Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Міне, мен осылай Гвинеямен сауда жүргізетін кәдімгі көпес болдым. Лондонға келген соң капитан көп кешікпей дүниеден өтті, мен енді Гвинеяға өз бетіммен қайта бармақшы болдым, сол кемемен Лондоннан шығып жүріп те кеттім; енді кемені марқұм капитанның көмекшісі басқарды. Бұл өте ауыр сапар болды, екі жүз фунт стерлингті марқұм капитанның әйеліне сақтауға бердім, ол оны тыңғылықты түрде орналастырды, ал мен жол пұлыма жиған ақшадан тіпті жүз фунт стерлинг те алмадым; бірақ есесіне мен жолда адам айтқысыз ауыр бәлелерге ұшырадым. Бір күні таңсәріде біздің кеме Канар аралдарына қарай, дәлірек айтқанда, Канар аралдары мен Африка құрлығына бет алып бара жатыр еді. Салех жақтан келе жатқан түрік қарақшылары түні бойы торыған болуы керек, желкендерін көтеріп, біздің соңымызға түсті. Олар желкендерін барынша көтеріп алған соң, кешікпей қуып жететіндеріне көзіміз жетіп, біз де қорғану шарасына кірістік (бізде он екі зеңбірек, оларда он сегіз зеңбірек бар екен). Түстен кейін, сағат үштердің шамасында олар бізді қуып жетті, қателесіп кетті ме, я солай ұйғарды ма, бүйірден келіп соқты, сегіз зеңбіректі қатар қойып атып ек, шегініңкіреп барып, олар да оқ жаудырды, өздерінің мылтықтары да көп екен, қарша боратты, адам саны да екі жүз шамасында. Дегенмен біз тобымызды жазбастан қарсыласа бердік. Бәріміз дін аманбыз. Біраз уақыт өткеннен кейін, теңіз қарақшылары жаңа шабуылға дайындалды, ал біз жаңаша қорғануға көштік, жау кемесі екінші жағымыздан келіп тиді, атыс күшейді, теңіз беті көкала тұман болды. Екі жақтың да кемесі бір-біріне жанасып, атыс бұрынғыдан да күшейе түсті. Бір кезде қарақшылар кемемізді қоршап алып, әр жерден ілмек темір тастап, біздің кемемізді өздеріне қарай қисайтып тартты да, алпысқа жуық қарақшы жанталасып біздің кемеге көтерілді, кемемізді басып алып, арқан жіптерін қиып, діңгектерін құлата бастады. Біз оларды мылтықпен де оқ жаудырып, найзамен және қол гранаталарымен қарсы алып, екі рет палубадан түре айдап шықтық. Бірақ, солай бола тұра, кемеміз жарамсыз болып қалғандықтан да және үш адамымыз өліп, сегіз адамымыз жараланғандықтан ақыр соңында (мен әңгімемнің бұл қайғылы бөлімін қысқартып отырмын) біз берілуге мәжбүр болдық, сөйтіп бізді тұтқын ретінде Салехқа, маврларға тиесілі теңіз портына апарып тастады.

Мені қалдырып, басқа тұтқындарды сұлтанның сарайына алып кетті. Қарақшылар кемесінің капитаны мені қасына алды, жас болған соң жұмсауға қолайлы деп ойласа керек. Қатал тағдыр мені көпестіктен құлға айналдырды. Басыңа қайғы түссе, ешкім келмейді және ешкім жұбатпайды деген әулие әкемнің сөздері ойға оралды. Бұл да құдайдың бір қарғысы шығар, мені біржола өлтіргені шығар дедім іштей. Жоқ, олай емес екен, бұл қатал сынақтың тек солғын көлеңкесі ғана, сыбағалы қайғы-қасірет әлі алда екен, әрі қарай не болғанын әңгімемнің жалғасынан көресіздер.

Жаңа қожайыным, мүмкін, мырзам болатын шығар, мені өз үйіне алды. Алдағы сапарларда мені өзімен бірге ала шығар деп үміттенген едім. Ерте ме, кеш пе, оны да испандардың я португалдардың кемесі тонайды, сонда менің басыма бостандық орнайды деген сенімде болдым. Үміт жібі үзілді, ол мені үйінде қалдырып, құлдар істейтін қара жұмысқа салды, келе сала күзету үшін кемеде бол деп бұйрық берді.

Сол күннен бастап түбінде бұл жерден қашып шығамын деген ой санамды жаулады, бірақ оның еш амалын таба алмадым. Мұндай жағдайда жеңіске жетемін деудің өзі далбасалық шығар, ешкімге сене алмадым, ешкімнен көмек күтпедім. Ағылшын болсын, шотландық болсын – жаныма жақын ешкім болған жоқ – сүреңсіз, жалғыздыққа толы күндерім өтіп жатты. Жүрегіме жақын тұтар ешкімім жоқ, жалғыздықтың азабын тартып екі жылды артқа тастадым (осы жылдар ішінде тек қана бостандық туралы армандадым). Ал қашамын деп ойға алған жоспарымды жүзеге асырудың көлеңкесін де көрмедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий