Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дәл сол сәтте дауыл құйындатып қатты соқты. Тіпті теңізшілердің жүзінен енді абыржу мен үрей көрініп тұрды. Каютасынан шығып, менің жанымнан өте бергенде капитанның: “Құдайым, өзің сақта, қырылатын болдық-ау, дәм-тұзымыз таусылғаны ма?” деген сөзін әлденеше рет естідім, бірақ ол соған қарамастан кемені құтқарып қалу жұмыстарын бақылаудағы қырағылығынан таймады. Бастапқы кездегі айқай-шудан екі құлағым тас болып бітіп, есеңгіреп қалдым, қозғалмастан сатының астындағы каютамда жаттым, тіпті қандай сезімді басымнан кешіргенімді өзім де анық білмедім. Оны ашықтан ашық елемей және батыл түрде жермен жексен қылған соң, маған бұрынғы тәубама қайтып оралу қиын болды: мен өлім қорқынышы мәңгілікке сейілді, бұл дауыл да түк бітере алмай,

«бірінші» сияқты аяқталады деп ойладым. Капитанның тура жанымнан өтіп бара жатып, “қырылатын болдық қой” деген сөзін естігенде тұла бойым түршігіп кетті. Каютадан палубаға атып шықтым, аспан асты астан-кестең, теңіз долданып, бұрқырап, ақ көбігін атып жатыр екен, мұндай сұрапылды көрген емеспін, сәт сайын таудай толқындар тулап, төңкеріліп төбемізден құлайды. Өзіме-өзім қуат беріп, күш жиып, жан-жағыма қарадым, айналам алай-дүлей дауыл, адам баласына айтып келмейтін апаттың қандай боларына көзім жетті. Бізге қарсы тұрған ауыр жүк тиеген екі кеме салмағы кемісін дегендей кемелердің мачталарын шауып тастады. Біздің теңізшілердің біреуінің кеме батып барады деген жанайқайын естідім. Тағы да екі кеменің зәкірлері жұлынып, ашық теңізге қарай шығып кетіпті, қайда барып, қайда тоқтарын кім білсін.

Ұсақ кемелер басқалармен салыстырғанда орнықты тұрды, бірақ асау толқын олардың да бір-екеуін ығыстырып, ашық теңізге қуып кетті, әлгі екі кеме құйрығындағы кливерден басқа барлық желкендерін жығып тастап, біздің кемеміздің жанынан тиер-тимес болып өте шықты.

Кешке қарай кеме штурманы мен боцман фок-мачтаны ағытып жіберуге рұқсат етіңіз деп капитанға өтініш айтты. Капитан бастапқыда бұған көніңкіремесе де соңынан рұқсат етті, фок-мачтаны ағытып жібергенде, грот-мачта шайқалып, кеме де тепе-теңдігін сақтай алмай, теңселе бастады, палуба суға толып, оны тазартуға тура келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий