Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков
-
Название:Дикое яблоко / Жабайы алма
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:210
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Саин Муратбеков пришел в казахскую литературу в 60-х годах XX века. Его творчество показывает триединство человека, общества и знания. «Золотое яблоко» описывает послевоенную жизнь Казахстана, произведение рассчитано на широкий круг читателей.
Дикое яблоко / Жабайы алма - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги
− Ой, өркенің өскір қарағым-ай, мың бол, мың болғыр!.. Көзің жамандық көрмесін!.. Өмірің қызыққа толы болсын!..- деп, Бәккеге алғысты батасын үсті-үстіне жаудырып, айналып-толғанып жүр. Онан қоңыр сиырды бас жібінен алып, қораға қарай жетелей жөнелген.
− Әже, қораға емес, ауыз үйге кіргізіп байлаңызшы,- деді Бәкке.
− А! Сөйтейін бе? О да жөн екен,- деп, әжем енді қоңыр сиырды ауыз үйге қарай жетектеді. Қоңыр сиыр үйренген қорасына қарай тартқылап қиқалақтай бастаған, бәріміз артынан қаумалай айдаған соң, амал жоқ, ауыз үйге кірді. Әжем ауыз үйдегі май шамды жағып, білтесін көтеріңкіреп, сиыр тұратын жақ бұрыштағы ондық-мұндық заттарды басқа жаққа алып қойды. Қоңыр сиыр тап-таза ауыз үйді жатырқағандай көзі шарасынан шыға пыс-пыс етеді.
− Өзі тоқ екен,- деді әжем бүйірінен сипалап.- Әй, Болатжан, балам, астына бір құшақтай сабан әкеп тасташы, жатқанына жұмсақ болсын.
Болат лып етіп барып сабан әкеп төседі әлгі бұрышқа.
Онан соң «сақтықта қорлық жоқ» деп екі ешкіні де ауыз үйге кіргіздік. Сыртқы есіктің ілгегін жауып ап, қуаныштан есіміз шыға абыр-сабыр боп, ауыз үйде қоңыр сиырдың қасында бір шай қайнатым тұрдым-ау деймін. Ішкі үйге кіргіміз келмейді. Ауыз үйдің аты ауыз үй емес пе, тек тоңа бастағаннан кейін ғана ішке кірдік. Болат от жағып, қайтадан шай қайнатты. Мына қуаныштың үстінде әжем мырзалығы ұстап, тағы бір-бір қасықтан талқан шылап берді. Ризалығын білдіріп Бәккенің алдына, жеке өзіне жарты тостаған талқан шылап қойды.
− Мен үйден шай ішіп келдім, рақмет, әже,- деп Бәкке бас тартқан.
− Жоқ, қарағым, рақметіңді қоя тұр. Сен бүгін талқанмен емес, мал сойып құрметтейтін қонағымызсың, ұялмай же,- дейді әжем жаны қалмай қалбалақтап.
Шай үстінде мен Бәккені өзімсіне:
− Қайдан таптың? — деймін анықтай білгім келіп. Осы сәтте балалардың бәрі тегіс: Болат та, тіпті кішкентай Жанарға дейін көздері жайнаңдап Бәккенің аузына қарай қалған.
− Ат суарайын деп барсам, тұманың басында жүр екен, шөп беріп ұстап алдым да, үйлеріңе жетелеп әкелдім,- деді Бәкке міз бақпастан. Соған бәріміз иландық. Әрине, мен іштей иланғам жоқ, Бәккенің шынын жасырып отырғанын сездім, бірақ кішкене балалардың көзінше қазбаламадым.
Шай ішіп болған сон, Бәкке маған:
− Мен сендердікіне жатайыншы,- деді.
− Жат. Екеуміз бірге жатамыз,- дедім мен қуанып. Әжеме айтып ем, ол кісі де қуана құптады.
− Қарағым-ау, үй кең ғой, оның не қысылатыны бар, жатсын,- деді.
Сөйтіп, менің төсегімді кеңейтіп салып Бәкке екеуміз бірге жататын болдық. Әжем ауыз үйге шығып тағы да қоңыр сиырды сылап-сипап жататын жерін ыңғайластырды. Қоңыр сиыр тұмсығын созып ыңырана ақырын мөңіреген.
− Ойбұй, байғұсым-ай, шөлдеп тұр екенсің ғой,- деп шелекті салдырлатып су берді.
Енді шамды сөндіріп жатқалы отырғанымызда, сыртқы есімізді біреу жұлқа тартып, онан тықылдата қақты.
− Ол кім? — деген әжем есік ашпас бұрын.
− Мен Бакка апа! — деді әйел даусы.
− Менің апам ғой,- деді Бәкке елең етіп.
Әжем есікті ашып, үйге Бәккенің шешесі Зейнат кірді. Бұл баданадай қой көзді, пышақпен қырнап жасағандай қыр мұрынды, өңі ажарлы болса да, бір түрлі суық көрінетін, орта жастағы ақ сұр әйел еді. Бәккенің кескін-келбеті әкесі Адудан гөрі осы шешесіне көбірек ұқсайтын. Ал әкесі Аду сақал-мұрты қап-қара, қоңырқай жүзді, доғал мұрын, кішірек көзі күлімдеп, жұмылып кете жаздап тұратын адам.
Зейнат кірген бойда әуелі әжеме: