Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Mынa сөз Рысқұлдың қос өкпесін бірден тесіп өткен оқтан да жаман болды. Ашуланшақ, тар шеке Мақаш та дүңк етіп:

– Шешеңді... Қаңғыбас, болысекеме қарсы келетін сен кім едің, – деп Қызыл Жебенің мойнына қыл арқан салып үйдің сыртындағы топ шырғанақтың ішіне қарай жетектей жөнелді.

Рысқұл уақытты өткізіп алғанына өкінді. Әлгіде жүйріктің ноқтасын сыпыра салып, қамшымен осып-осып жібергенде, жануар құтылып кететін еді.

– Уа! Саймасай, қайт райыңнан. Бүкіл тұқым-тұяғыңа кететін қатал қарғысқа қаласың. Жылқының сұлтанын сойғанша, мына менің қаныма той, – деп Рысқұл атынан аунап түсіп болыстың аяғына жығыларман болды. Дабыр-дүбірге қойшы қарауылдар да, қоржық сары Таубай да келіп қалды. Өз адамдары көбейгенінен дес алған болыс Рысқұлды иығынан теуіп жіберді. Рысқұл орнына тұра беріп, болыстың бетіне тіктеп қарап еді, бетінен оты лапылдап тұрғандай екен. Мейірімнен ноқаттай белгі жоқ. Кеудесі кеуек, көр сияқты көрінді. Сірә, жүрек жоқ болар.

– Шамаңды біл, Рысқұл! Өзіңді түрмеде шірітіп, қалған Шілмембеттің шаңын шығарып, күлін суырып, тентіретіп жіберемін. Тіліңді тістеп, тісіңнің арасынан шығарма, білдің бе? – Шақар болыстың шоқша сақалы секеңдеп кетті. Енді бұған қайырым жоқ.

«Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір Аллалап», – деген өлеңді Рысқұл құранның аятындай айтып жүрер. Мына болыстан күдерін әлі де үзбей, ақырғы амалын айтты:

– Болыс-еке, бауыздатпа. Мен осы атты саған өлтірмей-ақ сіңіріп берейін. Мына таудың ішінде жан баласы баспаған жайлар бар. Қызыл Жебені сонда сақтайын. Тіпті оған көнбесең қырғыз асырып жіберейін, тіпті Қоқан асырып жіберейін. Әйтеуір, Тұқымбай таппаса болды ғой саған. Көн мырза. Құлақ ас.

Болыс сәл безірейіп тұрды да:

– Жоқ! – деп басын қатты шайқағанда сақалы селтең ете қалды. – Бұл жыннан жаралған жүйріктің даңқы жердің түбінен де жетеді. Мұны тірідей жасырып болмайды. Тек көзін жойып жіберу ғана – жалғыз жол. Әй, неғып тұрсыңдар, ербиіп, албастыға ұқсап. Бар, Мақашқа көмектес. Жылдам жайлаңдар! – Болыстың шабармандары зыта жөнелді.

Рысқұлдың атына ыршып мінгенінен сескенген болыс:

– Әй, әзір болыңдар! – деп айқайлады.

Рысқұл Шолақты тебініп қалып, шырғанақ арасындағы алаңқайға атырылып жетіп, Қызыл Жебені сауырынан қамшымен тартып-тартып жіберіп еді, жануар ышқынып, аспанға бір-ақ шапшыды. Бірақ Мақаштың қолындағы қыл шылбыр кеңірдегін қырылдатып қысты да, жерге гүрс етіп қайта түсті. Рысқұл шылбырға жармаса бергенде, оң иығы опырылып түскендей, тұла бойы болбырап, әл-дәрмені кетіп, ат үстінен аунап құлап бара жатты.

Боржық Таубай анадай жерде жатқан бақанмен бастан көздеп ұрғаны иығына тиіп, мертікті. Талай сойқан соғыстарда бес-алты адамның сілтеген сойылдарын бойына дарытпай сап-сау шығатын Рысқұл қапыда құлады.

– Байлап тастаңдар иттің баласын! – деді асығып жеткен болыс шабармандарына. Қазақта не көп, арқан көп, әп-сәтте Рысқұлдың аяқ-қолы сіресіп қыл арқанмен байланды да қалды. Бақан тиген иығы астында қалған екен, қақсап қоя берді, шекесіне шырғанақтың сояудай тікені қадалып, сүйегін тесіп, миына сұғылардай бірте-бірте сүңгіп бара жатты.

Обадай дәу Мақаш байлаулы жатқан адамды ақиланып тұрып теуіп кеп қалды. Болыс жекіріп:

– Тиме, жетті енді, – деді. – Бұл ит осы күйінде түрмеден бір-ақ шығады, құдай қаласа. Ал, атты құлатыңдар. Тез бауыздап жіберіңдер де, терісін өртеп, етін мына Шілмембеттің үйінің артындағы сайға апарып тығып тастаңдар, Бесағаштағы үйі ше. Онан арғысын өзім білемін. Бол, жылдам. Қызыл Жебені аяқтарынан арқанмен шалып, төрт адам бірден тартқан кезде есіл тұлпар жерге аспан құлағандай, аспандағы Ай құлағандай гүрс ете қалды.

Қанша дүлей болса да, қанша құлақкесті құл болса да Мақаштың кеуек кеудесінен бір аяныш оты жылт етіп, Қызыл Жебені бауыздарға келгенде қолы қалтырап:

– Апыр-ай, шыннан қиямыз ба? – деп жан-жағына қарады.

Қайдан келгені белгісіз, болыстың Қалдыбегі ербиіп шырғанақ арасынан шыға келді де, қотансиып, аңғал күліп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий