Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза
-
Название:Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:124
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»
Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги
Есебі есеп-ақ. Тұқымбай бісмілла деп Саймасайдан сезіктенеді. Салып ұрып болысқа жетеді. Осылай да осылай, болысеке. Алдырған албырт – анасының қойнын ашады. Бұл сенің адамдарыңнан келген тажал, Рысқұл деген баукеспең бар. Оның қолыңнан бәрі келеді. Жүйрігімді соған алдырдың. Тауып бер, дейді.
Болыс айтады:
– Есің дұрыс па, байғұс. Рысқұл түрмеде жатыр. Абақтыдағы адам қайдан сенің атыңды ұрлайды. О байғұс бұл күнде тышқан аулайтын болған. Бір орыстың көтерем лақсасын аламын деп азабын тартып жатыр, – дейді.
Тұқымбай:
– Апыр-ай, сонда қалай? Әнеукүнгі аста сонау Қарақолдың қыздары қатты сұқтанып еді. Солардан болды ма бұл сұмдық? Әй, сырттан ала алмайды-ау. Сыр білетін біреу бар, біреу бар, – деп қамшысын таянып жұдырығымен жер тоқпақтайды. Саймасай:
– Е, сыр білетін ауылыңда. Өзіңнен көр, – деп кергиді. Саймасай есебі есеп-ақ.
* * * *
Тау-Шілмембеттің үркердей ғана аз ауылына бұлтсыз күні күн күркіреп, найзағай шартылдап, жай түскендей болды да қалды. Бұрын да айлы түндегі арық қояндай қорқақтап, дуайпат өгей шешенің қолыма қараған жетім баладай жаутаңдауық болған.
Сәлік-Сарының ендігі күні мүлде мүшкіл.
Еркек кіндік Ахат қарттың үйіне жиналған.
– Ау, ағайын, бізге қай құдайдың қарғысы тиді бұл? Не өз туған жерімізге сыймаймыз, не кісі еліне сыймаймыз. Не жаздық бұл қу құдайға? Ортамыздағы бір бүлікке бола бәріміз қырыламыз ба? Айтсаңдаршы, бір бәтуаға келейік те, – деп дегбірсіз Омар алалы көзі ақшиып, аптығын баса алмай екіленді.
– Өзің не айтасың? – Ахат жалбыраған қастан көзі көрінбей төмен қарап отыр.
– Мен айтсам – турасын айтам. Қашанғы тілімді шуда жіппен байлап қоям. Бәленің бәрі Рысқұлдан. Бізді бүлдірген Рысқұл деп ұлықтарға айтайық та, Дауылбайдан жаздық-жаңылдық деп кешірім сұрап, туған топыраққа қайтайық.
– Әй, шірік томар, о бастан-ақ осал едің. Оңбаған істің бәрі осалдан шығады, – деп Шыныбек шарт сынды.
– О, маңқа ит, мен осал болғанда, сен пысық болып не бітірдің? – деп Омар одыраңдады.
– Жә, болды! – деп жекіді Ахат. – Енді өзімізбен өзіміз ырылдасқанымыз жетпеп еді. Тек, түге. Одан да анау абақтыда жатқан арысымызды қалай құтқарамыз, соны айтыңдар. Соған жиналып отырған жоқпыз ба? Қорған, сен не дейсің?
– Мен Рысқұлдың жемтік жемейтінін білемін. Орыстың атын ол алған жоқ. Мұның түбі шикі, – самайына, мұртына ақ кіре бастаса да қызыл шырайлы сұлу жүзінен әлі де сол сонау сәбиліктің бейкүнә шырайы таймаған Қорған.
– Үсіп не айтады?–деді Ахат басын салбыратып омырауына салған қалпы.
Үсіптің аппақ құдай басы қалтаңдады. Қолының да дегбірі кетті. Ызғырық жел маза бермеген күзгі жапырақтай тынымсыз қалтырайды.
– Біздің бас не көрмеген бас, қайда қурап қаларын бір құдай өзі біледі. Туған бауыр – арыстандай азаматымызды жалғыз тастап, елге қайтқанда не береке табамыз.
– Әне, бұл елге бір жөн айтсаң, жүндей түтіліп, жүдеп кетеді, – деп Омар тағы алқына бастады. – Үйірінен лаққан саяқ оңбайды. Туған елден кетіп тентірегелі міне, жиырма бес жыл болды. Талғарда туған балаларымыздың сақал-мұрты шықты. Құдай-ау, ата-бабамыздың жұртына жуи алмай, жынды көбелек құсап, бұл Саймасайдың ит арқасындай бір тілім жерінен жылжи алмай қашанғы қорлық көреміз? Көбіміздің төрімізден көріміз жуық. Жат жерде сүйегіміз шірісе, елдегі әруақ азаланбай ма? Бүкіл Сәлік, Шілмембет, Шымырдың сүйегіне таңба түспей ме? Не деген сұмдық бұл! Елге барып: «Жаңылдық, жаздық» десек, е, «адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң», – демей ме? Қарақойынға қайта барып, бір тоқымдай жерге егін салып, түскен тарының талқанына қақалып өлсем–арманым жоқ. Басқаң не қылсаң–о қыл, мен өзім көшуге бел байладым. Тәуекел!
Омар демігіп барып әрең тоқтады.
Mүлгіп отырған қарт жай ғана оң қолын көтерді. Мүлгіп емес-ау, ежелгі ескі моладай мүжіліп отыр.