Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Танымасаң танымай қалған шығарсың. Көзіңнің еті өскен шығар. Мені болыс жіберді. Не күміс ер-тоқымды берсін, не Қарақойынды қайтарсын дейді. Мына мыржық ағаш ұстауға келмей морыған кесектей үгітіліп отыр. Жарытымды жауабы жоқ. Жөн-жорық білетін жігіт едің, сен не дейсің, Рысқұл?

– Күміс ер берілмейді, – деді Рысқұл жай ғана. Асықпай-аптықпай айтқанының салмағы ақырғаннан артық еді. – Күміс ерді Әлімбек бабаммен бірге көмулі жатыр деп есептеңіз. Ал бабамның көрін ашып, аруақтан тартып алам десеңіз – өзіңіз біліңіз. Қарақойын – құдайдың жері. Дауылбайдың жері емес. Құдайдың қу даласы адам баласының бәріне ортақ.

Қараңғыдан қараңдап тағы біреу көрінді. Отырғандарға сәлем берген жоқ. Оқшиып бірауық қарап тұрды да, үйге кіріп кетті. Бұл Жылқайдардың кіші баласы Молдабек еді. Тары қорып келген беті. Ағайынды үшеуінің басы қосылғаннан қаймықты ма, жоқ әлде, әруақтың аты аталған соң тайқыды ма, әйтеуір Сақан палуан бірінші рет айқайламай-ақырмай, сабыр сақтап, тіпті сыбырлап сөйледі:

– Қарағым, Рысқұл-ау, әруақты мен құрметтемейді дейсің бе? Болыстың бұйрығы. Үйіне ояз келіп жатыр. Соларға ел екенімізді танытайық. Риза қылып аттандырайық дейді. Ояз риза болса, Әлімбек атамның әулеті де жаман болмайды, – дейді.

Жерошақтағы от қара қазанның желкесінен сытылып шығып, қамалап тұрған қараңғылықтың кеудесінен итеріп жібермей, қазанды қорып тұрғандай. Қара қазан – қара шаңырақтың қазығы ғой. Қазан босаса – шаңырақ шайқалмақ. Қазанды қараңғы зұлматтан қызғыштай қорыған оттан айналып, садағасы кеткің келеді. Сірә, баяғы бабалар отқа бекер табынбаған.

От сәулесі жеткен жерден шалбары ағараңдап, аяғына кебіс ілген біреудің әуелі белінен төмен жағы көрініп, бірте-бірте кеуде жағы да көзге шалынды. Ахат көрші екен. Қақырынып қойып, белгі бере келді. Ошақ басында, қазан қарап, от түзеп отырған Қатшагүл келіні сылдыр еткізіп көсеуді тастай салып, ұшып тұрып, қайнағасына сәлем қылды.

– Көп жаса, шырағым – деді Ахат. Кішкене шоқша сақалы бар, кең кеуделі, екі иығы екі кісі мінгендей, көзінде оты бар, шоң мұрын, ат жақты кесек тұлғалы кісі қырықтар шамасында көрінді. Сақан палуанмен қатар еді, қалжыңдап:

– О, дәу, жараған бурадай бұрқырап неғып отырсың? – деді. – Ел тыныш па? Болыс ауылында не боп жатыр? Ояз келді деп еді? – деді.

Жайшылықта болса Сақан палуан Ахаттың бұл қотыр сөзіне лайық жауап беріп бір шайнасар еді, дәл қазір реті келмеді. Ахат осы ауылдың сыйлы адамы. Бұған бәрі де жез сымдай жұмсақ иіледі. Мына Әлімбектің бірбеткей қарсы бұтақ сияқты қасқыр немерелерін осы Ахат алақанына салып саз балшықтай жұмсарта алады. Ендеше онымен қазір шайнасудың орны жоқ. О баста бұл шаруаға осы Ахатты араластыру керек еді. Әлі де болса кеш емес.

– Ей, Ахат, – деді Сақан палуан гүрілдек дауысын жайырақ шығаруға тырысып. – Мені болыс жұмсап отыр. Ояз келіп жатыр. Соған күміс ердің майын бере тұрсын дейді. Ояз біраз серуендеп, құмардан шыққан соң қайтып мен өз қолыммен әкеп беремін. Соған мына інілерің көнбей отыр. Айтсаңшы ақылыңды. Дауылбаймен қырғиқабақ болғаннан аз ғана Алсайға оңай тимес. Құдай ақыңа, түн жамылып отырмын ғой, өз қолыңды өзін кесе алмайды екенсің. Мен өзім деп айтып отырмын сендерге. Мен де осы Алсайдың бір баласымын ғой.

– Сен бе? – деді Ахат ұп-ұзын сұқ саусағымен Сақан палуанның көзін шұқып ала жаздап. – Сен Алсайсың ба? Алсайдан аласталғыр. Не бетіңмен аузың барып айтып отырсың батырдың күміс ерін! Алсай екенің рас болса, сол күміс ер Алсайыңның пірі емес пе, киелі туы емес пе? Оны ояздың астына қайтіп саласың қолың барып? Алсаймын дейді, Алсайдан алас кеткір. Шіріген жұмыртқасың да сен, намысы жоқ...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий