Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алаң көңілім сабасына түспей, он күндей жол жүрдім. Бұл маңда тіршілік бар екен, екі-үш жерден жағада жүрген адамдарды көрдік, олар да бізге қарап тұр екен. Біз олардың көмірдей қап-қара және тырдай жалаңаш екенін байқадық. Бір кезде жағаға барғым келіп кетті, бірақ ақылды кеңесшім Ксури “Барма, барма” деп маған қарсылық білдірді. Дегенмен олармен тілдесу үшін жағаға жақындадым. Олар менің ойымды сезген болулары керек, жиекті жағалап соңымыздан жүгіріп отырды. Байқаймын, қолдарында құралдары жоқ, тек біреуінің қолында ғана ұзын жіңішке таяғы бар. Ксури оның таяқ емес, садақ екенін, жабайылар садақпен атуға өте мерген екенін айтып түсіндірді. Мұны естіген соң, азырақ шегіндім де, әлгілерге қарап ымдап, білгенімше бірдеме түсіндірген болдым, азық етер бір нәрсе бар ма деп сұрадым, көрсетер қандай жәрдемдерің бар дегенді ыммен сездірдім. Қайығыңды тоқтат, жейтін тамақ берейік деді олар да ымдап. Қайықты тоқтатып, желкенді түсіргенімде, екеуі әрі қарай жүгіріп кетті, жарты сағат өтті ме, өтпеді ме, екі бөлек ет, қос уыс дән алып келді. Біз оның ненің еті екенін, ненің дәні екенін ажырата алмадық, бірақ алуға ниет білдірдік. Қайықтан түсіп жақындай алмадық, себебі олардан қорықтық, өздері бізден бетер қорқып тұр. Жатырқай қарап тұрған олар екі жаққа да қауіпсіз жол тапты: ет пен дәнді жиекке қойды да, өздері едәуір жер ұзап кетті, біз азық-түлікті қайыққа алып келгенше, орындарынан тапжылмады.

Басымызды изеп оларға алғыс айтқан болдық, басқалай ризашылығымызды қалай білдіреміз. Тап осы кезде оларға біздің де көмегіміз керек болды. Жағадан жылжығанымыз сол еді, тау жақтан бір-екі аң безіп келіп, суға күмп ете түсті. Бізге бірін-бірі қуып келе жатқандай көрінді: ұрғашысын еркегі қуып келе ме, я жарысып ойнап келе ме, я таласып, жеңілгені қашып келе ме, ол жағын біле алмадық, келді де бірден суға күмп етті, бұл жердегі аңдардың үйреншікті әдеті ме, болмаса кездейсоқ кездесіп қалды ма, бұл жағы тағы белгісіз. Бірақ жыртқыш аңдар некен-саяқ болмаса, күндіз көзге түспейді, ал енді күндегісі осы шығар дейін десем, жағада тұрған адамдар зәрелері ұшқаннан жанын қайда қоярға білмеді, әсіресе әйелдер жағы қатты қорықты. Қолына садақ ұстап тұрған адамнан басқалары алды-артына қарамай, тым-тырақай бет-бетіне безе жөнелді. Бірақ аңдардың зәңгілермен ісі болған жоқ, мақсаты тек суға түсу сияқты, жүзді де жүрді. Бір кезде біреуі аяқ астынан қайыққа қарай жүзе жөнелсін, тіпті бұлай болады деп ойламаппын; бір мылтықты оқтадым да, Ксуриге екіншісін оқтай бер деп бұйырып, қас дұшпанымды қарсы алуға кірістім. Мылтық оғы жетер жерге жүзіп келе бергенде шүріппені басып қалдым, оқ қақ маңдайдан тиді: суға бірден батып кетті, қайта шықты да жағаға қарай зытты, жанталасса керек, жағаға жеткенше бір батып, бір шығумен болды, жағаға жақындағанда жүзуге әлі келмей қалқып тұрды, су бетін қан қаптап кетті.

Бейшара жабайылардың мылтық даусынан қорыққандарын айтып жеткізу мүмкін емес: кейбіреулері сасқалақтап жерге құлады. Бірақ аңның өлгенін көріп қуанып, менің бермен келіңдер деген ишарама түсініп, қуанып кетті. Мен суға түстім де, аңның артқы аяғына арқан байлап, бір ұшын зәңгілерге лақтырдым, олар өлікті тартып жағаға шығарды. Өлтіргенім сирек кездесетін қабылан екен, тым ірі, әдемі, жүні құлпырып тұр. Зәңгілер немен өлтіргенімді білмей аң-таң болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий