Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Жоқ, Георгий Александрович, ойланбай айтасыз. Рысқұлдың басын ала салу оңай. Одан ештеңе өнбейді. Әңгіме сол жазаны жұртқа жария етуде. Ал жария ету үшін жоғарыдағыдай санкция керек. Мәселенің өте маңызды екенін айтып мен генерал-губернаторға хат жазайын. Жауабы қалай болады іс солай шешіледі. Келістік қой, Георгий Александрович. – Әңгіме осымен аяқталғанын аңғарған ояз орнынан жылдам тұрып, губернаторға басын иді.

– Сау тұрыңыз, Георгий Александрович, – деді губернатор креслодан тұрмастан қолын созып.

Ояз шығып кеткен соң, қоңырау қағып, адъютантқа:

– Осташкин мырза кірсін, – деді.

Вице-губернатор кіріп келіп:

– Слушаю Вас, – деп қалшиып тұрып қалды.

– Михаил Захарович, енді «Рысқұл ісімен» тікелей сіз айналысасыз. Менің атымнан генерал-губернаторға хат дайындаңыз. Рысқұл Жылқайдаровқа әскери сот үкімін шығарып, 16-статьямен соттауға болар ма екен деп істің мән-жайын түгел баяндап жазыңыз. Болыстардың арызы туралы да айтыңыз. Хат дайын болған соң маған қол қоюға әкеліңіз.

– Құп болады! – деді вице-губернатор Осташкин.

***

Араға апта салып Ташкенттен, генерал-губернатордан жауап келді. Адъютант фон Таубеге құпия екі хатты ашпастан ұсынды. Бірінші конвертті ашып:

– Нн-да, – деді фон Таубе хатты оқып болып.

«16-статья бойынша әскери сотпен соттау Жетісу губерниясына жатпағандықтан, Рысқұл Жылқайдаровты әскери сотқа беру мүмкін емес. Сонымен бірге оған қатаңырақ жаза қолдану үшін жергілікті сотқа нұсқау беріңіз» делініпті хатта.

Фон Таубе екінші конвертті ашып шұқшияды. Хаттың сол жақ шекесіне «Генерал губернатор. № 0121.

Екінші шекесінде: Құпия

Жетісу болыстарының

Әскери губернаторына»

16-көкек 1905 жыл, Ташкент қаласы – деп жазылған жазу тұр. Одан әрі мәтін кетеді:

«Менің алған мәліметтерім бойынша, соңғы кезде киргиз ауылдарының арасында кейбір толқулар байқалған сияқты. Бұл сірә, үкіметке қарсы орталықта жүріп жатқан зиянды әрекеттердің әсерінен туса керек. Сондықтан да, жоғары мәртебелі мырза, өз уезд начальниктеріңізге, учаскелік приставтарға тәртіп беріңіз: көшпенділерге қатаң бақылау орнатылсын, халықты бүлікке шақыратын сенімсіз адамдар байқалса, дереу бізге хабарлап тұрыңыз және әлгіндей көшпенділердің арасынан аластауға әрекет жасатыңыз...

Генерал-губернатор».

Қол қойылып, мөр басылған.

Фон Таубе екі жұдырығына мандайын тіреп отырып қалды. «Түсінбеймін, – деді өзіне өзі, – қой аузынан шөп алмайтын момын Жетісу деп бұл өлкеге өздері әскери сот пәрменін таратпайды. Сөйте тұра киргиздар арасында толқу байқалады, абайлаңдар, – дейді. Әрине, абайлаймыз. Күні кеше Жайылма болысында бір топ белгісіз киргиздар урядникті өлімші етіп сабап кеткен. Ал Жайылма управителі Нарсұлтан бізге ең сенімді адам.

Соның жерінде әлгіндей оқиға болып жатқанда басқалардан не қайыр? Верныйдың ерлер гимназиясында үкіметке қарсы марксшілдер ұйымы біраз жылдан бері өмір сүріп келіпті. Тіпті сол ұйымның бір мүшесі, гимназияның кешегі түлегі Михаил Фрунзе деген Петербургтен бір-ақ шығып, «Қанды жексенбі» оқиғасына қатысқан. Қазір Иваново-Вознесенскіде большевиктік насихат өртін лаулатып жүрген көрінеді. Бізге орталықтан саяси тұтқындарды айдайды. Ал, олар болса мұндағы елдің басын улайды. Сөйте тұра, Жетісудағы әскери соттың үкімі жүрмейді. Логика қайда?».

Фон Таубе жез қоңырауды әдеттегіден қатты қаңғырлатты. Сыптай адьютант сақпандай атылып кірді.

– Барлық уездердің начальниктерін ертең таңғы сағат тоғызға шақырыңыз. Бәрін! – деді фон Таубе. – да, қала жандармериясының полицмейстерің, облыстың түрме бастығын, округтық сот председателін шақыруды ұмытпаңыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий