Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза
-
Название:Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:124
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»
Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги
Надзиратель құзғын құстай қалбайып төніп келгенде, таптап өтетін тажал келе жатқандай көрінді де бала жасқанып шегіншектей берді. Шегіне-шегіне жонарқасы дуалға барып тірелгенін бір-ақ байқады. Дуалды итеріп құлата алмайсың, секіріп кете алмайсың. Дуалдың қаттылығы мына мылтық кезенген надзирательдің қаттылығынан кем емес.
Тұрар бір аяғын көтеріп дуалдан өкшесімен тепкішек іздегендей болды. Қызылтаңдағы жан дәрмен, әйтпесе тепкішек жоғын біледі. Өкшенің тиген жерінен бір кесек опырылып түсті. Бала еріксіз аяғының астына қарады. Жұдырықтай кесекті еңкейіп көтеріп алмақшы болды. Қару етіп, қайрат көрсетпек пе? Кім білсін... Кесекті ала бергенде домбаз дуалдың түбін тесіп шыққан итқызғалдақты көзі шалды. Бұрын қалай байқамаған. Мыжып кетпейін деп бір адым оңға жылжыды. Демек, даланы итқызғалдақ жауып, қызыл-жасылдан қырдың жүзі құлпырып тұрған мезгіл екен ғой. Мына бір түп гүл бұл түрменің домбаздап соққан дуалының түбіне қайдан шығып жүр?
– Иттің баласы! Тұмсығыңмен тазала мына жерді! – Надзиратель Тұрардың көне шыт көйлегінің жағасынан бүрістіре ұстап алып қол арба тұрған жерге дырылдатып сүйреп әкелді.
– Ағатай, тазалайын қазір...
– Жоқ, сен қолыңмен емес, күрекпен емес, тек тұмсығыңмен тазала! Міне, былай, былай: – Надзиратель баланың желкесінен сығымдап, басын төмен тұқыртпақ болды. Бірақ қылдырықтай мойынның мұнша сіреспе екенін байқап әрі таң қалды, әрі ызаланды. Сол қолындағы мылтығын қисайып жатқан арбаға сүйей салып, енді қос қолдап кірісті.
– Ағатай, өзім-ақ қазір... – деп шырылдады бала.
– Жоқ, бандиттің баласы! – Надзиратель баланың басын иіп жерге жеткізе бергенде:
– Тоқтат! – деген ащы айқай мылтық атылғандай болып естілді.
Бұл Бронников екен. Айналып жүретін шеңберден шығып кетіпті. Басқалары да соның соңынан кісендерін салдырлатып, бері қарай беттеп келеді.
Надзиратель өзінің қатесін енді түсінді. Тұтқындардан көз айырып, жұдырықтай баламен алысып кеткені әбес болған. Дереу Тұрарды қоя бере салып, мылтығына жармасты.
– Қайт! Кейін! – деп қырылдады надзиратель.
Бірақ тұтқындар бұған төніп келе жатты. Кісендер дауысы қаттырақ, қаһарлырақ естіледі. Бір ырғақпен гүрс-гүрс етеді.
Надзиратель амалсыз артқа шегіншектеді. Мылтығын кезенді.
– Бронников! Атамын! Патша атымен ант етемін! Атамын!
Бронниковтың жирен қаба сақалы мен жалқын сары шашын көктемнің желі ұйпалады.
– Бронников! Тағы ескертемін! «Қанды жексенбіні» сағынып қалдың ба? Қанынды судай шашамын! Тоқта!
Кісендер дауысы гүрс-гүрс етеді.
Петербургтегі «Қанды жексенбіге» қатысып, алыстағы қазақ даласына айдалып, Верный түрмесіне қамалған Александр Бронников надзирательмен бетпе-бет келіп:
– Баланы қорлаушы болма, айуан! – деді.
– Сен әуелі оның кімнің баласы екенін білесің бе? – деп қырылдады мылтық кезенген надзиратель.
– Кімнің баласы болса, оның баласы болсын. Әйтеуір адамның баласы. Қорлама оны!
– Жоқ сен білмейсің. Ол Рысқұлдың баласы. Ең қадірлі болысты өлтірген. Жоғары мәртебелі губернатор жақсы көретін болысты атып өлтірген! Енді білдің бе!
– Білдім.
– Білсең орныңа бар! Шеңберден шығушы болма! Әйтпесе, Рысқұл құсап бір мезгіл таза ауаға серуенге де шықпайтын боласың.
Бронников надзирательдің иығынан аса қарап, құлаған арбаның қасында қалшиып қалған баладан:
– Атың кім? – деп айқайлап сұрады.
– Тұрар.
– Тұрар. Демек, Тұрар Рысқұлов.
Кісендер үні шеңберге қарай ығыса берді.
***
Атқораны тазалап болған соң бала Приходько мырзаның үйіне екі үлкен шелекпен су тасиды. Тұрар жұмыстың небір ауырына шыдап бағар-ақ,бірақ осы су тасығаны қатты қажытады. Екі иінін қара жерге тартып, қарын үзіп жібере жаздайды. Қатпаған буын, қатаймаған сүйек бұзық балалар иген сәмбі шыбықтай майысады.
Содан соң кеспек бөренелерді ұсақтап, отын жарады. Сөйтіп жүргенде оқудан балалар қайтатын уақыт болады. Тұрар қос жиренді пәуескеге жегіп жолға шығады...