Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің ең үлкен бақытсыздығым – осы оқиғалардың барлығында қарапайым матрос болып жалданбадым; әрине, маған өзім әдеттенгеннен де көбірек жұмыс істеуіме тура келер еді, есесіне мен теңізшінің міндеті мен жұмысын меңгеріп, уақыт өте келе штурман, не капитанның көмекшісі, тіпті капитанның өзі болар едім. Бірақ менің пешенеме жазылғаны сол екен – барлық жолдардың ішіндегі ең нашарын таңдадым. Осы жолы да мен осылай ісдедім: менің әмиянымда ақша болды, үстімде жақсы киім: мен кемеге үнемі нағыз мырзаның өзі болып келуші едім, – сондықтан онда ештеңе істемедім де, ештеңе үйренбедім де.

Лондонға келген бойда жақсы ортаға тап болдым, мен секілді бетімен кеткен, жолынан адасқан бозбала үшін тағдырдың мұндай сыйы адам баласына бұйыра бермейтін шығар, болмаса, жын-шайтан тұзағына шырмалып кетер ме едім. Мұндай өмірден құдайдың өзі қағыс қылған шығар. Мен бір капитанмен таныстым, оның таяуда ғана Гвинеяның жағалауына барып келгені мәлім болды, осы сапары өзіне қолайлы болып, тағы да сол жаққа аттанғалы жатыр екен. Оған менің әңгімелерім ұнап қалды, әлемге саяхат жасағым келеді деген сөзімді естіген соң, өзімен бірге баруға ұсыныс жасады. Әрі екеуміз дос боламыз, ақшаң болса, аздап тауар ала жүр, бар пайдасын өзің көресің дегенді айтты.

Мен бұл ұсынысты оң көрдім, екеуміз дос болып алдық, ақкөңіл, таза жүрек адаммен бірге аз ғана тауар алып сапарға шықтым. Тауарларымды өткізіп пайда таптым, әрине, бұл адал досымның кеңесі еді. Тауарды әке-шешем жіберген ақшаға сатып алдым. Мұның алдында елдегі туысқандарыма хат жазып, ақша сұрағанмын, олар менің бұл өтінішімді айтып, әкемді көндіріпті, расын айтсам, шырылдап ақшаны жөнелткен де шешем болар.

Осы сапарым өте қолайлы болды. Адал досымның көңілінің кеңдігінің арқасында көп нәрседен хабардар болдым. Бақылау жүргізу, кеме журналын тіркеу ісін үйрендім, қысқасы, теңізшілерге не білу керек, соның бәрімен таныс болдым. Капитан бар білгенін үйретті, мен де үйренуден жалықпадым. Осы сапарда әрі теңізші, әрі көпес болдым, апарған тауарларымды бес фунт тоғыз унция құм алтынға айырбастап, Лондонға келген соң олар үшін аз да емес, кем де емес бақандай үш жүз фунт стерлинг алдым. Бұл сәттіліктің буына мас болып, көкірегімді атақты, даңқты болсам деген армандар кернеді, бірақ кейіннен осылар ақыры түбіме жетіп тынды. Дегенмен бұл саяхат та менің басыма біраз ауыртпашы-лықтар әкелді, ең бастысы – мен үнемі дімкәс жағдайда болып, өте қатты тропикалық безгек ауруына шалдықтым. Безгек ауа райының өзгеруі себепті болады. Бұл жақта күн өте ыстық болған соң, мұндай аурумен көбіне суық жақтан келген адамдар, яғни еуропалықтар ауырады екен. Біздің сауда жасап барып қайтқан жеріміз көбіне солтүстік ендіктің он бес градусы мен экватордың аралығында жатты. Безгек ауруы қатты қысқанда адам түсініксіз күйге түсіп, қызуы көтеріліп, көзі қарауытып, денесі қалшылдап, дел-сал күйге түседі. Тұла бойын меңдеген әлсіздік ешнәрсе ойлатпайды да, теңіз беті көкпеңбек, жап-жасыл дала құсап көрініп, науқастар кейде

сол далаға ұмтылғандай, теңізге батып өледі екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий