Робинзон Крузо - Даниэль Дефо
-
Название:Робинзон Крузо
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:146
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.
Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги
Осы екі жыл ішінде қашып кетуге қолайлы бір ғана мүмкіндік болды. Менің қожайыным кемесімен теңізге шықпай, үйде әдеттегіден көп отырып қалды (менің естуімше, ақша жоқтығынан сияқты). Осы кезде ол аптасына бір-екі рет бізді қасына алып, теңізден балық аулап қайтып жүрді. Ескекші есебінде мені және бір жас мавр баланы ертіп алатын, әліміз келгенше көңілінен шығуға тырысамыз, екіншіден, менің балық аулағаным оған қатты ұнады, кей-кейде қасымызға өзінің бір жақын інісі Мареконы қосып жіберетін.
Бір күні үшеуміз таңғы тыныштықта балық аулауға аттандық. Біз шығысымен-ақ теңіздің бетін қап-қара тұман басып, жағалау бір жарым мильдей жерде болса да, көз жазып қалдық, шамалап беталды жүре бердік: сол күні күнімен, түнімен теңіз бетінде жүздік. Таң ата жағалаудан алты мильдей теңіз ортасына қарай ойысып кеткенімізді байқадық. Көп мехнат шегіп, үйге әрең жеттік, азаннан салқын жел соғып тұрғасын ба, қарнымыз да ашып қалыпты.
Бұл оқиғадан ой түйген қожайын: “Енді балық аулау үшін теңізге азық-түліксіз, құбылнамасыз ешкім шықпайды”, – деді. Біздің кемемізді тонағанда бір баркасты өзіне қалдырған-тын, кеме жасаушыны шақырып алды да, ол шебер, тұтқында жүрген ағылшын еді, баркастың ортасын ойып, екі кісі жатып ұйықтайтындай каюта жаса, арт жағынан бір адамдық орын қалдыр, себебі ол адам қайықтың құйрығын ұстап отыратын болады, алдыңғы жағына екі адамдық орын жаса, олар желкенді тартып отыратын болады, ал желкендердің кливері каютаның үстіне дөп келсін деді. Каютаның ішінен азық-түлік салып қоятын шкаф жаса деп бұйыра сөйледі. Қожайынның сөзін екі етпей орындадық. Каюта өте қолайлы, іші кең, әрі ыңғайлы болып үш адамға ыңғайластырып жасалды, кішкене үстел, азық-түлік салатын кішкентай сөре де қоюға болады: сөреге менің қожайыным күріш, кофе және сапарда жүргенде өзі ішетін бірнеше бөтелке ішімдіктер қоятын.
Осы баркаспен әлденеше рет балық аулауға шықтық, балық аулауға кәдімгідей машықтанып алдым, сондықтан қожайыным мені қасынан тастамай ертіп жүретін болды. Бір күні қожайыным екі-үш маврды ертіп (балық аулағысы келді ме, әлде тек серуендегісі келді ме) білмеймін, сапарға шығатын болды, азық-түлікті молынан алды, бәрін де күні бұрын баркасқа апарып қойдық. Мені шақырып алып, үш мылтық, жеткілікті етіп оқ-дәрі алуға бұйырды.
Айтқанын екі етпедім. Келесі күні ертемен қонақтарды күттік, жалаушамызды көтеріп, тазаланған, жуылған баркастың ішінде отырдық. Бірақ қожайынымыз жалғыз келді, қонақтарының тығыз шаруасы болып қалғанын, бүгін теңізге шыға алмайтынын айтты. Содан кейін: “Үшеуің балық аулап келіңдер, бүгін достарым кешкі тамақты менің үйімнен ішеді, олжаларыңды маған әкеліп беріңдер”, –деді де кетіп қалды. Мен мақұлдаған болып, басымды изеп қала бердім. Тап сол кезде санамда бостандық туралы ой тағы да жылт ете қалды. Қазір шағын кемем бар, қожайыным жоқ, нағыз қолайлы сәт деп мен де жолға қамдана бастадым. Әрине, балық аулауға емес, ұзақ сапарға аттанғалы тұрсам да, қалай жүруді, қайда бағыт ұстауды ойыма да алғаным жоқ, жолдың алыс-жақыны, жақсы-жаманы да есеп емес, қалай қарай бет
алсам да, тек еркіндікте болсам болғаны деп түйдім.