Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қулығымды ішке бүгіп, маврдың қасына келдім де, қожайынның азығына тиіспей, өзімізге бөлек азық-түлік алу керек дегенді айттым. Мавр сөзге келмей, бір үлкен себетпен кепкен нан, ішерге үш құмыра су алып келді. Қожайынның шарап салған жәшігінің қай жерде тұратынын білетінмін (ол бұл шарапты ағылшын кемелерінің бірінен алған, ағылшын кемесінен алғандығы бөтелкелер жапсырмаларынан көрініп тұр), мавр жағаға кеткен кезде шарапты баркасқа тасып әкелдім де, қожайын үшін күні бұрын дайындалып қойған екен деп ойласын деп шкафтың ішіне салдым. Балта, балға, ара, арқан, жіп және балауыз алып келдім. Маврдың аңқаулығын пайдаланып тағы бір қулықты іске асырдым. Оның аты Ысмаил болатын, жұрт оны Моли не Мули деп атаушы еді. Мен оған: “Моли, қайықта қожайынның мылтығы бар, шамалы оқ-дәрі алсақ қайтеді? Құс атып жейміз әрі көңіл көтереміз, қожайынның оқ-дәрісі кемеде болады”, – дедім. Ол “Жарайды” деді де, жүгіріп барып бір қалта оқ-дәрі, бес-алты қадақтай бытыра және көптеген оқ алып келді. Бәрін жиып алып қайыққа салдық. Қожайынның каютадағы жәшігінің түбінде аз ғана дәрі жатыр екен, оны аударып бір үлкен бөтелкеге салдым. Қажетті керек-жарақты әзірлеп алып, айлақтан балық аулауға аттандық. Айлақ кіреберісіндегі қарауыл мұнарасында тұрғандар біздің кім екенімізді білсе де, біздің кемемізге көңіл аудармады. Жағадан бір мильдей алыстаған соң желкенді босатып, балық аулау қамына кірістік. Менің жоспарым іске аспайтын болды, себебі жел солтүстік пен шығыс аралығынан соқты, егер жел оңтүстіктен болса – менің жолымның болғаны, онда мен Испания тұсындағы жағаға жақын келуіме, ең болмаса Кадиске дейін барып, жол тауып кетуіме болатын еді, жел қай жақтан соқса да, есебін тауып бұл маңайдан алыстап кетсем болды, алдағы күндерімде басқа салғанын көремін деген ой келді.

Арада біраз уақыт өтсе де қармағымызға ешнәрсе қаппады, маврдың көзіне түспесін деп мен әдейі қармақты судан шығармадым, тіпті ілінген балықты да тартпадым. Мен: “Бұл қалай, бірде-бір балық түспеді, үйге қай бетімізбен барамыз, қожайыннан сөз естиміз-ау, алысырақ барыңқырайық”, дедім. Мавр менің арам ойымды қайдан білсін, мақұлдады, ол қайықтың алдыңғы тұмсық жағында отырды. Желкенді көтердім де, рульге отырдым, қайық тағы үш мильдей жүріп теңіздің ортасына қарай бет алғанда, балық аулаған адамдай қайықты тоқаттым да, рульді балаға беріп, бір нәрсе іздеген адамдай маврдың арт жағына келдім де, белінен қапсыра көтеріп алып, суға лақтырдым. Бір сүңгіп шықты да, қайыққа қарай қайта жүзді. Мені тастама, дүниенің төрт бұрышын араласаң да қасыңнан қалдырма деп жалына бастады. Жүзгіштігі сондай, бөтелкенің тығынынша қалқиды; қайықтың соңынан еріп қалмайды, мені жылдам қуып жететін түрі бар, ал маған алдан соққан жел бой бермей, қайықты шапшаң жүргізе алмай келемін. Ол артымыздан жүзіп қалмағасын каютадағы мылтықты алдым да кезеп тұрып: “Осы арада қалатын болсаң, саған ешқандай қастандық жасамаймын, өзің жүзгіш екенсің, жел де тынық, дұрысы, жағаға қарай жүзсең, қазір-ақ барып жетесің, егер айтқан тілімді алмасаң, жайратып саламын, мен басыма бостандық іздеп бара жатқан адаммын”, дедім, ол бұрылды да, кейін қарай жүзе жөнелді, аман-сау жағаға жеткен болар, өзі де бір жүзгіш адам екен.

Теңізге баланы тастап, маврды өзіммен бірге алып кетуге болар еді, бірақ оған сенім бар ма? Мавр едәуір жер ұзап кеткен соң бұрылып балаға қарадым (баланың аты Ксури еді). “Ксури! – дедім, – егер сен маған сенсең, сені адам қыламын, егер опасыздық жасасаң (пайғамбар атымен ант бермесең), сені осы жерде суға батырып кетемін”, – дедім. Бала маған қарап жымиды да, сендікпін, қайда барсаң да қасыңда болайын деп ант берді. Баланың шынайылығы албырт жүзінен-ақ көрініп тұрды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий