Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біз кемеден аулақтаған сәттен ширек сағатқа жетер-жетпес уақыт өтпей-ақ кеме біздің көз алдымызда бата бастады. Мен осы жерде бірінші рет “жауып кетедінің” мағынасын түсіндім. Шынымды айтсам, кеме батып бара жатыр деген матростардың айғайын естіген кезде, кемеге қарауға да шамам болған жоқ деп те айтуға болады, өйткені мен қайыққа аяқ басқан немесе, дұрысы, мені қайыққа салған сәттен бастап-ақ біразы қорқыныштан, біразы мені алда күтіп тұрған бәле-жалалардан ішкі жан-дүнием өліп қалғандай еді.

Қайықты жағаға қарай бұрғылары келіп адамдар ескекті жандарын сала ескен сайын біз (өйткені, қайықты толқын жоғары лақтырған сайын жаға көрініп қалатын) жағалауда жиналып қалған адамдардың үлкен шоғырын көрдік: олар әбігерге түсіп біз жақындаған кезде көмек қолын созуға дайындалып жүгіріп жүрді. Бірақ біздің қайық өте баяу жылжып келеді, Винтертон мен Кромердің арасында жағалау сызығы батысқа қарай иіле түсіп, шығыңқы мүйіс желдің күшін әлсіретіп, “Винтертон” маягінен өткеннен кейін ғана жағалауға жеттік. Осы жерде біз жағалауға тірелдік те, әрең-әрең, бірақ әйтеуір аман-есен құрлыққа шықтық та, Ярмутқа жаяулап жүріп кеттік. Апатқа ұшырағанымыз үшін біздерді Ярмут халқы рахымдылықпен қарсы алды, бөлек үй-жайға орналастырды, жай адамдар мен көпестер, кеме қожалары өз еркімізге салып Лондонға немесе Гулльге жететіндей етіп қаражат жинап берді. Шіркін, менің басыма сол кезде Гулльдегі туған үйіме оралу туралы ой неге келмеді екен! Мен сөзсіз бақытқа кенелер едім! Әкем тура інжілде айтылатын тәмсілдегідей менің аман-сау келгеніме қуанып бір семіз бұзау сояр еді, өйткені ол менің аман қалғанымды көп уақыт өткеннен соң, мен Гулльден мінген кеменің Ярмут рейдінде опат болғанын

естіген кезде ғана білді.

Бірақ қытымыр тағдыр мені апатты жолға қарсыласуға болмайтындай табандылықпен итере түсті; бірақ кейде менің жан-дүниемде бірнеше мәрте мені үйге қайтуға шақырған сау ақылдың даусы естілсе де, оған құлақ асуға менің күш-қуатым, әл-дәрменім жетпеді. Адам баласын өз ажалына нендей күш асықтыратынын қалай түсінерімді білмедім, түсінуге талпынбадым да. Кейде түйсігімізбен сезе тұра, өзіміз жазмышқа қарсы келіп, тағдыр тауқыметін арқалайтынымыз қалай, ұзақ сапарда екі рет ажалдың түр-түсін көргендей бетпе-бет келіп, тосын оқиғалармен ұшырассам да, қанша қашсам да құтқармас қатал тағдырым, жүрегімнің қалауы мен парасатты ойыма қарсы келуге мәжбүрледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий