Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әжібек ызақорланып жылап жіберді де, жерге секіріп түсіп кетті. Мен соңынан секірдім. Бірақ ол маған қарамастан ауылға қарай жүгіре жөнелді. Қуа жүгіріп едім ілесе алмадым, қараңғыда екі-үш рет сүрініп, ұшып түсе жаздадым.

− Әжібек! Әжібек! — деп дауыстап едім, жауап болмады.

Үйге қайттым. Көңілім сынып, торығып келем. Ырысбекті де, Зибашты да өлердей жек көріп, өз-өзімнен булығып келем. Бір түрлі ызалану, қорлану бар бойымда. Айқай сап екеуін де дүниедегі ең жаман, лас сөздермен боқтағым келеді…

Ертеңіне мен төсектен тұрмай жатып Әжібек келді үйге.

Әдеттегісіндей ыржиып күлмейді, өңі сынық.

− Қанат, мен дегендерің бүгіннен бастап Ырысбектің үйіне жоламаңдар,- деді.- Әнеу күні сен дұрыс айтыпсың ол деген жауыз адам екен. Кездескен балалардың бәріне мен де айтайын, сен де айт.

Мен үнсіз басымды изедім.

Екі күннен кейін, ата-енесін еңіретіп жылатып, Зибаш Ырысбектің үйіне көшті, ал Дүрия зар еңіреп, жылап Көлбай кереңнің үйіне барды, Әпіш жылап-сықтап, көрпе-жастығын арқалап сиыр фермаға кетті.

2

Сабақтан келсем, Нәзира әпкем үйден сусын алып, қырманға қайта кеткелі тұр екен. Мені көріп қуанып қалды.

− Жақсы болды ғой, сені апам ертіп кел деп еді,- деді.- Кәне, тез тамағыңды іш те, менімен бірге жүр.

− Иә, бармаймын. Мен не істеймін қырманда? — дедім, бірдеңеге жұмсаған кезде қыржия қалатын жылаңқы әдетіме басып қынжылып.

− Не істейтініңді барған соң көресің. Қыржиятын түк те жоқ! — деді Нәзира әпкем құдды апамша дікілдей ұрсып.- Ырысбек пен Әжібекке ілесіп әбден бетіңмен кетіп болдың ғой. Жетеді енді! Қырманға барып, бір ауық малатастың басына мін. Сөйтіп қолқабыс ет. Немене, дардай болғаныңша сандалып көше таптап жүре бермексің бе?! Астық деген барлық участкелерде пісе қауырт бастады. Күні-түн дамыл көрмейтін қызу науқан енді туады. Адам деген жетіспей жатыр. Ал бұл деген әлдекімдерге ілесіп ап, ойыннан басқа білері жоқ. Желкеңді үзіп жіберейін бе осы!

Соңғы кездері байқап жүрмін, осы Нәзира әпкем кей-кейде апамнан мүлде айнымай кетеді: түрі де, мінезі де, даусы да, қаталдығы да, ең аяғы дікілдеп ұрысқанына дейін. Қазір де дәл апам сияқты ұрсып тұр. Жо, мұндай кезінде оған қарсыласып абырой таппайсың. Дойырлығы ұстап ұрады да тастайды. Кімге шағынасың? Әжеме айтар болсам: «Әй, Нәзира, сен бе!.. Сен!..» деп құр доңайбаттанып сес көрсетіп ұрсады да қояды, ал апама айтар болсам Нәзираның сөзін қостап, өзімді онан әрмен таяқтауы мүмкін. Сондықтан: «Бәріңнің әлің маған жетеді, бәрің маған қожасың. Қит етсем желкемді үзуге дайын тұрасыңдар!» — деп жыламсырап, біраз қомпылдадым да қойдым.

Нәзира әпкем қырманға ертіп әкелді де, айтқанындай-ақ, Байдалы шал мен Көлбай керең екеуі кезектесіп мініп жүрген малатастың басына мінгізді.

− Е, енді дұрыс болды ғой,- деді қуанып кеткен Байдалы шал.- Малатастың басына атқа жеңіл осылар мінуі керек қой. Ойбай-ау, бұларға ойын сияқты емес пе бұл. Ал Қанат, тартып ұста тізгінді. Сенің апаң өзі кәмөнес, өзі біргәдір, сондықтан оның балалары мына сендер басқаларға үлгі-өнеге көрсетіп отыруларың керек. Бүгін сенің қырманда істегеніңді көрсе, ертең басқа балалар да келеді жұмыс істеуге.

Ала көз торы ат дүңк-дүңк желіп, астықтың бауы төсеулі таптанды шеңберді айналып жүріп кетті. Соңындағы дөңбек көктас да дүңк-дүңк етіп домалап келеді. Бір айналдым шеңберді, екінші айналдым, үшінші, төртінші… тағы да айналдым, тағы да… тағы да… Әбден бір мойын боп қыржиып алған торы ат бір қалыпты дүңк-дүңк желісінен аумайды, соңындағы көктас та дүңк-дүңк домалайды. Айнала бердім, айнала бердім… сәлден кейін төңірек тегіс маған қосылып шыр көбелек айналып жөнелді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий