Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Даниэль ДефоАдам баспаған иесіз аралда қалған Робинзон Крузо адамзат өркениетінің бүкіл жүріп өткен жолын қайта өткеріп, өз тіршілігін қалпына келтіреді. Еріксіз жалғыз ғұмыр кешуге мәжбүр болған талайсыз қаһарман ойлануға мұрсат алып, басына түскен қиындықтың себебіне үңілу арқылы тәубасына келіп, құдай жолына түседі. Жүрегіне иман орнап, жаны тыныштық тапқан Крузо қауіпті де алмағайып жалғызілікті ғұмырында пешенесіне жазылған адам төзгісіз қиындықтардың бәріне төтеп береді. Адамның ақыл-парасаты мен ерік-жігерінің сынға түсіп, шар болаттай шыңдалуының әдеби-көркем баянының үздік үлгісін алдымызға жайып салады.РОБИНЗОН КРУЗОРОМАНМен 1632 жылы Йорк қаласында шығу тегі шетелдік ауқатты отбасында дүниеге келіппін. Әкемнің туған жері – Бремен қаласы. Алғашқы кезде ол Гулль қаласын мекендеп, сауданы кәсіп қылыпты. Тұрмысы қалпына келген соң сауданы тастап, Йоркке қоныс аударған, келген бойда сол жердегі көне тек – Робинзондар деп аталатын әулеттен шыққан менің шешеме үйленген. Осыған байланысты мені де Робинзон деп атаған. Әкемнің фамилиясы Крейцнер, ағылшындардың шет тілдерді бұрмалап алатын дағдысымен бізге Крузо деп ат қойған. Енді біздің өзіміз де тегімізді осылайша атап, осылай жазамыз; менің таныстарым да мені үнемі осылайша атайтын.

Менің екі ағам бар-ды. Ағамның бірі Фландрияда, кезінде атақты полковник Локгарт басқарған ағылшын жаяу әскер полкінде қызмет етті. Оның подполковник шеніне дейін қызметі өседі. Бірақ Дюнкирхен түбінде испандарға қарсы жүргізілген шайқаста көз жұмған. Ата-анамның дәл қазір менің де өмірімнен бейхабар болғаны секілді, екінші ағамның қайда екенін білмеймін, хабар-ошарсыз кеткен. Отбасында дүниеге келген үшінші ұл болғандықтан да, ата-анам маған ешбір қолөнер үйретпеді және менің басым әртүрлі қияли нәрселерге толы болды. Әбден қартайған әкем үй тәрбиесінде бола тұра, қала мектебіне барып алуға болатын білім ауқымында маған әжептәуір білім берді. Әкем заң қызметкері болғанымды қалады, бірақ мен теңіз саяхаттары туралы армандадым және басқа ешнәрсе туралы естігім келмеді. Теңізге аңсарымның ауғаны сондай, мен әкемнің еркіне бағынбадым – тіпті әкемнің тікелей тыйымына да қарсы шықтым және шешемнің жалынып-жалбарынғаны да, достарымның ақыл-кеңестері де алған бетімнен қайтара алмады; пешенеме жазылған қасіретті өмірге итермелеген бұл табиғи әуестігімде бақытсыз тағдырдың белгісі тұрғандай боп көрінді.

Әкем парасаты мол, пайымы жоғары жан еді, менің осы оймен әуес болып жүргенімді сезіп, қатаң һәм дәйекті түрде ескерту де айтты. Буын-буыны сырқырап төсекке таңылған әкем, бір күні таңертең мені өз бөлмесіне шақырып алып, жерден алып жерге салып сөге бастады. Ол менен: қаңғыбастыққа бейімділіктен басқа, адамдармен еркін араласып, тұрмысыңды гүлдендіріп, шаттыққа бөленіп, рахат өмір кешер туған елің мен берекенің бесігі – өз үйіңнен безуге басқалай қандай себептер бар деп сұрады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий