Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Теңіздің ортасына қарай тура тарттым, Маврдың қарасы да көрінбей қалды. Бұл ниетім Гибралтар бұғазына қарай кетті деп ойласын дегенім еді (әрбір есі бүтін адам осылай істер еді). Расымен де басқа жаққа жол тартудың тіпті жөні жоқ. Себебі оңтүстікке қарай бұрылып, жағаға жақындау өте қауіпті, жаға толған зәңгілер, қолына түссең өлтіреді, жыртқыш аңдар да қаптап жүрген болар.

Жағадан тым алыстап кетпес үшін, ымырт жабылып, қараңғылық қымтаған кезде бағытты оңтүстікке бұрдым,біздің бақытымызға орай жел тұрмады, толқын да баяу, бір қалыпты жүзіп отырдық, келесі күні күндізгі сағат үш мезгілінде жағалау көрінді, Марокко сұлтанының және басқа сол жердегі үстемдік етушілерден жүз елу мильдей қашықтықта екенбіз; бірақ көзімізге жан баласы көрінбеді. Маврдың қолына қайта түсіп қаламын ба деп қатты қорықтым, ауа райының қолайлы сәтін пайдаланып, жағамен жылжып отырып, тоқтамастан бес күн бойы жүздік. Бес күннен кейін жел оңтүстікке ауды, артымыздан қуғыншы шықса, қуып жететін уақыт болды, бірақ ешкім көрінбейді, не де болса тынығып алайық деп жағаға келдік те, бір өзеннің сағасына зәкірді түсіріп тоқтадық. Бұл қандай өзен, қай жақтан бастау алады, қай елдерді басып өтеді – бейхабармын. Жағада жан баласы көрінбейді, көргім келіп тұрғаны да шамалы, ішерге тұщы су тауып, құтымызға құйып алсақ болғаны. Кешке жақын өзеннің сағасына келіп жеттік, қараңғы түсе жағаға жүзіп шығып, қандай мекенге келгенімізге көз жеткізгіміз келді. Бірақ қараңғы түсе бізге жағалаудан аңдардың ақырған, үрген, ұлыған ащы дауыстары естілді. Қасымдағы бала қорыққанынан қайда тығыларын білмеді. “Жағаға қазір емес, күндіз барайықшы”, – деп жалына бастады. “Жақсы, Ксури, қалауың болсын, бірақ күндіз адамдарға тап боламыз, олар арыстан мен жолбарыстан қауіпті ғой”, – дедім. “Мейлі, тап болса, мылтықпен үркітеміз, сонан соң өздері де қашады”, – деп Ксури күлді (Ксури тұтқындағы ағылшындардан аздап ағылшынша үйренген екен). Баланың көңілденгеніне қуанып, қожайын қоржынынан бір стақан қызыл шарап құйып бердім. Шынында, оның сөзінің жаны бар, оның айтқанына көндім. Зәкірді түсіріп, түнімен жасырынып тұрдық, жасырынып дейтін себебім: таң атқанша көзіміз ілінбеді. Зәкірді түсіргенімізге екі-үш сағат өткенде жағаға абажадай мақұлықтар келді. Жағаға келді де, кеуделеп суға қойып кетті, жағаға қайта шығып, әрлі-берлі жатып аунады, суды шалпылдатып аспанға атылып пырылдады, пысқырды, бір кезде судан шығып, мойындарын төмен салып ерсілі-қарсылы жүрді де, тұра қалып, адам жаны түршігердей ащы

дауыспен өкірді. Ксури қатты қорқып кетті, расын айтсам, өзім де қатты қорықтым. Бір кезде жаңағы мақұлықтың бірі суға күмп етіп, бізге қарай жүзе бастады. Жүзіп келе жатқан мақұлықтың не екенін ажыратып болмадық, тек пырылдап-қырылдаған дыбысын ғана естіп тұрмыз. Не де болса қаһарлы алып бірдеңе. “Бұл арыстан (шынында да арыстан болуы мүмкін ғой), тез зәкірді көтерейік те зытайық, әйтпесе өлеміз”, – деді Ксури. “Зәкірді көтерудің қажеті жоқ, арқанды шамалап тартайық та, жылжып кейін шегінейік, бізді қуып жетер деймісің”, – дедім. Ксуриге айтып аузымды жиып болғанша, қайығымыздан екі есе үлкен мақұлық тура жанымызға жетіп келді. Шынымды айтсам, асығыстық жасап жанталасып каютадағы мылтықты алып, шүріппесін басып жібердім, әлгі мақұлық бұрылды да, жағаға қарай тура жүзіп кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий