Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біз Әжібек тайталасып бірдеңе дер, сөз қайтарар, болмаса қаша жөнелер деп ойлағанбыз, түк те өйткен жоқ. Қолын артына қайырып ұстады да, Қайраттың алдына түсіп, қораға қарай өзі жүрді. Әжібек қамалғаннан кейін, сапыны алған кезде, оның қасында болған төртеумізді алға шығарды Ырысбек.

− Әрқайсыңа екі көк шыбықтан дүре, екіден «сорыңды алу!» — деп жаза кесті.

Біз бір-бірімізге жаутаңдай қарап, үн-түнсіз ышқырымызды босатып, арқамызды жалаңаштадық та қатарласып етпеттей жаттық. Ырысбектің қолындағы көк шыбық екі реттен «шып-шып» етіп арқаларымызды тіліп-тіліп өте шықты, көзіміз жасқа толып-толып кетті, бірақ тістеніп жылағамыз жоқ. Онан соң қатар тұрып кезекпен екі реттен «сор алғыздық», теуіп қалады, ұшып түсеміз, қайта кеп тұрамыз, тағы тебеді. Көзіміздің жасын жеңімізбен сүрте бердік, бірақ ешқайсымыз қың етіп дыбыс шығарғамыз жоқ. Шыдап бақтық.

Бізді жазалап болғаннан кейін сапқа қайта тұрдық та, Ырысбек қораға кіріп кетті. Әжібекке не істегенін білмейміз, бір кезде оның:

− Ойбай-ай!.. Ойбай-ай!..- деп зар қағып шырқыраған даусы шықты. Өкіріп жылады.

Шып-шып еткен көк шыбықтың ысылы, онан гүрс-гүрс тепкен «сор алудың» дыбысы, «Ағатай-ай!.. Ағатай-ай… құлың боп өтейін!…» деп шырқырай жалынған Әжібектің құлындағы даусы… Көзімізбен көрмесек те Ырысбектің Әжібекті аяусыз қатты жазалағанын сезіп тұрмыз. Әжібекке жанымыз ашып, бір-бірімізге жапақтай береміз. Ара түсуге қолдан келер дәрмен жоқ.

Ырысбек көптен кейін шықты қорадан. Терлеп кетіпті, орамалын алып бет-аузын, мойнын сүртті. Қолы қан екен, Қайратқа су алғызып, жуынды. Біз әлі тырп етпей тұрмыз. Қанды көргеннен кейін мүлде үрейіміз қалмады. Әлден уақытта сүйретіліп Әжібек те шықты: аузы-мұрны қан-қан, қолымен арқасын, артын ұстай береді, өксігін әзер деп басып кеп орнына тұрды.

− Бүгін ешқандай тапсырма болмайды, тараңдар! Вольно! — деді Ырысбек.

Әжібек екі күн үйінде ауырып жатты. Апасына Ырысбектен жеген таяғын айтқан жоқ: «Абайсызда темір-тұмыр жатқан шұңқырға домалап құлап түстім»,- деп қойды. Мен оған аяныш білдіріп:

− Ырысбек деген жауыз екен ғой…- дей бергем.

− Былжырама әрі! — деді ол бірден кесіп түсіп.- Ырысбектікі дұрыс. Осындай болмаса оның қай жері Басқолбасшы. Дұрыс істеді. Менің өзіме де керегі сол еді. Әскери тәртіпте жүріп, Басқолбасшыға қиянат істеуге бола ма екен. Егер нағыз әскердің қатарында жүрсек, мұндай қылмысым үшін мені ату жазасына кесер еді. Так што, Ырысбек мені дұрыс жазалады.

Мен тосылып қалдым. Әжібектің сөзі маған дәлелді, жанды көрінді. Осыдан кейін Ырысбектің қалған төртеумізді жазалауын да дұрыс деп білдім. Күнделікті, сабақтан шыққан соң, бұрынғымыздай Ырысбектің үйінің алдына жиналып, әскери ойындарымызды өтей бердік.

Бірде Ырысбек ойынды күндегіге қарағанда ертерек таратты да, маған:

− Сен тоқтай тұр! — деді.

Мен балалардан бөлініп, оның қасында жалғыз қалдым. Ол шырт дегізіп тісінің арасынан түкіріп қойып, маған бастан-аяқ сынай қарады.

Ырысбекпен бірінші рет бетпе-бет жеке қалуым еді. Көзі тура қарағанда алақ-жұлақ етіп өңменіңнен өтіп, қорқынышты екен.

− Сені өзі тәуір жігіт бола ма деп жүрген баланың бірісің,- деді даусы жұмсақ шығып.-Сондықтан, ете бір жауапты тапсырма жүктегелі тұрмын. Қалай, аузыңа берік пе едің?

Мен басымды изедім.

− Олай болса, мә, мына хатты ал да, қазір анау тас қоймаға барып, күтіп отырып, астық құюға келген кезінде Зибашқа беретін бол. Тура қолына ұстат! Байқа, хат бергеніңді ешкім көрмейтін де, білмейтін де болсын. Ұқтың ба?

− Ұқтым, Басқолбасшы Ырысбек аға!

− Бар онда, орында тапсырманы! Әй, тоқта! Көшенің ортасымен жүрмей, мына шет жақпен кет. Көп ешкімнің көзіне түспе!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий