Knigionline.co » Казахские книги » Дикое яблоко / Жабайы алма

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Дикое яблоко / Жабайы алма» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.

Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қоңыр сиырды бір шешен (Бәкке ол шешеннің де атын айтпады) өткен түні таң алдында кеп әкетіпті. Содан күні бойы алдына шеп салып қораның түкпіріне қамап қойыпты. Ондағы ойы алғашқы күнгі абыр-дабыр іздеу басылған соң, бүгін түнде сойып алу екен. Мұның бәрін Бәкке әлгі шешеннің бес жасар баласының айтқанынан (балалы үйдің ұрлығы жата ма) естіпті. Оның үстіне Бәккенің өзі де сабақтан қайтып келе жатқанында, әлгі шешеннің қорасына шөп кіргізіп жүргенін байқап қалады. «Мұның ешқандай малы жоқ еді ғой, шөпті неменеге салып жүр екен?» деп ойлады. Сөйткенше болмай ойнап жүрген баласы «Бүгін менің әкем сиыр сояды» деп мақтанып, бар жағдайды айтып береді. Содан Бәкке әлгі шешеннің үйін сырттай аңдиды. Әкесі болса жұмыста, басқа ақылдасатын адам жоқ. Бәкке не істерін білмей аласұрады. Бізге кеп айтса, ұрлығын ашқаны үшін әлгі шешен мұны бауыздап тастайды, өйткені шешендердің заңы солай. Кешке қарай көрші колхоздан жасырынып әлгі шешеннің бір-екі сыбайласы келеді. Үшеуі үйге кіріп, пышақтарын қайрап, қараңғылықтың түсуін күтіп отырған кездерінде, Бәкке ақырын барып есіктерін сыртынан бекітіп, қоңыр сиырды жетектеп, біздің үйге қарай тайып тұрыпты. Әлгі шешендер әзірге өздерін кімнің тотитып кеткенін, әрине, білмейді.

− Ал егер білсе ше?

− Тіпті білсе де бұл шешендер үшін кешірімді. Олар ұрлады, олардан мен ұрладым. Мықты болса ұрлатпаулары керек еді. Ал егер ұрлағандарын келіп айтсам, онда кешірмес еді. Өштесіп, кек қайтарар еді. Сондықтан ертең ешкімге ештеңе демей, түк білмегендей болайық. Сұрағандарға тұма жақта жүрген жерінен тауып алдық дей сал.

− Мақұл, Бәкке.

Көзіміз ұйқыға енді ілініп бара жатқан, үйдің түбінен жүріп өткен дүбірден Бәкке де, мен де қатар оянып, басымызды көтеріп-көтеріп алдық.

− Біреу жүрген сияқты болды ғой.

− Иә, біреу есік алдында жүр.

Ұмтылып барып терезеге жабыса тұрып, тастай қараңғы сыртқа қарағанбыз. Қараңдаған еңгезердей біреу қораға кіріп кетті де сәлден кейін қайта шықты, ары-бері ұрлана қарап біраз жүрді де, енді кеп есікті тартқылады.

− Соның өзі,- деді Бәкке сыбырлап.

− Киініп алайық.

Қараңғы үйде сипаланып тұрып, тез киініп алдық. Бәккені қайдам, менің өне бойым безгек ұстағандай дірілдеп кеттім. Әуеліде есікті жай тартқылағандай тықырлатып тұрған, әлгі бір кез сарт еткізіп жұлып алғандай болды. Бәкке екеуміз жүгіріп ауыз үйге шыққанбыз, жоқ, есік ашылмапты. Сырттағы адам бар күшін салып тағы да жұлқып-жұлқып қалды, бүкіл үй солқ-солқ еткен.

− Қанат, балта бар ма? — деген Бәкке.

Мен қараңғыда сипаланып барып, босаға жақта сүйеулі тұратын балтаны тауып әкеп Бәккенің қолына ұстаттым да, өзім ашаны алдым.

− Сен не алдың? — деп сұраған Бәкке.

− Ашаны алдым.

− Дұрыс. Енді қорықпаймыз. Егер есікті бұзып кіретін болса, мен оны тура балтамен шабайын, ал сен қарнына ашаны сұғып ал.

− Мақұл.

− Әй! — деді енді Бәкке сырттағы есікті тықырлатып тұрған адамға: — Біз біріміз балтамен, біріміз ашамен қаруланып тұрмыз.

− Бәкке?! — деген сырттағы адам таңырқап.

− Иә, Бәккемін.

Анау шешеншелеп бірдеңе-бірдеңе деген, менің ұққаным: сенің бұл үйге қандай қатысың бар дейтін сияқты. Бәкке де шешеншелеп жауап қайырды: бұл менің досымның үйі дейді. Анау: «мен қазір сені досыңмен қосып бауыздаймын» дегендей болды. Бәкке: «Бауыздап көр, менің әкем сені бауыздасын деді». Анау: «Мен сенің әкеңнен қорықпаймын» деген. Бәкке менің әкем күшті, сені құртады, деді ызақорлана дауыстап. Сырттағы адам бар күшін сап есікті тағы да жұлқып қалған. Осы кезде сырттан, арғы жақтан шешенше айқайлап ақырған еркектің даусы да шықты. Есікті жұлқып тұрған адам тапырақтай жүгіріп ары қарай кетті. Сөйткенше болған жоқ, әлгі екі адамның дабыр-дұбыр сөйлескендері әріректен, көше жақтан естілді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий