде бір шақырымға дейін тірі жан жоқ болса да сөзін сыбырлай сөйледі: — Әлгінде саған айтайын дегенім…- деп бастады да, көзіме көзін қадап іркіліп қалды.- Саған сенуге бола ма өзі?

Мен иығымды қиқаң еткіздім. Ол со көзімнен көзін айырмай қадалған күйде:

− Тегінде сенің көзіңде қулық жоқ,- деді.

Мен ыңғайсызданып қысылып көзімді тайдырып кеттім де:

− Қойшы әрі,- дедім, ызаланған боп.

− Рас айтам. Сенің көзіңде ешқандай қулық жоқ, демек саған сенуге болады. Ал бері қара…- деді тағы да құпиялай сыбырлап,- бері, құлағыңды әкеші… Мен қырманнан бидай ұрлап келе жатырмын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий