Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мені осы сапарға аттануға үгіттеген кеме қожайынының ұлы, менің танысым, Ярмутта алғаш рет менімен сөйлескендегідей емес, даусы өзгеріпті. Ол абыржып, басын шайқап, менің көңіл күйімді сұрады. Сонсоң менің кім екенімді, осы жолы тек тәжірибе ретінде сапарға шыққанымды, бұдан кейін де менің әлемді шарлағым келетінін әкесіне айтып берді. Сол кезде әкесі маған бұрылды да: “Жас жігіт, саған бұдан былай теңізге шығуға болмайды, басымыздан кешкен оқиғалар сенің жолың теңізде емес дегенді меңзейді”, – деді. “Сэр, неге бұлай дейсіз? Мұнан былай сіз де теңізге беттемеймісіз?” – деп мен де қасарыса қалдым. “Менде жұмысың болмасын, бұл – менің ежелгі кәсібім және міндетім. Ал сіз теңізге тәжірибе ретінде шықтыңыз, өз шешімімді өзгертпеймін деп қасарысатын болсаңыз, құдай сізді алдағы күндерде не күтіп тұрғанын таңдайыңызға татқызып тұр. Мүмкін, бізге сіздің кесіріңізден апат келген шығар. Мүмкін, сіз біздің кемедегі Иона шығарсыз. Қарағым, маған дұрыстап түсіндіріп берші, сені осы сапарға шығуға не мәжбүрледі?” деді. Мен өзім туралы аз-кем айтып бердім. Әңгімемді аяқтай бергенімде, ол ашулы дауыспен: “Мен не істегенмін, мына азғын менің кемеме қайдан келген, енді мың фунт берсе де ешқашан сізбен бір кемеде жүзбеспін”, – деді. Бұл сөздерді ол зілдене айтты, ашу қысып кеткен соң небір ашулы сөздерді және төкті. Бұдан кейін ол райынан қайтып: “Бұл – тағдырдың салған ісі, енді тездетіп әкеңе қайт, болған оқиғаларды жаратушының ескерусіз қалдырмағаны деп ойлаймын, е, жас жігіт, егер сіз үйіңізге қайтпасаңыз, әкеңіздің тілін алмасаңыз, менің сөзіме сеніңіз, – қай жерден табылсаңыз да сіздің соңыңыздан бақытсыздық пен сәтсіздік өкшелейтін болады”, – деді сөзін аяқтай келіп.

Мұнан кейін біз екі жаққа бөлініп кеттік, мен оны одан қайтіп көрмедім. Ярмуттан қайда кеткенін де білмеймін, менде қаражат жағы тапшы болған соң Лондонға құрлықпен тарттым. Жол бойы өмірдің қай соқпағымен жүремін деп ойлаумен болдым: үйге оралсам ба, әлде қайтадан теңізге бет бұрам ба?

Үйге қай бетіммен барамын, әкем-шешем былай тұрсын, ағайын-туғанға, көрші-көлемге қалай көрінемін, бәріне келеке, мазақ болып жүрермін деген ой да жылт етті. Сол кезден мен адам баласының, әсіресе оның жас кезіндегі табиғатының соншалықты қисынсыз болатынын түсіндім; осыған ұқсас жағдайларда адамдар ақылды басшылыққа алғанның орнына оны терістеп, күнәсі үшін емес, тәубаға келгеніне ұялады, оларды ақымақ деп есептеуге болатын ессіз қылықтары үшін емес, өз қателіктерін мойындап, түзетуге ұмтылған, оларды ақылдылылардың санатына енгізуге тұрарлық қылықтары үшін ұялады.

Не істеуім керек, өмірдің қай соқпағын таңдасам екен деген әуре-сарсаң оймен біраз уақыт жүріп алдым. Үйге қайтсем деген ойды жеңе алмай-ақ қойдым, бірақ әзірге кейінге шегере бердім, теңіздегі басыма төнген бәле-жалалар туралы естеліктер көмескілеген сайын, әкеме оралуға шақырған онсыз да әлсіз ақылдың үні әлсірей берді, ақыры мен оралу туралы кез келген ойды былай қойып, жаңа саяхаттар туралы армандай бастадым.

Әлі сол бір зұлым күш – менің үйден қашуыма түрткі болған, әлемді шарлап байысам деген ессіз де ой елегінен өткізілмеген есірік ойға себепші болған және бұл ойлармен, менің басымды арбап тастағаны сондай, мен барлық жанашыр кеңестерге, айтқан насихатқа, тіпті, әкемнің тыйым салғанына да керең боп қалдым, – міне, осы күш дер едім мен, оның қандай екендігіне қарамастан, адамның ойына келуі мүмкін-ау деген ең талайсыз іске мені итеріп жіберді: мен Африка жағалауларына, біздің теңізшілердің тілімен айтқанда, – Гвинеяға аттанғалы тұрған кемеге отырдым да тағы да жаһанды кезе бастадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий