Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Рысқұлды артынша басқа бір ой жеңді. «Бұлардың қайырымдысын көргенім жоқ. Бай біткеннің бәрі бір топырақтан домбаздалған. Мүсіркеген болады да, алдына сүйек тастап, алдаусыратып, мойныңа қарғы бау тағып, табанына салып алады. Өмірі құтылмас қақпанға қаласың. Тұқымбай судан таза, сүттен ақ болса, Керім кедейдің құдасынан Қызыл Жебені шырылдатып тартып алар ма еді? Түптеп келгенде Қызыл Жебе Тұқымбайдікі де емес қой. Оныкі де зорлық, болыстікі де зорлық. Біз пақырға күнкөріс керек. Менде жазық жоқ».

Осыны ойлап, Рысқұл Шолақты тебініп қалды. Қызыл Жебе ойнақтай жөнелді.

* * *

Болыс та тағат таппай, ұйықтай алмай ояу жатқан. Үй сыртындағы дүбірді құлағы шалып қалғанда-ақ төсектен атып тұрып, ақ жейде-дамбалшаң, үстіне жұмсақ түйе жүн шекпенді желбегей жамыла салып, аяғына кебісін іле-міле сыртқа шықты.

– Ой, көк бөрім! – деп ат үстіндегі Рысқұлға қос қолын бірдей ұсынды. – Сен алмайтын жау бар ма! Сеніп ем-ау өзіңе. Басқа жан баласынын қолынан келмейтін ерлік істедің. Әй, көкжалым! Аттан түс.

– Қажып қалдым, мырза. Мен қайтайын. Бала-шаға да елегізіп жатқан шығар, – Рысқұл енді аялдауға зауқы соқпай.

– Ой, ерім, жас қатынның жанына жетуге асығасың, ә?! Сабыр ет, әлі шаруа бар. Аттан түс.

– Шаруа бітпеді ме, мырза. Болары – болды ғой. Ендігісі өз қолыңда. Әйтеуір, екі таудың арасында шыбын өліп жүрмесін. Менің алғанымды білдіре көрме, мырза, уәдеге құдай куә.

– Бұрын мұндай жалтақ емес едің, сен де жасиын дегенсің-ау, батыр. Бұл Тұқымбай итке істеген қорлықтың бісмілласы ғана. Енді оны мүлде шоңқиту керек.

– Енді не қалды, мырза? Аларыңды алған жоқсың ба? Қызыл Жебе қолында. Бірақ қайтіп сіңірер екенсің бойыңа. Жай қыл-құйрықтың бірі емес. Атышулы ғой.

– Сол себепті де бұл мақұлықтың көзін жою керек. Көзге сүйел болып біткен дию неме Тұқымбайға да жоқ, маған да жоқ. Куғыншы келіп қалуы әжеп емес. Тез аттан түс, батыр. Тез бауыздап жібер, жылқы бейнелі жынның баласын! – деп болыс Шолақ Шабдардың тізгінін ұстады.

Рысқұл тізгінді тартып қалды. Шолақтың басы кегжең етті. Қызыл Жебе осқырынып, құлағын тікшитті. Болыс жалма-жан Қызыл Жебенің ноқтасынан шап беріп ұстап алды.

– Адам баласының аузынан шығатын сөз емес қой мынауың, болыс. Ұйқысырап айтқаның болар. Жылқының төресін дені дұрыс кісі союға көзі қия ма?! Одан да мені сой, қан тілесең! Не деп тұрсын өзің?!

Рысқұл сенерін де, сенбесін де білмей дағдарып қалды. Дүниеге асыл сирек келер. Мына өңкиіп тұрған таудың бәрі тас. Алтыны бар болса – түйір ғана шығар. Қызыл Жебедей асыл енді бұл елдің маңдайына біте ме, жоқ па – белгісіз. Қызғаныш пен күншілдік деген ит адамды ақылынан адастырады. Қызғаныш пен күншілдіктің өзі арам пиғылдан туады. Адал адам ешкімнің бағын күндемейді. Бақталастардың басындағы ми уға айналады. Улы мидан түбінде ұрыс шығады.

– Maқаш! – деп ақырып қалды болыс.

Көршi қараша үйден:

– А! а! – деп аптыққан, барқыраңқыраған үн шықты. Болыстың қайта шақыруын күтпей-ақ, Мақаштың үйінің есігі желп ете қалды. Көзін дәу жұдырығымен уқалай жеткен Мақаш Рысқұлға сәлемдескен жоқ. Сірә, киімімен жатқан.

Рысқұлдың көзі енді жетті. Бір сұмдықтың болары хақ.

– Айналайын ағатай, әруақ-құдайдан, Қамбар атадан қорықсайшы. Кісі баласы қолы бармас қылмыс қой мынау! – деп Рысқұл жалынып та көрді.

Болыстың қысық көздері айға шағылысып, ұстараның жүзіндей жарқ етіп, ызғар шашты.

– Оттама, – деді Рысқұлға, – Ақылыңды басыңа шайнап жақ. Одан да мына Мақашқа көмектес. Тез! Тез! Таң атып қалады.

– Онда мен бұл масқараңды айдай әлемге жаямын. Бұл мен төзетін іс емес! – Рысқұл атының үстіне ширағырақ отырып, Қызыл Жебенің ноқтасына қол соза берді. Бірақ Мақаш қолын қағып жіберді.

– Жаярсың, сорлы! Жайып көр! Тісіңнен шығарып көр, аяғыңды аспаннан келтірейін. Тұқымбайдың жүйрігін ұрлап әкелген мен бе, сен бе? Осыған да миың жетпеді ме, өлер жерін білмеген ақымақ!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий