Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кейін білгенімдей, анам мен үшін әкемді көндіруге ниеттенбесе де арамызда болған әңгімені сөзбе сөз жеткізіпті. Әкем менің өз ойымнан айнығанымды сезіп, қапаланып: “Бала туған жерде болса, уайымсыз, бақытты ғұмыр кешер еді, ал енді шет жерге кетемін десе, оның еш болашағы жоқ, жер бетіндегі ең бейшара, ең бақытсыз тіршілік иесі болады. Жоқ, мен мұндайға жол бере алмаймын” деп күрсіне жауап беріпті.

Бұл оқиғадан кейін жылға жақын уақыт өткен соң ғана мен еркін өмірге қол жеткіздім. Осы уақыт ішінде ешбір іске араласпадым, жаным қалаған іске үзілді-кесілді қарсылық білдіргені үшін әкем мен анамды жиі кінәладым. Бір күні жолым түсіп Гулль қаласына келдім, бірақ менде қашу туралы ой тіпті болған жоқ. Бір танысым әкесінің кемесімен Лондонға сапарға шыққалы жатыр екен. Ол мені көре салып, теңізшілердің әдеттегі қулығына басып: жолға да ешбір шығын шықпайды, бірге аттанайық деп үгіттей бастады. Әкемнің яки шешемнің рұқсатынсыз, оларға бір ауыз сөзбен де ескертпестен, өздері әйтеуір біле жатар деген жүрдім-бардым ниетпен, ата-анамның да, құдайдың да батасын алмай бұл сапардың соңы қалай боларын да ойға алмай, сәтсіз – құдай көріп тұр! – сағатта, 1651 жылдың қыркүйек айының 1-і күні Лондонға бет алған досымның кемесіне отырып кете бардым. Жас жиһанкездердің бірде-бірінің басынан кешіргендері тап менікіндей ерте басталып және өте ұзақ болмаған шығар деп ойлаймын.

Гумбер сағасынан жылжып шығар-шықпастан қатты жел тұрып, долданған толқын біздің кемемізді қатты шайқады. Теңіз тіршілігін бұрын-соңды көрмеген менің жан дүниемнің үрейін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ата-анамнан безіп, перзенттік парызымды өтемей, олардың арман-тілегін орындамағаным үшін құдайдың өзі жіберген зұлмат екенін енді түсіндім. Әке-шешемнің шын тілегі, әкемнің көз жасы, шешемнің жалынып-жалбарынғаны есіме түсті, әке-шеше үмітін үзіп, әке сенімін ақтамағаның үшін сен құдай алдында күнәкарсың дегендей ар-ұятым да мені қатты азаптады.

Жел күшейе түсті де, теңіз көбігін шашып, биік-биік толқындар қаптап, жойқын жел аранын ашты, бірақ бұл мен кейіннен көретін, тіпті екі-үш күннен кейін ұшырасатын толқынмен салыстырғанда жай әшейін нәрсе еді. Бірақ бұрын мұндайды көрмеген, теңіз иісі мұрнына бармайтын мен сияқты жаңадан келген адамға осының өзі жеткілікті еді. Асау толқын жарды келіп соққанда, теңіздің айбарлы өксігі күшейіп, бізді жұтып жіберердей көрінді. Ал кеме толқынның екпінімен ырғып төмен түссе, су түбіне кетіп, қайтып жоғары шықпастай көрінді. Долданған теңіз бен долы дауылдың кімге қалай әсер еткенін білмедім, өзім үшін өте үрейлі болды. Егер жаратқаным жарылқап, рақымы түсіп, осы сапарда шыбын жанымды кеудемде қалдырса, аяғымның ұшы қара жерге тиер күн болса, ешқайда бет бұрмай, үйге оралуға, әке сөзін қалт жібермеуге, өзімді-өзім енді қайтып азапты жолға бастамасқа іштей ант еттім.

Әкемнің алтын орта туралы айтқан ойларының дұрыстығына енді ғана көз жеткіздім. Әкем ешқашан теңіздегі дауылға, жағадағы машақатқа ұрынбай, өз өмірін бейбіт те жайлы өткізгенін түсіндім. Мен тәубама келіп, туған үйіме шын мәнінде адасқан ұлдай қайта оралуға бекіндім.

Дауыл басылғанша, басылғаннан кейін де біраз уақыт мен осы саналы ой, сау ақылдың құшағында болдым. Бірақ келесі күні ертемен жел саябырсып, толқын баяулайын деді, менің де теңізге бойым үйрене бастады. Күні бойы үйге ораламын деген оймен жүрдім (бірақ теңіз дертінен әлі айыққан жоқпын). Кешке қарай аспан шайдай ашылып, желіккен жел демін ішіне тартып, күн қызарып ұясына батты, ертеңіне де күн ашық, теп-тегіс теңіз беті күн сәулесімен шағылысып керемет көріністе болды, табиғаттың мұндай сұлу бейнесіне алғаш куә болдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий