Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұдан кейін әкем маған: балалық қылма, бостан-босқа адаспа, өз басыңа өзің қиыншылық пен жоқшылықтың азапты жолын тілеме, – деп, және бұлардан менің туысыма байланысты қоғамдағы алар орнымды сақтап қалатындай қылып көрсетіп, табандылықпен және сондай бір жылы жүзбен өтіне бастады. Нан табу үшін қиналып жүрген жоқсың, сенің қамыңды ойлаймын, тура жолмен жүрсе екен деймін, егер бақытсыз болсаң, өмірде жолың болмаса, онда қателіктің бәрі өзіңнен, не зұлым тағдырдан деді әкем. Менің басыма тек бақытсыздық қана әкелетін қадамнан сақтандыра отырып, өз борышын орындайтынын және барлық жауапкершілікті өз мойнынан алып тастайтынын білдірді: қысқасын айтқанда, егер мен әкемнің сөзін тыңдап үйде қалар болсам және әкемнің қалауымен өмір сүрсем, ол маған бұрынғыдай жақсы әке болатынын, егер мен үйден кетер болсам, онда ол менің қазама да қайырылмайтынын айтты. Сөзінің соңында әкем нидерланд соғысына қатыспа деп, табанды түрде көзін жеткізуге тырысса да, бар еңбегі зая кетіп, арман жетегінде үйден қашып шығып, соғыста опат болған ағам туралы үлгі ретінде айта кетуді де ұмытпады. Қандай жағдайда да (ол осылай өз сөзін аяқтады) сенің тілеуіңді тілеумен боламын дей келе, ол маған егер алған бетіңнен қайтпасаң, құдайдың рахметінен шет қаласың деп турасын айтты. Әлі сондай кез келер, менің кеңесімді елемегеніңе өкінетін боласың, бірақ онда, сенің істеген жамандығыңды түзетуге көмектесер маңайыңда тірі жан болмай қалуы да мүмкін деді.

Сөзінің соңында (әкем оны өзі сезбесе де, ол шын мәнінде де әулиелік еді), әсіресе қайтыс болған ағам туралы айтқанда, қарттың көз жасы бетін жуып кетті; ал сенің де өкінетін кезің келер, бірақ ол кезде саған көмек қолын созар ешкім болмайды дегенде, сөзін аяқтай алмай булығып қалып, жүрегі толып кеткені сондай, енді бір сөз айтуға де дәрмені жетпейтінін айтты.

Әкемнің сөзі жан дүниемді елжіретіп жіберді де (мұндай сөз кімді болса да тебірентеді ғой) шет жерге кету туралы ойымнан үзілді-кесілді бас тартып, әкемнің қалағанындай туған жерде қаламын деп шештім. Бірақ, әттеген-ай! – бірнеше күн өткен соң-ақ менің шешімім түбегейлі өзгерді: қысқасы, әкемнің жаңа насихаттарын тыңдамау үшін, әкеммен арада болған әңгімеден кейін бірнеше апта өткен соң үйден жасырын қашу туралы шешімге келдім. Бірақ мен шыдамсыздығымды сабырға жеңдіріп, асықпай қимылдадым: анамның әдеттегіден көңілді-ау деген кезін аңдап жүріп, оны бір оңаша жерге апардым да: менің шет жерлерді көруге деген ынтықтығым бар ақыл-ойымды билеп алғаны сондай, мен егер бір жұмысқа тұрғанның өзінде, оны соңына жеткізуге бәрібір шыдамым жетпейді, сондықтан әкем мені өз ықтиярымен жіберсін, әйтпесе мен оның рұхсатынсыз-ақ кетуге мәжбүр боламын дедім. Менің жасым он сегізге келді, енді маған қолөнер үйрету де, менен заң қызметкерін дайындау да кеш. Егерде мен тіпті заң бақылаушысына хатшы болып орналасқанның өзінде, сынақ мерзіміне дейін де шыдауға шыдамым жетпей, қамқоршымнан қашып теңізге кетіп қалатынымды білемін; жай ғана тәжірибе ретінде саяхат жасауым үшін әкемді көндіріңіз, егер ондағы тұрмыс ұнамаса, үйге қайта ораламын, одан кейін ешқайда кетпейтін боламын, жоғалтқан уақытымды еселеп қайтарамын, – дедім.

Менің сөздеріме анамның қатты ызасы келді. Бұл жөнінде әкеңмен сөз қозғаудың еш реті жоқ, өйткені ол саған не пайдалы екенін тым жақсы біледі, сондықтан сенің өтінішіңмен келіспейді деді. Бар мейірімін төгіп, алған бетімнен қайтарған әкеммен болған әңгімеден кейінгі менің тосын мінезім анамды таңғалдырды. Егер сен өз басыңды жойғың келсе, енді бұл бәлеге тоқтау жоқ, бірақ есіңде болсын, әкең де, мен де сенің бұл ісіңе ешқашан келісімімізді бере алмаймыз; ал өзіме келер болсам, сенің өліміңе еш себепкер болғым келмейді, сондықтан сенің, әкем қарсы болғанда шешем қолдап еді деп айтуға ешқашан хақың болмайды деген сыңайда сөз айтты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий