Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қалыпты тіршілік шеңберінен шығып, артында алаңдары, іздеушісі жоқ жандар, байлық пен бақ қуып алаөкпе болып, соның соңынан жүгіргендер ғана өз елінен алыстап кетеді, олар өз істерінің жемісін көріп, даңққа бөленгілері келеді, бірақ мұндай қадамға бару менің қолымнан келмейді. Мен орташа тұрмысты қалаймын. Адамзат тарихы орта тұрмыстағы адамдардың бақытты өмір сүретінін дәлелдеп берген. Ол адамды дәулеттілердің маңдайына жазылатын сән-салтанат пен мақтансүйгіштіктен, менмендік пен күншілдіктен, кедейлердің ғана сыбағасы болып табылатын ауыр қара жұмыс пен жоқшылықтан, мұқтаждықтық пен қайғы-қасіреттен бірдей құтқарады. Бұл тұрмыстың соншалықты жанға жайлылығы туралы, деді ол, мен мынаған қарап-ақ айта аламын: басқа жағдайда өмір сүретіндердің барлығы оған қызыға да қызғанышпен қарайды, – тіпті корольдердің өздері ұлы істер үшін жаралған адамдардың ащы тағдырына шағым айтып, тағдыр оларды ұлылық пен күйкіліктің ортасына қоймағанына өкініш білдіретін кездері де аз емес және данышпанның өзі шын бақыттың өлшемі ретінде ортаны таңдап, құдайдан өзіне кедейлікті де, байлықты да жібермеуін сұрайды емес пе? Көз жүгіртіп қарасам, тұрмыс тауқыметі жоғары тап пен төменгі таптың арасында ғана бөлінген сияқты, деді әкем, ал орта тұрмыстағылар қалыпты өмір сүреді, олар жақсылар мен қара бұқараға қарағанда тағдырдан келген зұлымдықтарға аз ұшырайды; тіпті, олардың өмір сұру үрдісінің табиғи салдарлары болып табылатын, бір жағынан, кемістіктердің, сән мен салтанаттың және әртүрлі басы артық нәрселердің, екінші жағынан, ауыр еңбек пен мұқтаждықтың, нашар және жеткіліксіз тамақтанудың әсерінен пайда болатын тән мен жанның кеселдерінен де орташа өмір сүретіндер көбірек қорғалады. Орташа ахуал – барлық кісілік атаулының бүр жарып гүлденуіне, болмыстың барлық қуаныштарына игі әсерін тигізеді; молшылық пен бейбітшілік – оның қызметшілері; ынсап, ұстамдылық, денсаулық, рух тыныштығы, ашықтық, әртүрлі жағымды көңіл көтерулер, алуан түрлі рахат оған ере жүріп, батасын береді. Орташа ахуал адамы өзін ауыр қара жұмыспен де, миға салмақ түсірер ауыр ой еңбегімен де аса қинамай өмірін жайлы да тыныш өткізеді. Ол тәнді ұйқыдан, жанды тыныштақтан қалдыратын бір тілім нан үшін құлдыққа да сатылмай-ақ, тығырыққа тіреліп, шығар жолын таба алмай қиналмай-ақ, күншілдіктің құрты көкейін теспей-ақ, атаққұмарлықтың жалынына құпия түрде шарпылмай-ақ өмір сүреді. Ризашылық сезіміне бөленген ол кермек дәмсіз өмір балын татып, өзін бақытты сезінеді және күнделікті тіршілік барысында мұны тереңірек әрі айқынырақ түйсініп, жеңіл де байқаусыз көрге қарай жылжиды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий